С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009


Алтын Жаға, піл сүйегі мемлекеттері



Pdf көрінісі
бет147/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   162
Алтын Жаға, піл сүйегі мемлекеттері. Олар ежелден Батыс 
Суданның рыногымен алтынмен, қола жаңғағымен сауда жа-
сап, тығыз байланыста болды. Жағалауда ерте заманда-ақ ерекше 
өркениет қалыптасты. Оны материалдық мəдениет қалдықтары 
дəлелдейді. Мемлекеттік бірлестіктер ерте қалыптасты. Алғашқы 
мемлекет жағалаудың солтүстігінде пайда болды. ХІІІ ғасырдан ба-
стап ірі Боно жəне Банда мемлекеттері белгілі. Боно мемлекетінің 
астанасы Боно-Мансу қаласының қалдығы жоғары дəрежеде 
дамыған мəдениет пен экономика болғандығын көрсетеді.
Бұл ауданның экономикалық дамуында Алтын жағаның 
жергілікті халқы гуанамның құрған Гонжа патшалығы маңызды рөл 
атқарды. Ол кола жаңғағына ең бай мемлекет болды. ХV ғасырда 
Гонжаны дагомба халқы жаулап алды. Бірақ бірнеше он жылдықтан 
соң дагомба үкіметі құлатылды. Азаттық күресі шыққан тегі ман-
динго Сумейл Ндевур Якпа басшылығымен жүргізілді. Ол Гонджа 
мемлекетін қайта орнатып, оның аумағын кеңейтті. Астана — Нианг 
қаласы болды. Салагу қаласында Алтын жағадағы кола жаңғағы-
ның ең ірі рыногы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет