С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет6/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162
Автор
І БӨЛІМ 
ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛАР 
§ 1. ІІІ—ХІ ғасырлардағы  Қытай
1. III ғасырдағы Қытай қоғамының əлеуметтік-экономикалық 
    құрылысы.
2. Қытайдың көшпелі көршілері.
3. Феодалдық қатынастардың орнай бастауы.
4. Мəдениеті.
Жаңа дəуірдің алғашқы кезінде Қытай экономикасының не-
гізін жақсы дамыған ауыл шаруашылығы қалады. Ол елдің 
көптеген аудандарында жасанды суару жүйесі арқылы жүргізілді. 
Тыңайтқыштарды қолдану, жерді өңдеу мен өсімдіктерді күтуді 
жетілдіру — өнімді арттырды. Қытайлықтар өте жоғары сортты 
темір өндірді, ол темірден жасалған сапалы еңбек құралы тек ауыл 
шаруашылығының ғана емес, сондай-ақ қолөнерінің, құрылыс 
ісінің, кеме жасаудың, сəн бұйымдары мен қару-жарақ жасаудың 
жетіле түсуіне ықпал етті.
Ертеде қытай халқы жібек мата тоқуды ойлап тауып, оның 
құпиясын көпке дейін сақтады. Қытайда басы бос шаруалар көп 
болды. Жер мемлекет меншігі болып табылды. Ол əр отбасының 
жұмысқа жарамды адамының санына қарай үлестірілді. Жер 
иемденуші шаруалар негізінен азық-түлік салығын /астық, мал, 
қолөнер бұйымдары/ төледі. V—VІ ғасырларда басыбайлы ша-
руалары бар бақуатты отбасылары пайда бола бастады. Олар 
өздерінің кедейленген туыстары мен көршілерін кіріптарлыққа 
салды. Сонымен қатар будда монастырларының жер иеліктері де 
болды.
Б.з.д. 206 — б.з. 220 жылдары Қытайда Хань əулеті билік құрды. 
Бұл кезде құл иеленушілік қоғамның ішінде феодалдық қатынастар 
туа бастады. Ол қатынастардың орнауы ұзақ уақытқа созылды. 
Феодализмге  өту  процесі  біздің заманымыздың II-ғасырында  Хань    


10
11


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет