С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет8/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   162
VІІІ—ХІ ғасырлардағы Қытай
1Мемлекеттің шекарасы; 2. Мемлекеттер астаналары;  
3. Сун империясының ірі сауда орталықтары; 4. 874—876 жж. 
шаруалар соғыстарының алғашқы ошақтары; 5. 994 ж. көтеріліс 
ауданы; 6. Хуан Чао басқарған шаруалар армиясының жорықтары.
VІІ—VІІІ ғасырларда Қытай, əсіресе Араб халифатымен, 
Индиямен, Сиаммен жəне Вьетнаммен қызу сауда жүргізді. Жібек 
жолы арқылы Қытай Орта, Солтүстік, Батыс Азия елдерімен де сау-
да қатынасын орнатты.
657 ж. Су Дин-фан басқарған Қытай əскері Батыс Түрік қағанатын 
талқандады. Бұл соғыста Қытай ұйғырлармен одақтасты. Батыс 
қағанаттың қайта өрлеуі көпке созылмады. Ол 679 ж. екінші Шығыс 
қағанатпен одақтаса отырып шабуыл жасаған Қытай əскерінен 
толық жеңілді. Осы жеңістен кейін қытайлықтар Ташкентті (Шаш) 
Ши-Го, Таразды — До-ло-сы, Шу-Қорағаты өзендерін — Шуан-Хэ, 
Алматыны — Тяо-Лин, Жоңғар қақпасын — Хин-Лас деп атай баста-
ды. Қытайлықтарды Батыс Қағанаттан 751 ж. арабтар қуып шықты.
VІІ ғасырдың аяғына дейін Қытай сыртқы басқыншылық сая-
сат жүргізді, ал VІІІ ғасырдың бірінші жартысында басып алған 
жерлеріндегі билігін сақтап қалуға тырысты.
Феодалдық топтардың өзара қырқысуларының шиеленісуі 
нəтижесінде Ли Чжи (650—683) императордың тұсында сарай 
төңкерісі болып, билікті оның əйелі У Цзя — Тянь басып алды да, 
684 жылдан 705 жылға дейін билік құрды. Ол Ли Чжиді қолдайтын 
«Гуаньлун тобын» биліктен қуды; 690 ж. өзін «Аспан асты елінің 
иесі» деп жариялады. Тан əулетін Чжоу əулеті деп ауыстырды. 705 
ж. билікке Ли Сянь келген соң əулеттің Тан деген аты қайта қалпына 
келтірілді.
Сюаньцзун император (713—756) билігі кезі — Тан империясы-
ның гүлдену кезі болды. 754 жылғы халық санағы елде 9 млн. 610 
мың отбасы бар екендігін көрсетті. Еңбекке жарамды, салық төлеуге 
міндетті адамдардың саны 52 млн. 880 мың болды.
755 ж. Ішкі Моңғолияның біраз бөлігін, Шаньси мен Хэбейді 
басқарып отырған Ань Лушань Сюаньцзунге қарсы көтеріліске 
шықты. Ол көп өтпей империяның екі астанасын — Лоян мен 
Чанъаньды басып алды. Сюаньцзун Сычуаньға қашты. Ань Лу-
шань өзін император деп жариялады.
Бірақ Тан əулеті құламай, аман қалды. Оны көтерілісшілер 
арасындағы алаауыздық құтқарып қалды. Ань Лу-шаньға қарсы 
оның билігін мойындағысы келмегендер бірлесіп күреске шықты. 
Оларға көмекке негізінен ұйғырлардан құрылған жалдамалы əскер 
көмекке келді. 757 ж. Ань Лу-шань өлтірілді. Енді бүлік Ши Сы-
миннің басшылығымен онан əрі жалғасты. 763 жылы көтеріліс 
толық басылды. Əулет таққа қайта отырды. Бірақ империя мен оның 
өкіметі əлсірей бастады. 763 ж. тибеттіктер империяның астанасы 
Чанъаньды талқандады.


18
19
VІІІ—ІХ ғасырларда Қытайға ұйғырлар қауіп төндіріп тұрды. 
840 ж. ұйғырларды Енесай қырғыздары талқандаған соң ғана бұл 
қауіп жойылды. Дегенмен Шығыс Түркістанның солтүстігінде 
ұйғыр иеліктері сақталып қалды. Оның астанасы Бишбалық бол-
ды. Ұйғырлар Қытайдың ішіндегі феодалдық өзара қырқысуларға 
бұрыннан  араласып  келе  жатқан  болатын.  Империяның  əлсіздігін 
біліп отырған ұйғырлар оның шекарасын жиі-жиі бұзып өтіп 
тұратын. Олар өздерін империя ішінде басқыншылар сияқты 
ұстайтын. Олар астана — Чанъаньда да өздерін дөрекі ұстап, 
халықтың үрейін ұшыратын. Ұйғырлар Қытайдан Орта Азияға ба-
ратын керуен жолын өз бақылауында ұстады. 843—847 жж. Қытай 
ұйғырларды талқандап, олардың қаупінен біржолата құтылды.
Қытайға ұйғырлар қаупінен де зор қауіп оның солтүстік-
шығысындағы көршісі қидандерден төнді. Кидандердің тайпалық 
одағы Батыс Моңғолия мен Маньчжурияның біраз бөлігін 
мекендейтін. Кидандар IX ғасырдың аяғында күшейді. 916 ж. 
кидандардың Елюй руынан шыққан көсемі Апоки (Амбиган) өзін 
император деп жариялады. 937 жылдан бастап Елюй əулетінің аты 
да мемлекеттің аты сияқты, Ляо деп аталды.
Апоки (926 ж. өлді) мен Ляоның кейінгі басшылары Солтүстік 
Қытайдың саяси өміріне араласып отырды. Билік үшін күресуші 
Қытай феодалдары қидандардан көмек сұрап отырды. Ақысына 
жібек мата, жер берді. Осылай қазіргі Хэйбэй мен Шаньси 
провинцияларының аумағындағы 16 округ Пекин, Датун, т.б. 
қалаларымен қидандардың қол астына көшіп кетті. Пекин — Ляо 
империясының астанасына айналды.
Қытай халқы Кидандарға бағына қоймады, керісінше оларға 
қарсы көтеріліске шығып отырды. Кайфынның билеушісі Чай Жун 
қидандарға қарсы жорық бастады. Ляо мемлекетіне қарсы соғыс 
елге зор ауыртпалық əкелді.
Чай Жун қайтыс болғаннан кейін 960 ж. ұлан өзінің қолбасшысы 
Чжао Куан-иньді император деп жариялады. Ол қидандарға қарсы 
жорықты тоқтатты. Кайфынның феодалдары, əскер, қала халқы 
өзара қырқысуларды тоқтатуды, елдің бірігуін қалап, жаңа ел басыға 
қолдаушылық көрсетті.
VIII ғасырдың 30- жылдары Тан империясының 6 кодекстен 
тұратын заңдары құрастырылып, 763 ж. салық жүйесіне өзгерістер 
енгізілді. Енді салық мүлкінің мөлшеріне, байлығына қарай салы-
натын болды.
780 ж. бірінші министр Ян Яньның ұсынысы бойынша бұрынғы 
үлестік шаруалар атқаратын «үштік міндеткерліктерді» жою ту-
ралы заң қабылданды. Ол заң ірі жер иелеріне қарсы бағытталды. 
Мемлекеттік аппарат жерді қайта бөлуден, шаруаларды жер үлесімен 
қамтамасыз етуден бас тартып, шаруалар мен жерді «жұтып 
қоюмен» күресуді тоқтатты. Енді салық бір көрсеткіш бойынша ғана 
— мүліктің мөлшеріне, жердің көлеміне қарай салынатын болды. 
Салық төлеушінің жасы мен жұмысқа жарамдылығы есепке алын-
бады. Барлық халық (аулалар) жер иеліктерінің мөлшеріне қарай 9 
категорияға бөлінді.
Ян Янь реформасы деп аталған бұл заң бұрын салықтан 
босатылғандарды немесе жасырынып жүргендерді салық тө-
леушілер қатарына қосып, айрықша есепке алды. Салық төлеушілер 
қатары қала тұрғындарының, яғни саудагерлер мен қолөнершілердің, 
шенеуніктердің есебінен өсе түсті.
Салық төлеудің екі кезеңі белгіленді: жазда жəне күзде. Салық 
ақшамен де төлене алатын болды. Мұндай тəртіп «қуатты үйлер» 
мен помещиктердің берекесіне тиген ауыр соққы болды. Ян Янь 
реформасы жерді сату-сатып алу еркіндігін бекітті. Бұл рефор-
ма үлестік жүйенің құлдырауын, жерге жеке меншіктіктің орнау 
жеңісін мойындау болды. Бұл реформадан кейін елде жүз жылдай 
уақытқа тыныштық орнады.
Сөйтіп, VIII ғасырдың 80-ші — IX ғасырдың 70- жылдары — 
Тан империясының экономикалық даму, гүлдену жылдары болды. 
Империяның халқының саны 60 миллионға жетті.
IX ғасырдың соңғы ширегіне қарай ел ішінде өкіметке қарсы 
наразылық қайта өсе бастады. Ол наразылық ақыры көтеріліске 
əкеліп соқты. 874 ж. Қытайдың солтүстік шығысында шаруа-
лар көтерілісі басталды. Оны алғаш тұз сатумен айналысатын 
ұсақ саудагер Ван Сянь Чжи басқарды. Көтерілісшілер Шаньдун 
провинциясының біраз қалаларын басып алды. Шаруалардың жеке 
отрядтары көп ұзамай үлкен армияға бірікті.
878 ж. кезекті бір шайқаста көтерілісшілер армиясының қол-
басшысы Ван Сянь-чжи қаза тапты. Енді басшылық оның орынбаса-
ры Хуан Чаоның қолына көшті. Көтерілісшілер аймақтарды бірінен 
соң бірін алып, қарсыластарын қатаң жазалап отырды. Байлардың, 
шенеуніктердің жерлерін тартып алып, мал-мүлкімен қоса кедей-
лерге үлестіріп берді.
Шаруалар армиясы елді солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтіп, 
тіке шабуылмен үлкен сауда қаласы Гуанчжоуды (Кантон) алды. 
Көтерілісшілер өздерінің күшін толықтырып алып, солтүстіктегі 
астана — Чанъань қаласына қарай жорыққа шықты. Көтерілісшілер 


20
21
қатарында бұл кезде 500 мың адам бар еді. Көтерілісшілер қалаға та-
янып қалған кезде императордың əскері де, өзі де астанадан қашып 
кетті. 881 ж. 10- қаңтарда астананы басып алған көтерілісшілер Хуан 
Чаоны император деп жариялады. Хуан Чао ауыр салықты жойды, 
кедейлер мен көтеріліске қатысушыларға императордың қамбасынан 
астық бергізді.
Көтерілісті басу үшін император солтүстіктегі көшпенділерді 
көмекке шақырды. Хуан Чаоның əскері 883 ж. 20- мамырда Чанъань 
қаласынан қуылды. 884 ж. Хуан Чао қаза тапты да, көтеріліс 
негізінен басылды. Онан əрі көтеріліске Хуан Чаоның жиені Хуан 
Хао басшылық жасады. Бұл көтеріліс 901 ж. толығымен басы-
лып, елде тыныштық орнай бастады. Көтеріліс кезінде көптеген 
феодалдар мен шенеуніктер қырылды, олардың жерінің бір бөлігі 
шаруалардың қолына өтті.
Көтеріліс Тан əулетінің билігін əлсіретті. Көтерілістен кейін бұл 
əулеттің билігі бүкіл Қытайды бірдей қамтымады.   907 ж. Тан əулеті 
тақтан тайдырылды. Сол жылы Чжу Вэнь сарай төңкерісін жасап, 
соңғы Тан императорын құлатты. Осы жылдан бастап тарихқа 
«бес əулет жəне он патшалық» деген атпен енген кезең бастал-
ды. Ол 960 жылға дейін созылды. Бұл кезде солтүстік Қытайдың  
шаруашылығы  қалпына  келтіріліп, халқының саны өсті, қаражат 
жағдайы жақсарып, əскери күші нығайды. 954 жылдан бастап кейінгі 
Чжоу əулеті елді өз қол астына біріктіруге кірісті.
«Бес əулет пен он патшалық» кезеңі — қытай қоғамының ерте 
феодализмнен дамыған феодализмге өту кезі болды. 960 ж. Қытай 
Сун əулетінің (960—1279) қол астына біріге бастады. Ол əулеттің 
негізін  Чжоу  патшалығының  талантты  қолбасшысы  Чжао  Куан 
инь (927—976) калады. Жаңа əулеттің астанасы алғаш Бянь (қазіргі 
Кайфын), кейін — Шығыстағы Ханчжоу қаласы болды.
993—997 жылдары жаңа əулетке қарсы Ван Сяо-бо, Ли Шуань 
жəне Чжан Юя басқарған көтерілістер болды.
Ерте орта ғасырлардағы Қытай мəдениеті өз заманының ең озық 
мəдениеті болды. XI ғасырда Қытайда 2 мыңнан астам қала болды. 
VIII ғасырдың басында Қытайда «Астана хабаршысы»,  «Столичный 
вестник» атты газет шықты. Ол XX ғасырдың басына дейін шығып 
тұрды.
Қытайлықтар математиканы, астрономияны, жағырапия мен 
тарихты жақсы оқып, үйренді. Олар ІХ—Х ғасырларда компас пен 
оқ-дəріні ойлап тапты. VIII ғасырда Қытайда Ханьлин академиясы 
ашылды. Ортағасырлық Қытайдың жылнамалары өте көп болды. Тек 
Сун империясынан /960-1279/ 500 томдық жылнама қалды. Қытайда 
жүз мыңдаған қолжазбалары бар көптеген үлкен кітапханалар 
болған. Орасан зор елді басқару үшін үкіметке сауатты адамдар ке-
рек болды. Ірі қалаларда мектептер ашылды. Шенеунік болып шығу 
үшін қиын емтихандар тапсыратын.
Егіншілік,  металл  қорыту,  фарфор  жасау,  тағы  басқа  кəсіптер 
жөнінен оқулықтар шығарылды. Қытай дəрігерлері көптеген 
өсімдіктерден дəрі жасау тəсілін білді. Олар қиын операциялар жа-
сады. Қытай медицинасының ірі табысы — шешек ауруына қарсы 
егу болды. Қытайлықтар өз елінің тарихын мұқият зерттеді. Бұл ту-
ралы Қытай мəтелінде: «Өткенді ұмытпа, ол болашақтың ұстазы» 
делінді.
VIII—ІХ ғасырларды Қытай поэзиясының “алтын ғасыры” деп 
атайды. Оның көрнекті өкілдері Ли Бо /702—762/, Ду Фу /712 770/, Бо 
Цзюй-и /772—846/ болды.
Императорлар мен ірі феодалдардың тапсырыстары бойынша 
зəулім сарайлар мен пагодалар салынды. Пагода деген көп қабатты 
мұнара түрінде ағаштан, тастан, қоладан жəне темірден салынған 
ғибадатханалар. Төбесінің жиегі жоғары иілгендігі, жалпақ кар-
низдері оны жеп-жеңіл, көкке қарай қанатын қомдағандай етіп 
көрсетеді. Көптеген үйлер түрлі əшекейлі оюлармен өрнектелді.
Суретшілер арнаулы мектептерде білім алды. Астанада сурет 
академиясы ашылды. Бейнелеушілер картиналарды ұзын жібекке 
немесе бүктемелі қағазға бояумен немесе тушьпен салды.
Қытайлықтар пейзажды «тау жəне су» деп атады. Бұлар таби-
ғатты аңыз дүниесі, қуаныш пен жарқындық дүниесі деп көрсетеді. 
Суретшілер кейінірек суретті тек қара тушьпен салатын болды. Онда 
жемістер, үлбіреген гүл мен жапырақтар, аң мен құстар бейнеленді.
Мұндай суреттерді «гүл мен құстар» суреті деп атады. 
Астанада таңдаулы суретшілер картиналарының көрмелері ұйым-
дастырылды.
Сөйтіп ерте орта ғасырларда Қытай халқы ғылымда, техника мен 
өнерде үлкен табыстарға жетті.
Ə д е б и е т т е р:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет