Қашан үйге барсаңыз,
Үйге жалғыз кірсеңіз,
Мұңлық анам көрсеңіз,
Сәлем айтың деді-ә.
Анам болар гриан (зарлы),
Перзент хақында бриан (қайғылы),
Не үшін төзгей бұ дертке,
Мұңлық анам деді-ә.
Ботасынан айырылғай,
Қан жастарын ағызғай,
Мұңлық анам деді-ә.
Мұратына жетпеген,
Дидарыма тоймаған,
Мұңын-зарын айтпаған,
Қасірет ішінде қалды-ә.
Анам мені жоқтағай,
Көзден жасын ағызғай,
Сахарларда аһ ұрып,
Көп жылағай деді-ә.
Хақтың үкімі мұндай дүр.
Шара қылып болмай дүр.
Дұғада ұмытпасын,
Анам мені деді-ә.
Хақтың үкімін тұтсын,
Ақ сүтін бахил қылсын.
Елдің ұлы ойнағай,
Мені анам жоқтағай,
Мұңлық анам не қылғай,
Рахым қылың деді-ә.
Аналар зары гриан,
Перзент хақында бриан,
Менің анамдай ана
Қашан болғай деді-ә [49,63 б.].
Исмайыл одан әрі атасымен қоштаса отырып әрі жұбатады:
Сіз һәм мейірбан ата
Біздей ұғылды тұта,
Басым кетер хаматта,
Көзің жұмың деді-ә.
Қатты мұңға қалмаңыз,
Хақ пәрменін қоймаңыз,
Мұңлық бабам деді-ә [49,63 б.].
Ә. Игібайұлының “Көк қошқар” дастанында Исмаилдың қоштасуы
былай берілген:
Ысмағұл айтты: анам-ай,
Жазудан артық бола ма,
Алладан әмір келген соң,
Артыма кеттім қарамай.
Көршіде бір бала ойнаса,
Деп мұңайма бұл қалай?
Анама құдай рақым қыл,
Жаратқан ием, панам-ай.
Разы, хош боп мен барам,
Ренжімеңіз әкем-ай,
Көйлегімді қолыңа ал,
Шүкіршілік айт, Аллаға-ай [121].
“Көк қошқар” дастаны:
Сүннеті пайғамбардың шалған құрбан,
Сауабы ұлық екен айт-құрбанның,
Бір пенде көп жылаған мен шығармын,
Ұлы істі жұрт білсін деп жыр шығардым,– [121]
деп аяқталса, С. Бақырғани өз шығармасының соңын:
Ғашықтарды сынар,
Дертіне дауа берер.
Құл Сүлеймен айтыбан,
Досқа жадгар (естелік) құйды-ә,– [49,64 б.]
деп тәмамдайды.
Құран кәрімнің осы хикаясына байланысты туған қисса-дастандарда
Ибраһим пайғамбар да, әйелі Ажар да Хақ жолына жалғыз перзентін құрбан
шалуға ықтиярлы болады. Баласы Исмайыл да ризашылығын береді. Алла да
шын берілген құлдарын құр қоймайды, Исмайылды тірі қалдырып, орнына
құрбан шалуға көк қошқар түсіреді. Дастанда Алла аса мейірімді де рақымды
деген ой айтылады.
“Бақырғани” жинағындағы келесі бір шығарма “Жарым алма хикаясы”
деп аталады. Жетпіс шумақтан тұратын бұл туындының соңында басқа
қиссалардай емес, авторы көрсетілмеген. Кітапта берілген дастан:
Достарыңызбен бөлісу: |