С. Б. Оразова Г. Ж. Уəлиханова «биотехнология негіздері: Өсімдіктер биотехнологиясы»



Pdf көрінісі
бет156/217
Дата31.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#21818
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   217
Байланысты:
ebin.pub 9786010406766

15-сурет. Жасанды ортада каллустан пайда болған регенерант-өсімдік 
  
In vitro  өсетін  жасушалық  популяцияның  əрбір  жасушасын 
жеке  ағза  деп  теңесе,  бір  тəжірибенің  өзінде-ақ  миллиондаған 
дарақпен айналысуға болады, ал дала жағдайында ең көп дегенде 
ғалым  мыңдаған  ғана  өсімдіктермен  жұмыс  істей  алады.  Моле-
кулалық  жəне  хромосомалық  деңгейлердегі  өзгерістері  мен  ағза 
деңгейінде  белгілердің  өзгергіштігі  арасындағы  байланыстар 
туралы  мағлұматтардың  жеткіліксіздігі  жасушалық  селекция 
жөніндегі  зерттеулерге  үлкен  кедергі  келтіреді,  сондықтан  бұл 
жұмыстар көбінесе эмперикалық жолмен жүргізіледі. 
Селекцияны  (сұрыптауды)  қажетті  бір  бағытта  өткізу  үшін, 
яғни  өсіп  жатқан  жасушалардың  арасынан  белгілі  мутациялары 
(гендік, хромомосмалы, гономдық мутациялар)  бар  жеке  жасуша-
ларды  сұрыптау  үшін  оларды  арнайы  селективтік  ортада  өсіреді. 
Сондай  жағдайда  тек  мутант  жасушалар  ғана  өсе  алады.  Жасу-
шалық селекцияны іске асыру үшін алдымен өсімдік ұлпаларынан 
протопластарды бөліп алады немесе каллус ұлпасынан жасушалық 
суспензияны  алады,  содан  кейін  стрестік  факторы  бар  сұйық 
ортада  өсіреді  немесе  агарланған  ортаға  егеді.  Стрестік  фактор 
ретінде  антиметаболиттерді,  гербицидтерді,  тұздың  гипертони-
калық еретендісін, ауыр металдарды, рН-тың төмен көрсеткіштері, 
осмостық  заттарды,  төтенше  температураларды,  патотоксиндерді 


136                                                Тұрашева С.К., Оразова С.Б., Уəлиханова Г.Ж. 
 
қолданылады  селективтік  факторға  төзімді  клондарды  сұрыптау 
(төзімді клондарды сұрыптап алады), төзімді каллус ұлпаны алады, 
органогенезді  индукциялау,  регенерант  өсімдікті  алады,  соңғы 
кезең  төзімділікті  тексеру  (төзімділікті  тексергенде  іn vitro 
жағдайында  ортадағы  стрестік  факторына  төзімділікті  тексеру 
болады  жəне  экологиялық  стрестік  факторына  (яғни  тірі  патоген-
дерге, топырақтағы ауыр металдарға, қышқыл топыраққа, темпера-
тураға,  ылғалдылыққа  төзімділікті  тексеруге  болады).  Сондай-ақ 
гормондарға,  дəрумендерге,  амин  қышқылдарына  прототрофтық 
немесе  ауксотрофтық  жасушаларды  сұрыптайды,  яғни  сол  заттар 
ортада  болмағанда  немесе  болғанда  ғана  өсе  алатын  жасушалар 
іріктеліп алынады. 
Жасушалық  селекцияның 2 негізгі  əдісі  бар:  тура  селекция 
жəне  кері  немесе  негативтік  селекция.  Тура  селекция  барысында 
өсімдік жасушаларды (немесе протопластарды) стрестік зат қосыл-
ған  ортаға  егіп  өсіреді.  Біраз  мезгілден  соң  жасушалардың  көбі 
бөліне алмай, өсе алмай құриды, тек мутация (делеция, инверсия, 
полиплоидия, анеуплоидия, транслокация жəне т.б.) немесе эпиге-
нетикалық өзгерістер арқасында сол факторға төзімділік көрсеткен 
жасушалар  ғана  тірі  қалады.  Осындай  тəсілді  (тура  селекция 
тəсілін) кейбір метаболиттерді (мысалы амин қышқылын) көп мөл-
шерде түзіп өндіре алатын жасушаларды алу үшін қолданады. Кері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   217




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет