С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009


§ 34. XVI—XVII ғасырдың бірінші жартысындағы



Pdf көрінісі
бет142/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   162
§ 34. XVI—XVII ғасырдың бірінші жартысындағы 
Африка  мемлекеттері
1. Еуропалықтардың Африкаға енуі.
2. XVI ғасырдағы жəне XVII ғасырдың ортасындағы Мали, 
    Сонгай, Канем-Борну мемлекеттері.
3. Ойо, Бенин,  Алтын жаға жəне Піл сүйегі мемлекеттері 
    кейінгі орта ғасырларда.
4. Ашанти конфедерациясы.  Эфиопия жəне Судан XVI—XVII 
    ғасырларда. 
5. XVI—XVII ғасырлардағы Көларалық мемлекеттерінің 
    экономикалық-əлеуметтік жағдайлары. 
6. Мономатапа, Мадагаскар жəне Конго өзені жағасындағы 
    мемлекеттердің ішкі, сыртқы жағдайлары.


354
355
ХV ғасырдың екінші ширегінен бастап Батыс Африканың 
мұхит жағасындағы аудандарына еуропалықтар, негізінен пор-
тугалдықтар мен испандықтар ене бастады. 1434—1482 жылдары 
аралығында олар Бахадор мүйісінен Конго өзеніне дейінгі жа-
ғалықты аралап шықты. Португалдықтардың 1460—1469 жылдары 
отарлаған Көгілдір Мүйіс аралдары Батыс Африкадағы ең алғашқы 
құл саудасының базасына айналды.
Португалдықтардың Батыс Африкаға ағылуы əсіресе 1475 жыл-
дан кейін күшейді.  Осы жылы Лиссабондық көпес Фернан Гомиш-
тің экспедициясы Анкобр мен Вольта өзендерінің төменгі саласында 
алтынға бай елді анықтаған болатын. Бұл ауданда тұратын фанти 
тайпасы португалдық көпестердің африка халықтары арасындағы 
ең бірінші құрбаны болды.
Алтын  жағадағы  өз  позициясын  тез  нығайту  үшін  1482  жылы 
Сан-Хорхе-да-Мина /қазіргі Элмина/ деген тастан қаланған форт /
бекет/ салды. Алғашқы кезде Африкадан тек алтын ғана тасылды. 
Құл сату онша кең өріс ала қойған жоқ.
Латын Америкасының жергілікті халықтарын қырып-жою 
арқылы жүргізілген Америка континентін жүйелі түрде отар-
лауға, ондағы плантациялық шаруашылыктың кең өріс алуына 
байланысты  өте  көп  жұмыс  күші  қажет  болды.  Ол  күштің  көзі 
Африканың жергілікті халықтары болды. Батыс Африка бірнеше 
жүз жыл бойына тегін жұмыс күшінің резервуары болып, үлкен Құл 
саудасы рыногына айналды.
ХVІ ғасырдың аяғына дейін Португалия Батыс Африка 
жағалауына орныққан ең бірінші еуропалық ел болды. Бірақ 
португалдықтар көпке дейін материктің ішіне терең ене алмады.  
Тек Сенегал мен Гамбияның арасына ғана біраз енді. Осы өзендер 
арқылы португалдықтар 1534 жылы Малиге, 1565 жылы — Том-
буктаға жетті. Сенегал мен Гамбия арқылы португалдықтар ішкі 
мандинг рыноктары — Кантора мен Бамбукке жетті. Бұл жердегі 
ірі мемлекеттерді португалдықтар басып ала алмады. Олардың 
басты назары Төменгі Гвинея өзенінің жағалауларына ауды /Сьерра 
Леонеден Камерунға  дейін/. Олар бұл жағалауды төрт зонаға бөлді:
1.   Перечный жағалауы. 
2. Піл сүйегі жағалауы. 
3. Алтын жаға. 
4. Невольничий жағасы /Вольта өзені мен Нигер атырауы ара-
лығы/.
Португалдық көпестер, əсіресе Алтын жаға мен Неволь-
ничий жағасында зор белсенділік көрсетті. Элминадан басқа 
португалдықтар Аксимде, Шамда т.б. жағалық пункттерде бірнеше 
жаңа форттар салды. Онда барлық сауданы шоғырландырды. ХVІ 
ғасырдың басындағы португадықтардың Африкада өндіретін алты-
ны дүниежүзілік алтын өнімінің 1/10-ін құрады. Жағалық жергілікті 
халықтар португалдықтармен сауда қатынасында белсенді болды. 
Бірақ алтынды португалдықтар өте арзанға алып отырды.
Оңтүстік Нигерияның жағалауы алғаш португалдықтар на-
зарына онша іліге қойған жоқ. Күшті Иоруб мемлекеттері ішкі 
аудандарға жылжуға берік тосқауыл болды. Бенин мемлекеті пор-
тугал тауарларының орнына Еуропа рыноктарында өте жоғары 
бағаланатын келімдəрі беріп отырды.
1486 жылы португал көпестері Гватода Бениннің экспорттық пор-
тына айналған сауда пунктін ашты. Бірақ 1506 жылы бұл пункттің 
маңызы болмай қалды. Себебі Африка келімдəрісінен түсетін табыс 
индия келімдəрісінің табысынан əлдеқайда аз болды. Сондай-ақ 
португалдықтар тауарлары бениндіктерде өте төмен бағаланды.
Фернандо-По жəне Сан-Томе аралдарына бекініп алып, 
 
португалдықтар қант тростнигін өсіретін плантациялық ша-
руашылықпен айналысты. Оларға бұл шаруашылық үшін жұмысшы 
күші керек болды. Сол себепті құл саудасы кең өріс ала бастады. 
Ал  құлдарды  Нигер  дельтасы  мен  Оңтүстік  Нигерияның  басқа 
аудандарындағы ұсақ тайпалармен жиі соғысып отыратын Бенин 
көптеп сата алды. Португалдық көпестер құлдарды қант планта-


356
357
цияларына жақын Алтын жағаға апарып, алтынға айырбастап от-
ырды. Португалдық құл саудасы, əсіресе ХVІ ғасырдың аяғында 
Бразилияны отарлай бастағанда кең қанат жайды.
Бұл кезде Испания мен Англияның, Францияның Америкада ба-
сып алған басқа да аудандарында плантациялық шаруашылық тез 
қарқынмен дами бастады. Құл еңбегіне сұраныс бірнеше есе өсті. 
Еуропа елдерінің арасында Африкадағы жұмысшы күшінің рыно-
гын басып алу үшін қызу күрес басталды. Бұл күресте Португалия 
өте күшті Еуропа мемлекеттерімен қақтығысты. Бұл күрестің ба-
сты құрбаны, əрине, африкандықтар болды. ХVІІ ғасырда құлдар 
мен Африка жерлерін басып алу үшін ешбір заңға бағынбаған 
қарақшылық соғыстар басталды. Тек 1530—1600 жылдар аралы-
ғында ғана португалдықтар Америкаға 900 мың африкандықтарды 
апарып сатты.
1610 жылы португалия монополиясы голландтар бəсекелестігіне 
шыдай алмай, жеңіліске ұшырай бастады. Голландтар Вест-Индия 
компаниясын ұйымдастырып, Батыс Африка жағалауындағы 
португалдықтардың сауда бекеттерін басып ала бастады. 1642 жылға 
қарай Аргуин, Гори, Сан-Томе порттары голландтар қолына көшті. 
Олар португалдықтардың Алтын Жағадағы порттарын да басып 
алды. 1648 жылы португалдықтар біраз уақыт тəуелсіздігін жеңіп 
алған Сан-Томені қайтадан өзіне қаратып алды. Бірақ Атлантикадағы 
құл саудасындағы Португалияның монополиясы біржолата жойыл-
ды. Оның орнын Голландия басты. ХVІІ ғасырдың бірінші жарты-
сынан бастап Голландия Испанияның Америкадағы отарларына 
негізгі құл жеткізуші делдал болды.
Голландия үстемдігі де ұзаққа созылмады. ХVІІ ғасырдың 
екінші жартысында отар үшін күреске Англия мен Франция 
кірісті. Бұл елдердің плантаторлары құлдар үшін алтын сұрайтын 
португалдықтардың делдалдығынан құтылып, құл саудасының 
негізгі рыноктарын басып алуға тырысты. Англиямен, Франциямен 
қатар құл саудасына Еуропаның басқа елдері — Швеция, Дания, 
Бранденбург  те  кірісті.  Сөйтіп,  ХVІІ  ғасырдың  екінші  жартысы 
мен бүкіл ХVІІІ ғасырдағы Еуропаның басты державаларының 
арасындағы қайнаған бəсекелестіктің өзекті мəселесі — құл 
саудасындағы үстемдік болды. Бұл күрестің аренасы Африка 
континенті, əсіресе Батыс жəне Орталық Африка аудандары болды.
Англия мен Франция африкандық құлдармен саудада үстемдік 
құқы берілген ірі сауда компанияларын құрды. Мұндай компания-
ны Франция 1664 жылы құрса, Англия 1672 жылы құрды. Ағылшын 
компаниясы «Корольдік африкандық компаниясы» деп аталды.
Француздардың сауда экспансиясының тіреніш пункті Сенегал 
болды. Мұндағы алғашқы француз бекеті 1630 жылы салынды, 
ал кейінгі жылдары Сен-Луи аралында бекет салынды;  голланд-
тардан  Аргуин  жəне  Гори  форттары  тартып  алынды.  Гори  бірте-
бірте француздықтардың Батыс Африкадағы басты теңіз базасына 
айналды. ХVІІ ғасырда Америкаға 2 млн. 750 мың құл апарылып, 
сатылды.  Оның  2/3-ге  жуығы  Батыс  Африкадан  болды.    Əрбір 
6-шы африкандық жолда қаза тауып отырды. Құл саудасы Африка 
континентінің, əсіресе Батыс Африканың халық санын кемітті. 
Африка континенті келешегі зор жап-жас жұмыс күшінен айрыл-
ды.
Құл саудасы Батыс Африка елдерінің экономикасына, саяси 
жағдайына орны толмас зиян келтірді: өндіргіш күштер тоқырауға 
ұшырады, континенттің солтүстік облыстарымен дəстүрлі 
сауда-саттық байланыстары үзілді, ірі мемлекеттер құлдырауға 
ұшырады.
Батыс Африканың қорғаныс қабілеті əлсіреді, Африка мемле-
кеттерінің құл саудасына қатысқан үстем таптарының азғындауы 
байқалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет