54 Тұрашева С.К., Оразова С.Б., Уəлиханова Г.Ж.
химиялық немесе микробиологиялық жолмен өзгертіле алмайды,
тек қана өсірілетін жасушалар ферменттерінің ықпалымен ақырғы
бағалы өнімге айналып кетеді. Қоректік ортаның құрамы жəне
басқа өсіру жағдайлары өзгеруі арқасында синтезделетін өнім-
дердің мөлшері ғана емес, сапасы да өзгереді, соның нəтижесінде
мүлдем жаңа, негізінде басқаша əсер ететін қосылыстар
пайда
болуы мүмкін.
Өсімдіктер көптеген маңызды заттардың бірден-бір қайнар
көзі болып келеді. Маңызды биологиялық белсенді заттарға: алка-
лоидтар, терпеноидтар, гликозидтер, полифенолдар, полисахарид-
тар, эфир майлары, ерекше пептидтер мен белоктар, таза бояғыш
заттар, стероидтар, дəм татымдық заттар, дəрумендер, илік заттар
жатады. Өкінішке орай, өсімдік шикізатының қоры табиғатта тау-
сылып бара жатыр. Осыны еске алғанда, жасушалық технология-
лардың орны болашақта ерекше зор екенін түсінуге болады.
Фито-
препараттар ұлпа биомассасының су жəне этанолдық сығынды-
лары түрінде жəне биореакторларда өсірілген өсімдік жасушалары-
ның биомассасы түрінде басым, олар келесідей қасиеттерге ие:
қабынуға қарсы (мияшөп, андыз, түймедағы, сəлбен, қызылмай,
т.б.); микроағзаларға қарсы (қырмызыгүл, эвкалипт, шипалы май,
шайқурай, сүйелшөп); иммундық күшейткіш (женьшень, қытай
серменесі, элеутерококк, каланхоэ, дəрілік сермене, құстық самал-
дық, т.б.); антиоксиданттық (мияшөп, салсоколлин, диаскорея).
Технологияларды іске асыру үшін зерттеушілер ең алдымен
жасушалардың жақсы өсуіне жағдай туғызады, яғни биомассаны
жинақтауға, ал одан кейін сол жағдайлардың қосымша метаболит-
тердің синтезіне əсерін зерттейді.
Өсірілетін жасушаларда қосымша заттардың қоры жиналуына
бірнеше
факторлар əсер етеді:
1) өсімдіктердің генотипі;
2) өсірген жасушалардың əртектілігі;
3) фитогормондар;
4) қоректік ортаның минералды жəне органикалық заттар
(мысалы, фосфаттар, нитраттар, көмірсулар);
5) физика-химиялық факторлар – оның ішінде ең маңызды рН
көрсеткіші, жарық, температура, газдың құрамы, араластыру
тəртібі, аэрация (яғни ауамен, оттегімен қамтамасыз ету).
Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер
55
Дағдылы биотехнологиялар бағалы биологиялық белсенді
қосылыстарды алу үшін бүтін ағзаларды пайдаланса, осы заманғы
биотехнологиясы ерікті немесе иммобилденген жасушаларын
(немесе иммобилденген ферменттерді) өсіруге сүйенген жасуша-
лық технологияларға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: