С. Б. Оразова Г. Ж. Уəлиханова «биотехнология негіздері: Өсімдіктер биотехнологиясы»



Pdf көрінісі
бет60/217
Дата31.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#21818
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   217
Байланысты:
ebin.pub 9786010406766

Иммобилденген  ферменттер  (лат.  Immobilis  –  жылжымай-
тын, қозғалмайтын) – табиғи немесе синтетикалық заттардың беткі 
қабатына бекіген немесе полимерлік гельдер құрамына енгізілген, 
қозғалысы  шектелген  ферменттер.  Бекітілген  ферменттерді  қол-
дану  бұрыннан  белгілі,  мысалы, 1916 жылы  Дж.  Нельсон  мен  
Е.  Гриффин  көмірге  адсобцияланған  инвертаза  өзінің  каталитика-
лық  белсенділігін  сақтайтынын  көрсеткен.  Иммобилденген  фер-
менттердің  нативті  ферменттермен  салыстырғанда  елеулі  артық-
шылықтары бар. Мысалы, олар реакциялық ортадан оңай бөлінеді. 
Бұл реакцияны кез келген уақытта тоқтатып, катализатормен лас-
танбаған  өнімдерді  алуға  жəне  фермент  препаратын  бір  немесе 
бірнеше  рет  пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Иммобилденген  фер-
менттердің  технологиялары,  сондай-ақ,  биотехнологиялық  жүйе-
лерді  үздіксіз  жүргізу,  катализдейтін  реакцияның  жылдамдығын 
реттеу  ағынның  жылдамдығын  өзгерту  жолымен,  өнімді  шығару 
мүмкіншілігімен  анықталады.  Иммобилизация  əдістерімен  сəйкес 
тасымалдаушыларын  іріктеп  алу,  ферменттердің  арнайылығын 
көрсететін pH, температурасына  тəуелділігін,  сондай-ақ  денатур-
лаушы əсерлерге тұрақтылығы сияқты қасиеттерін мақсатты түрде 
өзгертуге болады.  
Ферментті арнайы тасымалдаушы (органикалық, бейорганика-
лық,  синтетикалық)  субстратпен  байланыстырады.  Целлюлоза, 
декстран, агароза жəне олардың туындылары сияқты полисахарид-
терді  тасымалдаушы  ретінде  кеңірек  пайдаланады.  Олардың 
ерекшеліктері: əртүрлі функционалды топтарының болуы, жоғары 
деңгейдегі гидрофильділігі, қолайлылығы болып саналады. Соны-
мен қатар қосылыс-тасымалдаушылар каррагинан, альгин қышқы-
лы жəне олардың тұздары альгинаттар төмен температурада қолай-
лы,  белгілі  жағдайларда  гель  түзеді.  Соңғы  жылдардағы  жұмыс-
тарда  тасымалдаушы  ретінде  хитин  мен  хитозанның  пайдаланып 
жүргені жарияланды. Бұл тасымалдаушы иммобилденген фермент-
тердің  белсенділігі  жоғары,  термотұрақты,  бактерияларға  төзімді 


56                                                Тұрашева С.К., Оразова С.Б., Уəлиханова Г.Ж. 
 
келеді.  Ферменттердің  иммобилизациясына  арналған  синтетика-
лық  полимер  тасымалдаушылар – стиролдардың  негізінде  диве-
нилбензол сияқты тігуші агенттер, полиуретан негізінде полимер-
лер  жасалады,  ПААГ,  поливинил  спирті  негізінде  тігуші  агент 
ретінде  глутар  альдегиді  пайдаланылады.  Органикалық  төмен 
молекулалы  тасымалдаушылар – бұл  табиғи  липидтер  немесе 
олардың  синтетикалық  аналогтары.  Липидтік  тасымалдаушылар 
əртүрлі беткейлерде моноқабат түрінде немесе сфера пішінді биқа-
бат (липосома) түрінде пайдаланады. Органикалық емес тасымал-
даушылар – силикагель, саз–балшық, керамика, табиғи минералдар 
жəне  олардың  оксидтері  негізіндегі  саңылаулы  жəне  саңылаусыз 
матрицалар  болуы  мүмкін  жəне  олар  түйіршікті  түрінде  немесе 
монолиттік  түрінде  қолданылады.  Бұл  тасымалдаушылардың  ар-
тықшылығы – оңай регенерацияланады жəне кез келген құрылым-
ды бере алады. 
Иммобилденген  ферменттер  мен  иммобилденген  жасушалар 
биокатализаторлық жүйе ретінде өнеркəсіпте қолданылады. Жыл-
жымайтын  жəне  агар  қосылған  ортада  өсірген  жасушалар  сұйық 
ортада  өсірген  жасушаларға  қарағанда  қосымша  метаболиттерді 
көбірек  синтездейді.  Иммобилденген  ферменттер  мен  жасушалар 
технологияда  ұзақ  уақыт  пайдаланылатын  болғандықтан  биоката-
лиз жүйесі арзанға түседі.  
Жасушаларды 4 тəсілмен:  
1)  жасушаларды  əртүрлі  оқшау  (инерттік)  заттармен  қап-
таумен  (альгинат  гель,  агар,  полиакриламид  гелі  (ПААГ), 
желатинмен, коллагенмен); 
2)  оқшау  заттың  беткі  қабатына  ферменттерді  жəне  жасу-
шаларды адсорбция арқылы орналастырумен;  
3)  оқшау  заттың  беткі  қабатына  жасушаларды  биологиялық 
макромолекулалармен (лектиндермен) «тігумен»;  
4) ферменттерді жəне жасушаларды коваленттік байланыстар 
арқылы  оқшау  субстратқа  орналыстырумен  (мысалы,  кар-
боксиметилцеллюллозаға-КМЦ) (4-сурет)  иммобилдеуге 
болады. 
 


Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер                        57 
 
 
а – жасушаларды инерттік субстратқа ендіру; б – жасушаларды инерттік 
субстратқа адсорбция арқылы бекіту; в – жасушаларды инерттік субстратқа 
биологиялық макромолекулалар көмегімен адсорбция арқылы бекіту;  
г – жасушаларды ковалентті байланыстыру. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   217




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет