С. Бақырғанидың қисса-дастандары – нәзира дәстүрінің қайнар көзі



Pdf көрінісі
бет12/18
Дата07.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#17084
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
                    Үшбу сағат сізге Мәулімнен жарлық деді-ә [49,51 б.]. 

 

Мұхаммед пайғамбар қызы Фәтимаға: 

 

                    Айтты, ай, ботам, ай, нұр дидарым, Фәтима, 



                     Хақ  тағала жарлығына шара жоқ деді-ә [49,52 б.]. 

 

Хасен мен Хұсайынға:                                           

                                  

Айтты: бұ екеуі дүр әулетім ішінде артығы, 

Нәсіл, әулетім бұлардан тарайды деді-ә. 

Әркім бұл екеуін сүйсе, мені сүйді-білің, 

Кім бұларды сүймесе, ол мені сүймес деді-ә. 

Мен хұд үшбу жаһаннан қылармын сапар, 

Ай, ботамның боталары, хош қалыңдар деді-ә [49,52 б.]. 

 

 Хазірет Садықты қасына шақырып алып: 

 

Айтты, менен үмбетіме айтқыл сен көп-көп сәлем, 



Ұлық-кішік баршасы парманда болсын деді-ә. 

Қоймасын бидарурат сүннетімді зинһар, 

Табиғ алсын олар асхабтарыма деді-ә. 


Қоймасын бес намазын айтқыл ол асхабтарыма, 

Ол Жазымның бұйрығы, бұ бес намаздүр деді-ә. 

Дін ислам ісінде сүннетті қылсын үмбетім, 

Бейәдеп істерден жырақ болсын олар деді-ә. 

Дүниені сүймеу ләзім, дұшман тұтар, ай, үмбетім, 

Шын құл болғай үмбетім  дүниені сүймес деді-ә. 

Асы жафы үмбетім халінен уақаф болың, 

Рақым да шапағат бірла сүріңіздер деді-ә,– [49,52 б.] 

 

деп өсиет қалдырып, үмбеттеріне насихат айтты. Фатима әкесін жоқтап: 

                

Ол заман жылап айтар: Ай, машфақым атам, 

Екі дүниеде менің қамқорым екен деді-ә. 

Жүмләнің қамқоры, ол дүр бұ жаһан, ол жаһан, 

Білдің бе үмбеті хақында не іс қылды-ә [49,53 б.]. 

 

Бұл  үзіндіден  қайтыс  болған  адамды  жоқтап,  өлең  айту  өте  ерте 



заманнан  келе  жатқан  салт  екендігі  көрінеді.  Кейбір  зерттеушілер 

“Бақырғани”  жинағындағы  бұл  қиссалардың  барлығының  авторы  С. 

Бақырғани деп ұққанымен, қисса соңында автор өзі жөнінде: 

 

Шәмсі асы оларды, достар, қадыр көріп, 



Фатиқа бірла салауат такбир айтты-ә,– [49,53 б.] 

 

деп  бұл  қиссаны  жырлаумен  бірге,  дастан  кейіпкерлерін  қадір  тұтып, 



рухтарына Құран бағыштап отырғандығын айта кетеді. 

Шәмсідддин  екінші  қиссасында  енді  Мұхаммед  Мұстафаның  қызы 

Фатиманың өзі өмірден өтер сәтін біліп, бас-көзін жуып, тарай бастайды. Сол 

кезде есіктен жары Әли-Әл-Мұртаза келеді.  



                              


      Фатима жылады: Ай, Хасен, Хұсайын ұлдарым, 

      Ай, көзімнің нұры, көңілім миуасы, келіңдер маған,– [32,53 б.] 

 

деп  балаларын  шақырып,  беті-көздерін  жуып,  тарайды.  Бірнеше  күнге 



жететін нан, қамыр дайындайды. Мұның бәрін көрген Әли таңғалады. Фатима 

оған  мынадай  аманаттар  жеткізеді.  Бірі  –  Әли  зарлап  жылама,  екі  ұлым 

қорықпасын;  екіншісі  –  мені  өз  қолыңмен  жу;  үшіншісі  –  анау  тұрған 

кітабымның  ішінде  бір  қағаз  бар,  соны  мені  лақатқа  қойғанда,  көкірегімнің 

үстіне қой,– деп өсиет етеді. 

Жетім бала туралы келесі бір қиссада Мұхаммед пайғамбар бір баланы 

көріп, жөн сұрайды. Ол өзінің жетімдігін, өзі қатарлы балалар түрлі түйе мініп, 

асыл  тондар  киіп  жүргендігін  айтып,  арман  етті.  Расул:  “Мен  саған  түйе 

болайын,  сен  маған  мін”,–  деп  үстіне  мінгізеді.  Жетім  бала  жүрегі  жарыла 

қуанып, Расулға мінеді. Ол түйелердің даусын естіп, “сен де солай дауыста”,– 

дейді.  Әбубәкір  келіп,  алты  жаңғақ  әкеліп,  балаға  көрсетіп,  Расулды  алты 

жаңғаққа сатып алады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет