С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері


ПЕДАГОГ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БІЛІМ САЛАСЫНДА



Pdf көрінісі
бет35/134
Дата24.11.2022
өлшемі4,2 Mb.
#52352
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   134
ПЕДАГОГ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БІЛІМ САЛАСЫНДА 
 
Білім алуын тоқтатпаған мҧғалім өмір сҥруін де тоқтатпайды, - 
деген К.Д.Ушинскийдің тҧжырымдамасы, ресейлік кəсіптік білімді 
дамытуда ерекше мəнге ие. Өмірдің өзі ҥздіксіз педагогикалық білім 
мəселесін кҥн тəртібіне шығарды. XIX ғ. неміс педагогы А.Дистервег 
өзінің тəрбиесі мен білім алуына көңіл бөлетін мҧғалім ғана өзгелерді 
тəрбиелеуге жəне білім беруге қабілетті деп жазған болатын. 
А.М.Горькийдің айтуынша, жер бетіндегі ең биік жеке тҧлға - 
адамды тəрбиелеп шығаруда білімнен басқа жол жоқ. Білімсіз жəне 
тəрбиесіз адамның кəсіби дайындығын қамтамасыз етуге, оны 
еңбектің белгілі бір саласына дағдыландыруға болмайды. 1930-шы 
жылдардың аса көрнекті педагогы, еңбектері қазіргі кҥнге дейін 
өміршеңдігін жоймаған А.С.Макаренко педагогикаға ешқандай 
əуестенушіліксіз кездейсоқ келгенін, бірақ ҥйрене келе, өз ісінің 
шебері атанғанын айтқан еді. Егер оған көмектессе жəне ол өзін-өзі 
шыңдаса1, мҧндай жетістікке əр адам жете алады. Қазіргі заманның 
философы Л.Ю.Писарчиктің пайымдауынша, өркениеттің о бастағы 
нарықтық қатынаста өзінің шығармашылық мҥмкіндіктерін жҥзеге 
асыру, бəсекелестермен кҥресу, олжа қуу, қайткен кҥнде де табысқа 
жету, табиғатқа ҥстемдік жасау, дəстҥрлі мəдениетті бағындыру, 
өндірісті жетілдіру ҥшін, яғни табиғатта одан да көп келеңсіз 
өзгерістер енгізетін қуатты техниканы ойлап табуда жас адамға кҥшті 
əсер етеді. «Адам- мырза», «адам-супермен», «адам-миллионер», 
«адам-робот» 
— міне заманауи пірлер осылар. Бҧл қазіргі уақытта қоғамның азғындау 
тенденциясы артып келе жатқанын білдіреді, 

Макаренко А. С. Шығ.: 7 т. —7 Т.. —1958, М



мҧндайда кəдімгі адами қасиеттер мен мақсаттар бҧрмаланып, 
азғындау фарсымен алмасып жатады. Мысалды алыстан 
іздеудің қажеті жоқ, олар газеттерде, теледидарда, 
бейнеөнімдерде, кино, əдебиетте жəне т.б. 

тҧнып тҧр. 
Жас адамға таңдау қажет болады: белгілі отандық философ 
И.А.Ильиннің ойынша, «ие болу», «иемдену», «тҧтыну» 
категорияларымен 
қаруланған 
қоғамның 
идеологиясын 
қабылдап, «рухани азғындау»

немесе философтардың, 
суретшілердің, мəдениет қайраткерлерінің пікіріне қҧлақ асып, 
рухани даму жолына тҥсу. 
Біріншісі жеңіл, көпшілік қабылдаған жол. Бҧл жолмен 
басым көпшілік жҥріп келеді, өйткені ол адамға өмірдің 
заманауи формасына қосылғандай, өркениет жетістігіне, 
мҥдделестердің ҥлкен тобына енгендей, өзі сияқтылармен 
ынтымақтасу жайлылық əкелетіндей сезінеді. Мҧндай адамдар 
көбінесе өздерінің «жекеменшік», «дербес», «бас қамының» 
шегінен шығып кеткен мəселелерге немқҧрайлы болады. Өмір 
мен мəдениеттің фундаментал негізін олар рухани өлшемдерге 
жəне қайнар көздерге бойлаудан емес, биологиялық тҥйсікке 
сілтеме жасаудан іздейді, олардың ойынша, сол арқылы өзін- 
өзі сақтауға, материалдық қамсыздануға, тҧтынушылыққа, 
бəсекелестерден озуға, «аспан астындағы өз орныңды» табуға 
болады. Бҧл адамдарды тыңдасақ — адамзат өркениетінің 
тарихынан адамның ешқандай рухани ізденісін жəне 
ҧмтылысын, шығармашылық азабын, өмірдің мəнін іздеуді, 
өзін-өзі қҧрбан етуді жəне өздігінен адами жетілуді таппаймыз. 
Соған орай, мынадай сауал туындайды: адамзат баласына 
əлеуметтік прогресс кезінде алып кҥш жҧмсап, осындай қара 
дҥрсін шешімге келудің қаншалықты қажеті болды? 
Г. Гегель айтқандай, жоқ, адамның рухы бəрібір дамиды, 
бірақ бізсіз, не болмаса, «біз арқылы». Ол басқа жерде жəне 
басқа уақытта дамиды, бірақ ол өзіне тиесілі ҧлы істерді 
жасайды, ол қоғамды алға бастырады жəне мəдениеттің жаңа 
шынайы мəдениетінің қҧндылықтарын қҧрады. 
М. Монтеньнің айтуынша, ақылды білім біздің санамызды 
да, біздің адамгершілігімізді де өзгертеді. Сондықтан Л.Ю. 
Писарчиктің пікірінше, ресей білімінің мақсаттарының бірі 
адамды кҥнделікті тірліктен мəдениет

əлеміне ауыстыру. 
Білімді адам идеалының орнына мəдениетті адам идеалы 
келеді. 
«Мəдениетті адам» тҥсінігі бір қарағанда қарапайым 
сияқты көрінеді. 
1
Писарчик Л.Ю. Заманауи мəдениеттің дилеммасы : технократизм немесе руханилық? 
// Орынбор мемлекеттік 

Ильин И.А. Айқындыққа жол —1993, М. — 242 б. 

Писарчик Л. Ю. Шығар. көрс. 


Кəдуілгі санада мəдениетті дегеніміз «əдепті, білімді, тəрбиелі 
адам»
1

Жаңа əлеуметтік мəдени тҧлғаны тəрбиелеу — өзгеше жəне 
өте маңызды міндет, ол: адам өмірінің жоғары қҧндылығына 
жеткен жəне мəнін тҥсінетін, адамгершілігі бар адам; қоршаған 
болмысты тануда дамыған қажеттілікке ие, рухани; ҥнемі 
өмірдің мəнін жəне өмірлік ҧстанымды іздеуші, өнермен 
ҥндесетін, өзін-өзі танитын, өзіндік «Менің» жəне ішкі əлемін 
тҥсінетін өзін-өзі жетілдіруші; ой-өрісі дамыған, тҥрлендіргіш 
қызметке қол созатын, жаңа, белсенді өмір мен шығармашылық 
сезіміне ие, шығармашыл; жаңа экономикалық жəне əлеуметтік 
мəдени тҧрғыда (кəсіпкерлік, компьютерлік сауаттылық, тіл 
білімі) жаңа технологиялар мен білімді игерген, кəсіби 
мобильді

прагматикалық тҧлға. 
Соған орай болашақ мамандардың өздігінен білім алуы мен 
өзін-өзі тəрбиелеуі аса маңызды. Өйткені тəрбие адамның өзін- 
өзі тəрбиелеу мҥмкіндігінің тəсілі ретінде Ресейдегі жетілдіру 
процесінің табыс факторы іспетті қарастырылады. Ақырында, 
осыған орай ресейлік керемет дəстҥрлердің бірін еске салу 
артықтық етпейді, кезінде кəсіптік білім ордалары нағыз 
зиялыларды— Ресейдің мақтаныштарын оқытқан жəне 
тəрбиелеген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет