С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009


ХVІ—ХVІІ ғасырлардың ортасындағы Мали



Pdf көрінісі
бет143/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   162
ХVІ—ХVІІ ғасырлардың ортасындағы Мали. ХVІ ғасырда 
Мали онан əрі ыдырап, құлдырай берді.  Оның ең басты қарсыласы 
Сонгай патшалығы болды. 1498—1499 жылдарда сонгайлықтар ірі 
Баган облысын жаулап алды. 1500—1501 жылдарда Малиге тəуелді 
Диар патшалығы, 1506—1507 жылдарда Малиге тəуелді Галам 
мемлекеті тартып алынды. Малидің батысынан да шабуыл жасал-
ды. 1530 жылы Малиге тəуелді алтын өндірісінің орталығы Бамбук 
мемлекетін Текрур патшалығы жаулап алды. Мали патшасы ІІ-
Мамаду 1534 жылы португалдықтардан көмек сұрауға мəжбүр бол-
ды. Португалия елшісі Перес Фернандес екі ортадағы татуластыру-
шы рөлін атқарды. Текрурліктер 1535 жылы басып алған жерлерінен 
кеткенімен, Бамбук Малиге қайта бағынбай, тəуелсіздігін алды. 
1546 жылы Сонгай патшасы Дауд біраз уақыт Малидың астанасын 
оккупациялап тұрды.
Мароккандықтардың Суданның солтүстігіне шабуылы, Сонгай 
патшалығына қарсы күресі Сонгайлықтардың Малиден кетуіне се-
беп болды. Бірақ ХVІІ ғасырда Малидың басқа жауы — бамбар тай-
палары пайда болды. Олар 50 жылдай Малидың қол астында болып, 
1600 жылы Сегу облысында өз мемлекетін құрған еді. Діні жағынан 
анимистер бола тұрып, бамбарлар 1645 жылы Малидың мұсылман 
патшаларына қарсы соғыс жариялап,  оның оңтүстік провинцияла-
рына шабуыл жасай бастады.


358
359
1670 жылға қарай бамбарлардың айтарлықтай күшті Сегу мем-
лекеті құрылды. Битон Құлбала басқарған кезде Сегу патшалығы 
Малиден Сансадинг, Массин, Баган облыстарын жаулап алды. 
Мароккандық патша əскерінің қалдығымен шайқасып, Битон 
Құлбала Женне жəне Томбукты облыстарын басып алды.
Сол кездерде Каартте екінші бамбарлық мемлекет пайда болды. 
Оны Сунса Құлбала басқарды. 3 жыл бойы /1667—1670/ Мали бам-
бар əскерінің шабуылына төтеп берді. Бұл күрес Малиды өте қатты 
əлсіретіп, кішкентай князьдыққа айналдырды. Оның аумағы Кейт 
əулетінің иелігі — Кангаб ауданымен ғана шектеліп қалды. Мали 
енді /ХVІІ ғ./ Африка континентінде елеулі саяси рөл атқара алма-
ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет