С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАТЫНАС ҚЫЗМЕТІ



Pdf көрінісі
бет40/134
Дата24.11.2022
өлшемі4,2 Mb.
#52352
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   134
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАТЫНАС ҚЫЗМЕТІ 
МЕН ҚҦРЫЛЫМЫ 
А.А.Лобановтың тҧжырымдауынша, педагогикалық қатынас 
адамның кҥнделікті өміріндегі қатынастың барлық қызметін 
атқарады, соның өзінде педагогикалық қатынас қызметінің өзіне тəн 
ерекшеліктері бар. 
1. 
Ақпараттық қызмет қатынас арқылы белгілі бір кҥнделікті, 
оқу-əдістемелік, іздеу, ғылыми-зерттеу жəне басқа мəндегі 
ақпаратты берумен байланысты. Бҧл қызметті жҥзеге асыру 
жинақталған өмірлік тəжірибені, ғылыми білімді өзгертуге ықпал 
етіп, қоғамның материалдық жəне рухани қҧндылықтарына жеке 
тҧлғаның байланысын қамтамасыз етеді. 
Оқыту процесінде мҧғалім оқушылардың алдында ғылым, əдебиет, 
өнер немесе тəжірибелік қызметтің нақты саласындағы негізгі оқу 
ақпаратының көзі ретінде болады. Сондықтан мҧғаліммен қатынас 
оқушылардың сəйкес ақпаратқа сай өзгеруіне ықпал етеді. 
2. 
Тәрбиелік 
қызмет/функция 
педагог 
қызметіндегі 
педагогикалық қатынастың өзегі саналады, ол оқушыларды рухани 
қҧндылықтар, адамдармен мəдениетті қатынасу жҥйесімен 
байланыстыруды көздейді. 
3. 
Адамдардың бірін-бірі таңдауы. Педагог тҧлғаның жеке 
қасиеттерін; əр оқушының физикалық, зияткерлік, эмоционалды 
жəне адамгершілік дамуын; оқу мен еңбектенуге ынтасын; адамдарға 
жəне өзіне қатынасын білуге тиіс. Дегенмен оқушылар да олармен 
жҧмыс істейтін адамның кім екеніне, маман жəне адам ретінде 
мҧғалімнің өзі қандай екеніне немқҧрайлылық танытпайды. Олар 
ҥшін кім жəне олармен қалай қатынасатыны маңызды. Өйткені 
қатынас жəне бірлескен іс- əрекет арқылы педагог пен тəрбиешілер 
бір-бірін таниды. 
4. 
Сол немесе басқа пәндік қызметті ұйымдастыру және 
қызмет кӛрсету: оқыту, өндірістік, ғылыми, танымдық, ойын. 
Қызметтің нақты тҥріне жымдасқан қатынас оны ҧйымдастыру тəсілі 
болып табылады. Сол арқылы педагог оқушылардың танымдық жəне 
тəжірибелік қызметін ҧйымдастырудың тиімділігі жайлы ақпарат 
алады. Сондықтан педагогикалық процесте оқыту ерекше рольге ие: 
тіпті кез келген басты міндетке қызмет ете тҧрып жəне соған қоса 
көмекші роль атқаратын ол осы қызметтің сапасына едəуір ықпал 
етеді. 
5. 
Ӛзге адаммен байланыс қажеттілігін жүзеге асыру. Адамдар 
қатынас арқылы жалғысбастылық жəне байланыссыз қалыптан пайда 
болатын өзінің бойындағы психикалық қысымнан арылғысы жəне 
өзінің қуанышын немесе тіршілігін өзге адаммен бөліскісі келеді. 
Мҧндай қатынасқа достық байланыс, балалық шақтағы 
достарымен, бҧрынғы сыныптастарымен кездесуді мысалға 
алуға 
болады. Адам достарымен кездесу фактісінен, өткен жылдарды 
еске алудағы пікір алмасудан, өзінің тҧстастарының 
табыстарымен өзінің өмірлік жетістіктерін салыстырудан 
қанағаттанады. 


Әріптесті қатынас жасауға бастаушының тәжірибесі мен 
құндылықтарына қатыстыру. 
Бҧл əсіресе ата-аналар мен 
балаларға, мҧғалімдер мен оқушыларға, оқытушылар мен 
студенттерге тəн. Балалар мен оқушыларды олардың 
көзқарасына, сеніміне, адамгершілік нормаларына, яғни 
ересектердің өмір қҧндылықтары болып табылатын- дарға 
қатыстыру ата-аналар мен педагогтардың миссиясы болып 
табылады. Қазіргі заманғы оқушылар ересектерге қарағанда 
радиотехниканы жақсы біледі, шет тілдерін меңгерген, дербес 
компьютерде жҧмыс істей алады, спорт пен өнерде жоғары 
нəтижелерге жетеді. Сонымен қоса олар өз тəлімгерлерімен 
арнайы білімдерімен жəне өнерімен, тəжірибелерімен бөлісіп, 
өзінің қҧндылықтар жҥйесін бере алады. Ақылды ата-аналар 
мен педагогтар өз балаларының оқушысы ролін ҥлкен 
қызығушылықпен атқарады, олар соның арқасында өзара 
қосымша «тҥйісу нҥктелері» пайда болатынын жақсы біледі. 
6. Қатынас жасауға бастаушыны әріптесінің құндылықтарына 
қатыстыру. 
Бҧл процесс өзін-өзі тəрбиелеу дегенді білдіреді, 
яғни қатынас жасауға бастаушының өзін қалыптастыру 
процесі, өзге адамның қҧндылығына бағдарланған өзіндік 
«Менін» қҧру процесі. Оқитын адам ретінде бҧл жерде əкесі, 
анасы, мҧғалімі, досы, сҥйгені, музыкадағы немесе спорттағы 
пірі бола алады. 
Оқушы өзі ҥшін маңызды піріне бейімделіп, пірінің сыртқы 
ерекшеліктеріне де (киім, шаш, жҥріс-тҧрыс өзгешелігі), 
сондай-ақ оның көзқарастары мен ҧстанымдарына (бəстесуде 
қандай бағытты ҧстанды, нені жақсы көреді, нені жек көреді) 
да бейімделеді. Сол арқылы ол оған жақындай тҥседі де, өзге 
адамның қҧндылықтарын өзіне меншіктейді. 
Егер пірі мҧғалім болса, онда оқушы оның сыртқы жҥріс- 
тҧрыс ерекшеліктерін ҥйреніп қана қоймайды, оның 
адамгершілік тҥсініктері, атап айтқанда парыз, жауапкершілік, 
абырой сияқты тҥсініктерін де бойына сіңіреді. Бҧл өз кезегінде 
педагог ҥшін өз оқушыларының алдында маңызды тҧлғаға 
айналудың қаншалықты мəні бар екенінің тағы бір дəлелі. 
7. Баланы қатынасқа шақыру 
— педагогикалық қатынас 
қызметінің бҧл тҥрін өздерінің педагогикалық технология 
бойынша еңбектерінде В.Ю.Питюков пен Н. Е. Щуркова
1
көрсетеді. Бҧл жерде баланы қатынасқа шақыруға деген 
ынтасын ояту, психологиялық қыспақтан шығару, белгісіздік 
алдындағы қорқынышын жою, өз бағасы мен өзіне сенімділікті 
жоғарылату,өзге адамның, соның ішінде мҧғалімнің оған деген 
қатынасының дҧрыстығына көзін жеткізу аса маңызды. 
Питюков В.Ю. Педагогикалық технология негіздері. — М., 1997; Щуркова Н.Е. 
Педагогикалық технология бойынша практикум. — М., 1998. 


Бҧл қызмет педагогтың балаларға «өзін көрсете алуымен» 
байланысты, олардың сеніміне кіру, өзінің ниеті адал жəне 
пиғылы жақсы екеніне олардың көзін жеткізу. 
8. Серіктестік функциясы/міндеті 
əріптесті (оның ішінде, 
оқушыны) қатынасқа шыққанда қолдауға көмектеседі. 
Оқушыға деген қызығушылықты оята білу, өзіңмен 
əңгілемелесуші адамды тыңдай білу, өзіңнің көмегіңді ҧсыну 
өте маңызды. Серіктесу арқылы мҧғалімге оқушының ішкі 
əлемін жақсы тҥсінуге болады, əйтпесе өзіңнің «Менің» 
арқылы өзіңнің ішкі əлеміңді ашуға тура келеді. 
9. Оқушының 
жеке 
басын 
жоғарылату. 
Бҧл 
функцияны/міндетті жҥзеге асыру тəрбиеленушіні жаңа пайда 
болған руханилыққа дейін жоғарылатуға мҥмкіндік береді. 
Нəтижесінде педагогпен қатынасқан 
оқушыда айналасындағы адамдарға мейірімді, батыл, мҧқият, 
басқа да жақсы қасиеттер мен мінез-қҧлыққа ие болуға деген 
ҧмтылыс пайда болуы тиіс. 
Соған орай, қатынас арқылы тҥрлі міндеттер/функциялар 
жҥзеге асады, олардың əрбірі педагогтың

кəсіби қызметінде 
мəнге ие. 
Педагог пен оқушының өзара əрекеті белгілі бір уақытта 
шектеулі болады, сабақтардың ҧзақтығы сол немесе өзге 
шаралардың шектеулігіне ие. Педагогикалық қатынастың 
қҧрылымы педагог пен тəрбиеленушінің тікелей байланысына 
саймайды, ол басқа да қатынас тҥрлерін қамтиды. 
Психологияда 
қатынас 
негізгі 
ҥш 
қызметті 
— 
коммуникативтік, интерактивті жəне естілім қызметін

(10 сур.) 
атқарады делінген. 
10-сур. Қатынас қҧрылымы 

Лобанов А. А. Кəсіби-педагогикалық қатынас негіздері: оқу қҧралы. 

Гамезо М.В., Домашенко И.А. Психология атласы: курсқа арн. ақпар-əдіст. қҧрал. 
«Адам психологиясы». — 2004. М. 


В.А. Кан-Калик пен Н.Д.Никандров бірнеше кезеңді бөліп 
қарастырады. 
1. 
Болжамалы кезең — педагогтың алда болатын сыныппен 
кездесуін, балалар мен ересектермен аудиторияда жҧмыс істеу 
процесін ҥлгілеуі. 
2. 
Қатынастың бастапқы кезеңі — сыныппен, аудиториямен 
олармен өзара əрекет басталғанға дейінгі тікелей қатынасты 
білдіреді. 
3. 
Дамыған педагогикалық процесте қатынасты басқару. 
4. 
Қатынастың іске асқан жҥйесін сараптау жəне алдағы 
қызметтегі қатынас жҥйесін ҥлгілеу
1

Адами қарым-қатынастар, оның ішінде қҧрамына тəрбие 
мен оқыту кіретін білім процесінде алдымен субъект-субъектік 
негізде қҧрылады, мҧндайда қос тарап қатынас процесінің 
қатысушылары мен жеке тҧлға тең дəрежеде болады. Осындай 
шарт сақталғанда жекеаралық қатынас орнайды, соның 
нəтижесінде диалог қҧрылады, яғни бір қатысушының өзгеге 
ықпал етуде ашықтығы мен зеректігі басым болады. 
Н. В. Кузьминаның айтуынша, өзіндік жҧмыстың басынан- 
ақ дамыған коммуникативтік, ҧйымдастырушылық икемге ие 
болып, іске жауапкершілікпен қарауға ҥйренгенде ғана педагог 
кəсіби-педагогикалық қызметте ҧзақ, өмір бойы қала алады
2



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет