Көрнекті отандық музыкант жəне педагог Л.А.Баренбойм бҧл іс
педагог-ругинерге сеніп тапсырылған болса, ең озық жҥйе де жеміс
бермейді деп айтқан.
Оқытушының шығармашылық əлеуетін дамыту психологтар
мен педагогтар В. И. Андреев, Т.Г.Браже, Ю.Н.Кулюткин,
М.Г.Мерзлякова, И.О.Мартынюк, В.Г.Рындактың жҧмыстарында
берілген. Көптеген авторлар болашақ педагогтың кəсіби
дайындығын жетілдіруді тҧлғаны дамыту механизмі ретінде
шығармашылықты зерттеумен,
сонымен бірге педагогикалық
шығармашылықтың маңызды сипаттарын бөліп көрсетумен
байланыстырады.
Шығармашылықты жəне оның тҧлғаға ықпалын зерттеу
аясында В.И.Загвязинский, В.А.Кан-Калика, Н.Д. Никандров,
Н.В.Кузьмина жəне басқа да ғалым-педагогтардың зерттеулерінде
педагогикалық шығармашылыққа ҥлкен көңіл бөлінеді.
Ю.Н.Кулюткин шығармашылық - педагогикалық еңбектің ең
маңызды жəне қажетті сипаттамасы деп айтқан. Шығармашылық
педагогикасы, В.С.
Шубинскийдің пікірі бойынша, шығармашыл
тҧлғаның қалыптасу заңдылықтарын анықтайды.
И.Я.Лернер шығармашылықты қоғамдық маңызы бар сапалы
жаңа қҧндылықтарды қҧруға бағытталған болашақ педагог
қызметінің белсенді тҥрі ретінде қарастырады. Педагогикалық
қызметтің шығармашылық сипаты болғандықтан, бҧл қызметті
орындау тəжірибесі де, демек, шығармашылық тəжірибесі де
бар
(И.Я.Лернер, М. Я. Виленский, С. Н. Бегидова, А. М.Дорошкевич,
В.И.Маслов жəне басқалар).
Е.С.Громов, В.А.Кан-Калика, Н.Д.Никандрова, В.А.Моляко,
М.В.Прояев, М.М.Рубинштейн, Ю.Н.Кулюткин, Л. В.Яковлев жəне
басқа ғалымдардың пікірі бойынша, шығармашыл-педагогқа тəн
қасиеттер: бастамашылық, дербестік, ойлау инерциясына қарсы
тҧру қабілеті, жаңаны сезіну жəне оны тануға деген талпыныс,
мақсаттылық,
ассоциациялар кеңдігі, бақылаушылық, дамыған
кəсіби есте сақтау, тəрбиеленушілерді жҧмылдыра алуы, олардың
қызығушылықтарын тҥсіну, қызықтыру жəне қанағаттандыру,
кəсіби шығармашылық ойлау,
шығармашылық педагогикалық
қызметке ішкі ынталандыру, дəстҥрлі емес жеке көзқарас, қиял жəне
интуиция байлығы.
Н.А.Бердяев айтқандай, шығармашылық - бҧл қҧпия.
Шығармашылық қҧпиясы еркіндік қҧпиясы болып табылады.
Еркіндік қҧпиясы тҥпсіз, ол - тҧңғиық.
1
Войтлева Н.А. Болашақ музыка мҧғалім тҧлғасының кəсіби- шығармашылық дамуының
психологиялық-педагогикалық шарттары: автореф. дис. ... пед. ғыл. канд. - Майкоп, 2003.
6-сурет. К.С.Станиславский жҥйесінің негізгі принциптері
Сол сияқты шығармашылық қҧпиясы да тҥпсіз жəне тҥсіну қиын
1
.
Шығармашылық проблемасы – адами болмыстың аспектілерінің
бірі, себебі тҧлға, Н.А. Бердяевтің пікірі бойынша, барлық уақытта
«жасампаз» ретінде көрінеді, шығармашылықсыз Тҧлға болмайды,
шығармашылық іс жҥзінде адами қызметтің барлық тҥрлерін тізіп
өтеді.
Қызметтің, соның ішінде шығармашылық қызметтің сипаттары,
осы немесе басқа
проблеманы шешу барысында бір уақытта
көрінбейді, тҥрлі ҥйлесімдікте жəне тҥрлі кҥшпен көрінеді.
Шығармашылық өзінің тҥрі бойынша əртҥрлі: зияткерлік
теориялық, көркем, техникалық. Ол қарқындылықтың тереңдігі
жəне дəрежесі бойынша – басқа жолды қарапайым табу жəне
міндеттерді шешу əдісінен бастап өзіндік ҥлгіні жасау немесе өзінің
көркем шығармасын жасауға дейін тҥрлі болады. Білім беру
ҥдерісінің шығармашылық элементтерімен
толықтығы оны
тартымды, қызықты етеді, бҧл деген өз кезегінде, таным ҥдерісіне
белсенді - шығармашылық қатынасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Бҧл ретте, М.О. Цукаваның пікірі бойынша, шығармашылық тың
органикалық табиғатын адам-жасаушының табиғаты арқылы
қарастыратын К.С.Станиславскийдің жҥйесі ҥлкен көмек бере
алады
(6 сурет). Бҧл жҥйеде алғаш рет шығармашылықтың санадан тыс,
1
Бердяев Н.А. Еркіндік философиясы. Шығармашылық мəні. — М., 1989
ықтиярсыз ҥдерісін, қызметтегі тҧлғаның дарындылығының
көрінуін саналы тҥрде игеру мəселесі шешіледі.
К.С. Станиславскийдің жҥйесі - актерлық шығармашылық
туралы, сонымен бірге, объективті заңдылықтарға сҥйене отырып,
қабілеттіктерді
қалай өсіру, дамыту, сахналық қана емес, тҥрлі
қабілеттіктерді дамыту туралы ғылым. Ол – шығармашылық
қызметте
барлық
дарындылықтың
«пайдалы
əрекетінің
коэффициентін» арттыру əдісі1.
Тҧлғаның əлеуетті мҥмкіндіктерін жəне ішкі ресурстарын
дамыту, студенттердің шығармашылық бастамасын қарқындату,
олардың болашақ педагогикалық қызметте өздерін толық таныту
болашақ маман тҧлғасының функционалдық қҧрамдастарын жəне
кəсіби - шығармашылық даму қҧралдарын, атап айтқанда, əртістікті
қалыптастыру, актерлық-сахналық біліктілікті меңгеруді зерттеу
қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: