С. Б. Оразова Г. Ж. Уəлиханова «биотехнология негіздері: Өсімдіктер биотехнологиясы»


Өсімдіктердің клондық микрокөбеюі



Pdf көрінісі
бет77/217
Дата31.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#21818
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   217
Байланысты:
ebin.pub 9786010406766

Өсімдіктердің клондық микрокөбеюі деген өсімдіктердің іn 
vіtro  жағдайында  жыныссыз  жолмен  көбеюі.  Соның  нəтижесінде 
пайда  болған  өсімдіктер  (клон)  бастапқы  өсімдікпен  жəне  өзара 
бір-бірімен  генетикалық  байланыста.  Жеке  жасушалардан  бастап-
қы  өсімдік  түріне  тəн  барлық  белгілері  мен  қасиеттері  сақталған 
бүтін өсімдіктің түзілуі клондық көбейту технологиясының негізін 
қалайды. Бұл биотехнологиялық əдістің дағдылы вегетативтік жол-
мен көбеюімен салыстырғанда бірталай артықшылықтары бар: 
1.  Көбею  коэффициенті  өте  жоғары  (шөптектік  өсімдіктерде 
10
5
-10
6
,  бұталарда,  ағаштарда 10
4
-10
5
,  қылқанжапырақты-
ларда 10
4
). Микрокөбеюдің коэффициенті басқа вегетатив-
тік көбею əдістерімен салыстырғанда мыңдаған есе артық. 
Мысалы,  қосжарнақты  əсем  гүлдердің  бір  өсімдігінен  іn 
vіtro  жағдайында  бір  жылдың  ішінде 1 миллионнан астам 
клон өсімдіктер алуға болады.  
2. Микрокөбеюмен қатар өсімдіктер вирустар мен патогендік 
микроағзалардан сауықтырылады. 
3. Сұрыптау үрдісін жеделдету. Жаңа сұрыптарды тез көбей-
тіп, оларды ауылшаруашылық өндірісінде пайдалану мерзі-
мі едəуір қысқарады. 
4.  Вегетативтік  жолмен  көбейе  алмайтын  өсімдіктерді  мыса-
лы,  пальманы  тек  іn vіtro  жағдайында  көбейтуге  болады. 
Осы  əдіспен  өнеркəсіп  деңгейінде  бірқатар  өсімдіктерді 
көбейтеді. 
5. Үнемділік. Арнайы бөлмеде стеллаждарда орналасқан про-
биркаларда жыл бойы мыңдаған өсімдіктерді өсіру арқылы 
жылужайлы алаңы үнемделеді.  
6. Жас өсімдіктерді алу, яғни кəрі дарақтарды жасарту. 
7. Өсу үрдісін жыл бойы үзбеуге болады, əсіресе бұл дамуында 
тыныштық кезеңі болатын өсімдіктерді көбейтуге тиімді. 


Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер                        69 
 Клондық микрокөбейтудің түрлі əдістерін ғалымдар ол кезде 
өтетін  морфогенездің  өзгешеліктеріне  қарай  жіктейді,  əсіресе:  
а) бұрыннан болған меристемалардан өскен өсімдіктер; б) жаңадан 
пайда болған меристемалардан өскен өсімдіктер (5-сурет).  
 
  
 
 
 
5-сурет. Өсімдіктерді клондық микрокөбейту əдістерінің жіктелуі: а – бар 
меристемаларын активтеу; б – бүршік (б) пен эмбриоидтардың (э) 
пайда болуы (Уəлиханова Г.Ж., 2004) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   217




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет