212
213
шайқаста қаза тапты. Скандарбег Кастриоти деген албан князінің
əулетінен шыққан. Ол бала кезінде түрік сұлтанына кепілдікке
берілген. ІІ-Мұрат сұлтанның қолында тəрбиеленіп, ат жалын тар-
тып мінісімен, соның əскерінде қызмет атқарды. Əскер басқарудағы
ерекше қабілеті үшін «бэй» атағын жəне Александр Македонскийдің
құрметіне Ескендір атын алды. Бұл ат бұрмалана келіп «Скандербег»
болып кеткен. Өз халқының түрік сұлтандығына қарсы күресіне жан-
жақты дайындалды. Оның ішкі жəне сыртқы жауларымен қатынас
орнатты. Венгр əскербасы Янош Хуньядимен келіссөз жүргізді.
1443 жылы 3 қарашада Нише түбіндегі венгр əскерлері жеңіске жет-
кенде Скандарбег үш жүз сенімді серіктермен түріктер лагерінен
қашып шығып, Дибрге келді. Онда албан халқын түріктерге қарсы
күреске көтерді. Бірнеше күннен кейін Круяға келіп, 28 қараша күні
Кастриоти княздығының басшысы деп жарияланды. Қамалдардағы
түрік гарнизондары қуылды.
Скандарбегтің қолбасшылығымен албан халқы 24 жыл бойы
түріктер үстемдігін қайта орнатуға мүмкіндік бермеді. Скандарбег
талантты əскер басшысы ғана емес, көреген, айлакер саяси да
қайраткер болды. Ол албан феодалдарының ішіндегі ішкі өзара
кикілжіңдерін де, венециялықтар мен папаның қулықтарын да ше-
бер іске асырмай, тиып тастап отырды. Албан Халық Республикасы
Скандарбег атындағы орден шығарған. Албандықтардың жеңілуіне
италияндықтардың көмекке келіп үлгермеуі себеп болды.
1463 жылы түріктер Боснияны басып алды. Шығыспен теңіз
саудасына қожалық түріктер қолына көшті. 1475 жылы түріктер
Қырымдағы Каффаны /қазіргі Феодосия/ генуялықтардан тартып
алды. Көп өтпей түріктер Донның Азовқа қосылатын алқабын тар-
тып алып, онда Азов қамалын салды.
ХV ғасырдың ІІ жартысында түрік-османдар Қырымды бағын-
дырды. Қырымда тұрған татарлар түрік сұлтанының вассалы-
на айналды. Кескілескен ұрыстан кейін Дунай князьдықтары —
Молдавия мен Балахияның княздары түрік сұлтанының вассалда-
рына айналғанын мойындады.
Молдавия 1456 жылы Түркияға салық төлеп тұруға уəде берді.
Бірақ 1457—1467 жылдары ІІІ Иванмен одақтасып, түріктерге
қарсы соғысты. 1487 жылы жеңіліп, сонан 300 жылдан астам уақыт
Түркияның қол астында болды. /1793 жылы Речь Посполитаяны
екінші рет бөлу кезінде Молдавия Ресейдің қол астына көшті/.
1473 жылы Кіші Азиядағы Караман эмиратын басып алғаннан
кейін шығыста көшпелі түрікпен тайпаларының Ақ-қойлы деген
мемлекетінің қарсылығына тап болды.
Достарыңызбен бөлісу: