С. Бақырғанидың қисса-дастандары – нәзира дәстүрінің қайнар көзі



Pdf көрінісі
бет7/18
Дата07.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#17084
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
2018 3. Матбек Н. Монография

Апарып анамға бергіл, 

 

 

Болсын жадгар (естелік) деді -ә [49,62-63 бб.]. 

 

Әкесі  баласының  өтінішін  орындап,  тамағына  пышақты  қойып, 

бауыздамақ болды. Пышақ кеспейді. Екінші рет тағы кеспейді. 

Халил  (Ибраһим)  ашуланып,  пышақты  тасқа  ұрды,  тас  қақ  бөлінді. 

Хақтың пәрменімен пышаққа тіл бітті: 

 

 



 

Сен айтарсың, кескіл деп, 

 

 

Жаппар айтар: кеспегіл. 


 

 

Не үшін оны кесейін, 

 

 

Азап қылар деді-ә [49,64 б.]. 

 

Алла-тағала жұмақтан басы қара, көк қошқар түсірді. Сол құрбандыққа 



шалынды. Қисса соңында: 

 

 



 

 

Исмайылдың әсілінен, 



 

 

Бір ер туар нәсілінен, 

 

 

Ғалам толар нұрынан, 

 

 

Хақ Мұхаммед еді-ә, – [49,64 б.] 

 

деп Исмаил пайғамбардан Мұхаммед тарайтынын айтады. 



Шығыстық  тақырыпқа  қалам  тербеген  шайыр  Шәді  Жәңгірұлы 

“Ибраһим пайғамбардың хикаятын” жыр етіпті. Рабғузидің “Қисса-сұл-әнбия-

й”  еңбегінде  Хақтан  құрбан  шалу  туралы  пәрмен  келгенде  Ибраһим  жүз 

қойды,  жүз  өгізді  құрбандыққа  шалса,  Шәді  Жәңгірұлы  қиссасында  бес  жүз 

қой мен жүз түйені құрбан етеді. 

Шайтан әуелі Исмайылдың анасы Бибі Ажарға бір шал бейнесінде келіп 

азғырады. Анасы Хақ пәрмені солай болса, көңілінің зәредей де ренжімейтінін 

айтады. Қиссада анасының да, ұлының да иман-сенімдерінің таза, діндерінің 

берік екендігіне куә боламыз. Қисса:  

 

 



Ажарға екеулері келді қайтып, 

 

 

Білдірді оқиғаның бәрін айтып, 

 

 

Алланың дәргәһіне шүкір етті, 

 

 

Қуанды, баршасы һәм әуден етіп. 

 

 

 

А, Алла, мүһмін қылың осы айда, 

 

 

Мал сойып, құрбан етер әрбір жайда, 

 

 

Ибраһим Халиліңнің құрбанындай, 

 

 

Баршасын дәргәһіңе қабыл айла, – [120,68 б.]  


 

деп аяқталады. 

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Жаркент өңірінде өмір 

сүрген  ақын  Әбіләкім  Игібайұлының  “Көк  қошқар”  дастаны  “Егемен 

Қазақстан”  газетінде  1999  жылы  12  қарашада  Сәрсенбі  Дәуітұлының 

алғысөзімен  жарық  көрді.  Дастанның  сюжеттік  желісі  Сүлеймен 

Бақырғанидың  “Исмайыл  қиссасымен”  мазмұндас.  Шәді  Жәңгірұлы  мен 

Әбіләкім  Игібайұлының  шығармаларын  белгілі  оқиға  желісін  пайдаланып, 

шығыстың нәзира дәстүрімен жазылған туындылар деп айтуға болады. 

С.  Бақырғанидың  “Исмайыл  қиссасында”  баласы  үш  тілегінің  бірінде: 

“Жүзімді төмен жерге қарат”, – десе, Ә. Игібайұлының дастанында: “Көзіме 

орамал тарт бауыздарда”, – дейді. 

Қазақ халқының әдет-ғұрпына байланысты туған өлең-жырлардың бірі 

–  қоштасу.  Қоштасу  өлеңдерінің  негізінде  қандай  да  бір  қайғылы  оқиға 

жатады.  Ауыз  әдебиеті  үлгілерінде,  мысалы,  “Қобыланды  батыр”  жырында 

Қазанға аттанарда Қобыландымен қарындасы Қарлығаштың, жары Құртқаның 

қоштасуы,  “Қыз  Жібек”  жырындағы  анасының  баласымен,  Төлегеннің  алты 

қазбен және “Қозы Көрпеш-Баян сұлудағы” Ай, Таңсықтың елімен қоштасуы 

сияқты  жиі  кездесетін  өлеңдер  Сүлеймен  Бақырғанидың  “Исмайыл 

қиссасында” төмендегідей үлгіде беріледі: 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет