216
217
Исмаилшыл имамдар 893 ж. Əбу Абдаллах деген миссионерді
Ифрикияға (Тунис) жіберді. Ол өзі құрған шииттік қауымды
күшті əскерге айналдырды. Оған жан-тəнімен берілген берберлер
жеті əскери құрамаға бөлінді. Олардың басшылары ақсақалдар
Кеңесін құрды. Өмір теңдік жəне əділеттілік принципіне негіз-
делді. Берберлерді аббастық наместниктіктердің билікті заңсыз
басып алғандығы ызаландырды. Олар билікті фатиманың ұрпағы,
саламилік имам Убейдуллахқа алып беру үшін күресті.
Убейдуллах пен оның баласы кезекті уағыз кезінде тұтқындалып,
түрмеге қамалған болатын. Оны босату үшін Абу Абдаллах 909 ж.
берберлер отрядымен Магрибке (батыстағы облыстар) аттанды.
Убайдуллах пен оның баласы түрмеден босатылды. Убайдуллахтың
басшылығымен тек Əли мен Фатиманың ұрпақтарын ғана имам деп
мойындайтын шииттік-исмаилилік «Фатимииа» сектасы құрылды.
910 ж. қаңтарда Убайдуллах (ол өзін Əли мен Фатиманың ұрпағы
деп санаған) «махди» (əділетсіздіктен құтқарушы) деген атақ алып,
«діндарлар əмірі» деп жарияланды.
Бербер тайпаларының көмегімен Əбу Абдуллах Солтүстік
Африканың Тахерте, Сиджилмас, т.б. аудандарын басып алды.
Сиджилмаста Əбу Абдуллах халыққа: «Мынау Махди. Мен сендерді
оған бағынуға шақырамын!»,— деген үндеу тастады. Ал Махдидің
Əли мен Фатиманың ұрпағы екендігі жалған еді.
«Тарих ал-Кайруан» деген кітабында ибн Халликан ол (Убай-
дуллах) Саламилік иудей еді, ол Саид деген ұста еді дейді.
Убайдуллах берберлердің үмітін ақтамады. Ол салық мөлшерін
ұлғайта түсті. Қарсы шыққандарды өлім жазасына кесіп отырды.
Ал Əбу Абдаллахтың халық арасындағы беделі күшті болды. Ол өзі
жариялаған теңдік пен əділеттілік принциптерін жүзеге асыруға ты-
рысты. Бұл принциптері Махдидің саясатымен сыйыспады. 911 ж.
Əбу Абдаллах Махдидің бұйрығымен өлтірілді. Оған жауап ретін-
де берберлер көтеріліске шықты. Бірақ көтеріліс басып тасталды.
914 ж. Махди Египетті жаулап алу əрекетін жасап, сəт-сіздікке
ұшырады. Мұндай сəтсіз əрекеттер 919, 935, 945, 966 жылдары
қайталанды.
969 ж. Египетте ашаршылық болды. Сəуір айында шыққан тегі
славяндық қолбасшы Жауһар басқарған 100 мыңдық фатимилік
əскер Египетке аттанды. Онымен бірге аш отырған Египет халқы
үшін егін тиелген кемелер де келді. Шілде айында египеттік əскер
талқандалды. 969 ж. 9 шілдеде фатимилік халиф — Муизздың аты-
на мешітте Хұтба оқылды. Ол Египеттің халифы деп жарияланды.
Сөйтіп, Египет фатимилік мемлекеттің құрамына қосып алынды
да, оның негізгі аумағына айналды. Сол жылы жаңа астана — Каир
қаласының негізі қаланды. 973 ж. оған Муизз халиф көшіп келді.
974 ж. фатимилер Дамаск қаласын басып алды.
Фатимилер Египетте жер реформасын жүргізді. Ол бағдаттық ев-
рей Йакуб ибн Киллис пен оның көмекшісі Услудж ибн Хасанның
атымен байланысты. Империядағы барлық жердің ең жоғарғы
иесі фатимилік халиф деп саналды. Ол мемлекеттік қордан ірі
шенеуніктер мен əскер басыларына ихта ретінде жер үлесін беріп от-
ырды. Ихта берумен арнаулы диван (кеңсе) айналысты. Ихта иелері
өкіметке солдат беріп отырды. Лендердің көлемі оны иемденушінің
қызметінің үлкенді-кішілігіне байланысты болды. Лен қызмет істеп
жүрген кезіне ғана берілді.
Мемлекеттік табыстың басты көзі жер салығы — харадж болды.
Ол ақшалай да, азық-түлікпен де өтеле беретін. Харадждың есеп-
қисабын екі диван жүргізді. Біреуі — төменгі, екіншісі — жоғарғы
Египеттің жер салығымен айналысты.
Муызз (Абу — Темим Маадд) (953—975) бен Азиз (Əбу Мансур
Низар) (975—996) халифтардың билігі кезінде фатимилер билігінің
қуаттылығы шырқау шегіне жетті. Фатимилер түрік жəне негр
гулямдарын көптеп сатып алды. Фатимилер əртүрлі елдердің
халықтарынан күшті мемлекет құрды. Олар, К. Э. Босворттың
1
ай-
туынша феллахтарды жүмыс күші, христандарды — шенеуніктер,
еврейлерді — делдал көпестер ретінде шебер пайдалана білді.
Еврейлер Үндістанмен жəне Батыс Еуропамен сауда қатынасын
қайта жандандырды. Түріктер мен негрлерден ұлан құрылса, бербер-
арабтардан жасақшылар құрылатын.
996 ж. таққа Хаким отырды. Ол 1021 жылға дейін билік құрды.
Хаким исмаилшылар мойындайтын исламның барлық дəстүрлі
əдет-ғұрыптарынан бас тартты, Кағбаға жапқыш жіберуді тоқтатты,
қажылыққа баруға кедергі жасап бақты. Оның қолөнерімен, сауда-
мен күндіз айналысуға, əйелдердің үйден далаға шығуына тыйым
салуы ақыр заманның алғашқы белгісі деп қабылданды.
1011 ж. алдымен христиандарды, сонан кейін сунниттерді қудалау
басталды. Мамлюк негрлер мен түріктердің қақтығысы орын алды.
Шəлкес деспот халиф Хаким 1021 ж. із-түзсіз жоғалды. Оның орнын
басқан халиф Зəкір (1021—1036) Хакимнің жарлықтарын жойды.
Зəкірден кейін Мустансир (1036—1094) халиф болды.
1
Достарыңызбен бөлісу: