С. Б. Оразова Г. Ж. Уəлиханова «биотехнология негіздері: Өсімдіктер биотехнологиясы»



Pdf көрінісі
бет62/217
Дата31.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#21818
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   217
дайындау жұмысының кезеңдері:  
1-кезең.  Экономикалық  жағынан  тиімді  өсімдікті  таңдап  алу. 
Өсіруге алынатын өсімдіктерде бағалы, экономикалық жағы-
нан  маңызды  қосымша  заттары  айтарлықтай  жоғары  мөл-


58                                                Тұрашева С.К., Оразова С.Б., Уəлиханова Г.Ж. 
 
шерде болуы қажет. Əсіресе бұл жағдайдың сирек кездесетін 
немесе жоғалып бара жатқан өсімдіктерге қатысы бар.  
2-кезең.  Іn vitro жағдайына  алғашқы  енгізу.  Ол  үшін  қажетті 
зат жоғары мөлшерде синтезделетін жеке өсімдіктер таңдап 
алынады.  Алдымен  алғашқы  каллустарды  қатты  ортада 
өсіріп алады.  
3-кезең. Биомассада қосымша заттардың саңдық жəне сапалық 
құрамына химиялық зерттеу жүргізу. Бөлініп жатқан каллус 
жасушаларында көбінесе қосымша заттардың мөлшері бүтін 
өсімдіктер  мүшелеріне  қарағанда  аз  болады.  Бұл  тұтас 
өсімдікте қосымша заттардың синтезі цитодифференттеудің 
бақылауында болатындығын дəлелдейді.  
4-кезең.Үйлесімді  қоректік  орта  мен  өсіру  жағдайларын  ірік-
теу.  Қосымша  метаболизмді  белгілейтін  генетикалық  ақпа-
рат жүзеге асу үшін ерекше жағдайлар керек.  
5-кезең.  Жасушалардың  өнімді  штамдарын  шығару.  Жасуша-
лардың түріне тəн ерекше заттарды синтездеу қабілетін жо-
ғары деңгейде сақтау үшін генетикалық деңгейіндегі əрекет-
тер мен жасушалық сұрыптау пайдаланылады. 
6-кезең. Ең жақсы өнімді штамдарды суспензияда өсіру. Қатты 
ортада алғашқы шыққан каллустар сұйық ортаға көшіріледі. 
Өсіру  тəртібі  өзгергенде  штамм өзінің  сапасын  жоғалтпауы 
керек, яғни ол стресс жағдайларына төзімді болуы керек.  
7-кезең.  Өнімді  жəне  тұрақты  штамдарды  өндіріс  жағдайына 
жақын  көлемдері  жүйелі  кеңейтілетін  ферментерде  өсіру. 
Егер жасушалар осындай жартылай өндіріс жағдайында өсу 
қарқындылығын  сақтап,  қажетті  заттың  синтезін,  жинақта-
луын жəне оның ортаға бөлініп шығуын өзгертпесе, бұндай 
штамды ірі масштабтық өндірісте пайдалануға болады.  
8-кезең.  Жасушалық  биомассаны  алу  жəне  оны  бағалаудың 
техникалық регламентін (іс тəртібін) жасау.  
Иммобилденген жасушалармен қатар инженерлік энзимология 
көмегімен  иммобилденген  ферменттерді  пайдаланады.  Иммобил-
денген  ферменттерді  автомат  анализаторда  қолдану,  қөлемді 
сынамалардың талдауын жүргізуге жəне көп көлемді сұйықтықтар 
ағынының көрсеткішін үздіксіз тіркеуге мүмкіндік береді. Əртүрлі 
өндірісте  төмендегі  ферменттердің  иммобилденген  препараттары 


Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер                        59 
кең  қолданысқа  ие:  крахмалдан  глюкозалық  сироп  алу  үшін – 
амилаза; глюкозаны фруктозаға изомерлеу үшін − глюкоизомераза; 
жеміс-жидек шырындарын жарықтандыру үшін − пектинметилэс-
тераза; инверттік қант алу үшін − инвертаза; казеин гидролизаты-
нан  алынған  сүт  ақуыздарын  үздіксіз  коагуляциялау  үшін  −  пеп-
син;  антибиотиктердің  модификациялану  реакцияларын  катализ-
деу  үшін  пенициллинамидазаны  жəне  тағы  басқа  ферменттер 
пайдаланылады. 
Төменгі  сатылы  өсімдіктер – балдырлар – көптеген  биобел-
сенді қосылыстардың көзі. Мысалы, спирулинада ет өнімдері, бұр-
шақтұқымдас  жəне  түрлі  жарнақтарға  қарағанда  В
1
  дəрумені 
əлдеқайда жоғары. Құрамындағы В
2
 дəрумені бойынша жануартек-
тес  өнімдерді  де  артта  қалдырады.  РР  дəрумені  бойынша  спиру-
лина  қара  малдың  бауырын,  бүйрек,  тіл,  құс  пен  қоян  етінен 
біршама жоғары, ал фолацин бойынша ол бауыр, бүйрек, ірімшік 
секілді  тағамдарды  да  артта  қалдырады,  олардың  құрамындағы 
фолациннің 90%-ы  тағамдық  өңдеуден  өткен  кезде  жоғалатынын 
ескерсек,  спирулинаның  табиғи  түрде  пайдалануының  əлдеқайда 
нəтижелі  екенін  көрсетеді.  Спирулина  құрамында  үш  бояғыш-
пигмент  бар,  олар:  каротиноид,  хлорофилл  жəне  фикоцианин. 
Жапон  жəне  американдық  дəрігерлермен  өткізілген  зерттеулер 
фикоцианиннің  ағзаның  лимфалық  белсенділігін  жоғарылататы-
нын  жəне  иммунды  жүйесін  күшейтетінін  көрсетті.  β-каротин – 
тағам  өндірісінде  кең  пайдаланылатын  пигмент.  Көк-жасыл 
балдырдан Ch1orella sp., ашытқылардан (Rhodotorula sp.), актино-
мицеттерден  (Actinomyces sp.),  мукорлық  өңез  Blakeslea trispora-
дан каратиноидтарды алынады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   217




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет