С. Б. Оразова Г. Ж. Уəлиханова «биотехнология негіздері: Өсімдіктер биотехнологиясы»



Pdf көрінісі
бет154/217
Дата31.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#21818
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   217
 
Есеп 4 
CCCAAAAAGATA  нуклеотидтік  қатары  бар  ДНҚ  молекула-
сында жазылған ақпарат негізінде синтезделген ақуыз молекуласы 
монөмірі тізбегін атаңыз. ДНҚ молекуласынан екінші нуклеотидті 
алып тастау ақуыз құрылымында қандай өзгеріске алып келеді? 
 
Есеп 5 
Темекі  теңбілі  вирусы  белогының  бір  бөлігі  төмендегі  амин-
қышқылдар  қатарынан  тұрады:  –  серин – глицин – серин – 


134                                                Тұрашева С.К., Оразова С.Б., Уəлиханова Г.Ж. 
 
изолейцин – треонин – пролин – серин – мРНҚ-ға əсер ету нəтиже-
сінде  РНҚ  құрамында  цитозин  азоттық  негізі  гуанинге  айналады. 
мРНҚ-ға əсер ету нəтижесінде вирустық ақуыздың құрылымында 
қандай өзгерістер болғандығын анықтаңыз. 
 
 
8 т а р а у.  
Жасушалық селекция. Өсімдік жасушаларының 
іn vіtro жағдайында өзгергіштігі 
 
 
Өсірген  жасушаларда  мутацияларды  қоздырып,  оларды 
сұрыптап  алып,  кейін  регенерант-өсімдіктерін  шығару,  генетика-
лық  базисті  кеңейтудің  тағы  бір  жолы,  ол  жасуша  деңгейінде 
өткізілетін  селекция.  Практика  үшін  ең  маңыздысы,  осы  əдіспен 
жоғары  жəне  төмен  температураға,  тұздарға,  гербицидтерге, 
патотоксиндерге  төзімді  мутант  жасушаларын  сұрыптап  алу. 
Мысалы,  ақуыз  бен  ауыстыруға  болмайтын  амин  қышқылдарды 
(лизин,  триптофан,  треонин)  өте  мол  синтездейтін  биохимиялық 
мутанттарды  алу  немесе  ауыстыруға  болмайтын  амин  қышқыл-
дардың  аналогтарына  төзімді  жасушаларды  өсіру  арқылы  теме-
кінің  лизинді 10 есе  артық  синтездейтін,  сасық  меңдуананың 
триптофанды 44 есе  жоғары  синтездейтін  жасуша  линиялары 
алынған.  In vitro  өсірілген  жасушалардың  арасынан  нақтылы  бір 
селективтік  жағдайға  сəйкес  өзгеріске  ұшырап,  пайдалы  қасиетке 
ие  болған  жасушаларды  көбейтіп  сұрыптап  алуды  жасушалық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   217




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет