информации о собственных накоплениях.
центром, а также получать информацию об ЕНПФ.
языках. Для того чтобы его авторизовать, надо
чик входит на сайт АО «ЕНПФ».
получить данные для авторизации.
и Apple сертификатами разработчика.
На 150-м месте
дольше всех живут в Грузии (90 место) – 75 лет.
ний возраст жителя страны-материка 82,07 года.
ют в среднем всего до 49-50 лет.
Техосмотр по-новому
трены некоторые изменения.
тыс. из них (52 тыс.
го раза. При этом в
тивных районов.
ботку информации.
ние порядка проведения техосмотра.
тября 2014 года.
Избегать контактов
с верблюдами
завоза инфекции из ближневосточного региона.
странах и сроках пребывания.
8
16 мая 2014 года № 19
Шахтинский
вестник
V шақырылған Шахтинск қалалық мәслихаттың XXVII сессиясының 2014
жылғы 17 сәуірдегі № 1038/27
ШЕШІМІ
Әлеуметтік көмек көрсету
туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi «Қазақстан Республикасында
мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», 2002 жылғы 11 шiлдедегi «Кемтар балаларды әлеуметтiк
және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы»
Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға
жұмсаған шығындарды өтесін (бұдан әрi - әлеуметтiк көмек).
2. Әлеуметтiк көмек әр мүгедек балаға тоқсанда алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
берiлсiн.
3. Әлеуметтік көмек көрсетудің келесі тәртібі белгіленсін:
1) мүгедек балаларға әлеуметтiк көмек (толықтай мемлекет қамтамасыз ететiн мүгедек
балалар және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан
басқа) үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек балалардың ата-анасының бiреуiне және
басқа заңды өкiлдерiне отбасы кiрiсiне тәуелсiз берiледi;
2) әлеуметтiк көмек өтiнiш бiлдiрген мерзiмiнен бастап «Қарағанды облысы бiлiм басқармасы»
мемлекеттiк мекемесi жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық
кеңестiң қорытындысында белгiлеген мерзiм аяқталғанға дейiн берiледi;
3) әлеуметтiк көмектi төлеу қаржыландырудың түсуiне байланысты өткен айға жүргiзiледi.
Әлеуметтiк көмек төлеудi тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың
18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектiктi алып тастау), төлемдер сәйкес
жағдайлар туындағаннан кейiнгi айдан бастап тоқтатылады.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі және 2014 жылғы 1 ақпаннан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.
Ж.Мамерханова, сессия төрайымы
Ә.Сатова, мәслихат хатшысы
«КЕЛІСІЛДІ»
Р.Меллятова, «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Шешім Қарағанды облысы Әділет департаментінде тіркелген 11.05.2014 жылғы № 2635.
V шақырылған Шахтинск қалалық мәслихаттың XXVI сессиясының
2014 жылғы 14 сәуірдегі № 1024/26
ШЕШІМІ
Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
Қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік
қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi.
Е.Керимкулов, сессия төрағасы
Ә.Сатова, қалалық мәслихаттың хатшысы
«КЕЛІСІЛГЕН»
Р.Меллятова, «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Шешім Қарағанды облысы Әділет департаментінде тіркелген 11.05.2014 жылғы № 2634.
2014 жылғы 14 сәуірдегі
қалалық мәслихатының
XXVI сессиясының
№ 1024/26 шешімімен
бекітілген
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары
1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2001
жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылдың 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын
бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) атаулы күндер- жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан
Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек
көрсетуге үміткер тұлғаның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Шахтинск қаласы әкімнің
шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі - ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең
төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы -отбасының жиынтық
табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты
іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
7) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс - тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз
бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек
көрсетуді жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы
бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;
9) уәкілетті ұйым - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған
Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
10) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген тұлғалардың (отбасылардың)
материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік -
аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
11) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Әлеуметтік көмек Шахтинск өңірінде тұрақты тұратын азаматтарға ұсынылады.
4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде мұқтаж азаматтардың же-
келеген санаттарына (бұдан - әрі алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сонымен
қатар атаулы күндер және мерекелік күндерінде жергілікті атқарушы органдармен (бұдан - әрі
ЖАО) ақшалай және табиғи түрінде ұсынылатын көмек болып түсіндіріледі.
5. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары
мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктер мен оларды
әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы
13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16-ба-
бында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндердің және мерекелік күндердің тізбесі:
1) 9 мамыр - Жеңіс күні;
2) 1 маусым - балаларды қорғау күні;
3) 1 қазан - Қарттар күні;
4) Мүгедектер күні (қазанның екінші жексенбісі);
5) 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні.
7. Учаскілік және арнайы комиссиялар, өздерінің іс-әрекетін облыстық атқару органдарымен
(республикалық маңызы бар қала, астана) бекітілетін ереже негізінде атқарады.
Арнайы және учаскілік комиссия туралы үлгілік ережелер орталық атқарушы органмен
бекітіледі.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеумметтік
көмектің мөлшерін белгілеу тәртібі
8. Әлеуметтік көмек алушылардың тізбесі:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
2) Ұлы Отан соғыс жылдарында тылда мінсіз әскери қызмет және қайсар еңбегі үшін бұрынғы
КСР одағы медальдары және ордендерімен марапатталған тұлғалар, оның ішінде «Германияны
жеңгені үшін» марапатталғандар;
3) қоршаудағы Ленинград тұрғындары;
4) Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штаб-
тарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Кеңес Армиясының, Әскери-теңiз флотының,
бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының
ерiктi жалдама құрамаларының адамдары;
5) фашистік лагерлердің кәмелетке толмаған тұтқындары;
6) қайта некеге тұрмаған, мерт болған әскери қызметшілердің жесір әйелдері;
7) Ұлы Отан соғысында қайтыс болған және соғыс мүгедектерінің әйелдерi (күйеулерi),
соғысқа қатысып, қайтыс болғандардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың,
«Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен
наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және
басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған
азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi);
8) 6 айдан кем емес Ұлы Отан соғыс жылдарында жұмыс жасаған азаматтар (басып алынған
аумақтағы жұмыстан басқа);
9) Чернобыль АЭС-індегі және басқа да ядролық нысандарда апатты жойған қатысушылар;
10) басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап
айтқанда: бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң
аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Кеңес Армиясының, Әскери-теңiз флотының,
Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер
министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен
кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп
жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге
жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн
ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына
қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын
қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен
наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;
11) мерт болған сарбаздардың отбасылары;
12) 75 жасқа келген және асқан азаматтар;
13) 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;
14) 16 жастағы дейінгі мүгедек - балалар, 16 бастап 18 жасқа дейінгі мүгедек - балалар;
15) аз қамтылған азаматтар (отбасылар);
16) амбулаториялық емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар «туберкулез» ауруы болса.
9. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта
бір рет) көрсетiледi.
10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік
көмектің мөлшері облыстық ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
11. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін
мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян
келтiру не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;
3) жергiлiктi өкiлдi органдар ең төмен күнкөрiс деңгейiне еселiк қатынаста белгiлейтiн шектен
аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негiздеме болып табылады.
12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарға әлеуметтік көмектің шекті өлшемі 85
айлық есептік көрсеткіштен аса алмайды.
13. Апатты оқиға немесе өрт, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекті
ұсынумен хабарласқан азаматтардың өтініші көзделген жағдайлардың туындаған күннен бастап
алты айдан кешіктірмей уәкілетті органмен қарастырылады.
14. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия
жергілікті бюджет қаражатын ескере отырып айқындайды, және оның әлеуметтік көмек көрсету
қажеттілігі туралы қорытынды көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
15. Әлеуметтік көмек атаулы күндер және мереке күндеріне, алушылардан өтініштер талап
етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынысы бойынша ЖАО бекітетін тізім бой-
ынша көрсетіледі.
16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің не-
месе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке
қоса мынадай құжатарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) тұлғаның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
17. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларға және көшірмелерде ұсынылады, содан
кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
18. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен
кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш
берушінің құжаттарын тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін
учаскелік комиссияға жібереді.
19. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге
тексеру жүргізеді, тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, тұлғаның
(отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды
уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған
күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
20. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек
көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
21. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға
мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзгеде уәкілетті орган-
дар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
22. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар
келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және
құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
23. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік
көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік
көмектің мөлшерін көрсетеді.
24. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен
бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек
көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметік көмек көрсету не көрсетуден
бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 20-және 21-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган
өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен
бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы
шешім қабылдайды.
25. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған
шешім туралы (бас тартқан жағдайда-негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша
хабардар етеді.
26. белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде
қайта көрсетілмейді.
27. Өмірлік қиын жағдайдағы азаматтарға отбасының жан басына шаққандағы орташа табы-
стын есебімен, отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табыстын шегі - ең төмен
күнкөріс деңгейі облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық
органдар есептейтін мөлшері орнатылады.
28. Әлеуметтік көмек уәкілетті органмен банк операциялардың тиісті түрлеріне қаржылық
ұйымдардың және қаржылық нарықты бақылау және реттеу бойынша уәкілетті органның лицен-
зиясы бар, ұйымдарда ашылған банк шоттарына аудару жолымен екінші деңгейдегі банктарға
ақшалай түрде ұсынылады.
29. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру қаланың бюжетінде көзделген
қаражат шегінде жүзеге асырылады.
30. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас
тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету
үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: