44
45
басына дейін созылды. 541 ж. Қытайдың үстемдігіне қарсы көтеріліс
басталды. 544 ж. вьетнамдықтар ірі куан Ли Бонның басшылығымен
қытайдың губернаторын елден қуып жіберді. Ли Бон император деп
жарияланды. Ол 603 жылға дейін билік құрған Ли əулетінің негізін
қалады. Ли Бон таққа отырысымен мемлекет Вансуан — «Сансыз
көктем» империясы деп аталды.
Көп ұзамай соғыс қимылдары қайта жалғасты. Ли Бон жеңіліп,
шағын отрядпен солтүстік-батысқа қашты.
Сол жақтағы таулы
елдің халқын көмекке шақырды. 546 жылғы күзде Ли Бон елдің
орталық ауданында соғыс бастауға əрекет жасады, бірақ онысы
сəтсіздікке ұшырап, кейін шегінуге мəжбүр болды. Осыдан кейін
въетнамдықтар əскерін қолбасшы Чиеу Куанг Фук басқарды. 548 ж.
Ли Бон өлген соң ол елдің іс жүзіндегі басшысына айналды. 551 ж.
қытай əскері жеңіліп, Вансуаннан кетуге мəжбүр болды.
Соғыс аяқталған соң вьеттіктердің арасында қақтығыстар баста-
лып, 50- жылдардың аяғында елдің уақытша екіге бөлінуіне əкеліп
соқты. Батысында Чиеу Куанг Фук, шығысында
Ли Фат Ты билік
құрды. Соңғысы бүкіл елдің императоры болып саналған əулеттен
болатын.
602 ж. қытайлық Суй империясының əскері Вансуанға басып
кірді. 603 ж. вьеттіктер əскері жеңілді. Вансуан Суй əулетінің билігін
мойындауға мəжбүр болды. Ли Фат Ты тұтқынға түсіп, Қытайға
əкетілді.
Ли əулетінің билігі жойылғаннан кейін қайтадан қытайлық
əкімшілік жүйесі орнады. 622 жылдан бастап Вансуан «Аньнань
ду-ху-фу» — яғни « Жуасытылған оңтүстік» облыс деп аталды.
Өте маңызды стратегиялық пункттерде қытайлық əскерлер тұрды.
Дегенмен жергілікті билік вьеттіктердің қолында болған сияқты.
Тан империясына қарсы көтерілістер жиі-жиі қайталанып тұрды.
Оларды Май Тхук Лоан, Фунг Хынг, Зыонг Тхан, т.б. басқарды.
IX ғасырдың ортасында Қызыл
өзеннің төменгі ағысындағы
бөлек-бөлек жерлерге (дельта) Дали (наньчжао) мемлекетінен көшіп
келген
тай тайпалары қоныстануға тырысты. Вьеттер мен Тан
үкіметі тайлықтардың бұл əрекетіне қарсы болды. 865 ж. қытай
əскері қоныс аударушыларды талқандады. Жеңіс Тан империясы-
ның жағдайын жақсарта түсуге мүмкіндік туғызды. Осы мақсатпен
қытай наместнигі Гао Пян əкімшілік
аппаратын ретке келтіріп,
салық мөлшерін төмендетті, біркелкі салық жүйесін енгізді. Бұл
шаралар елде уақытша тыныштық пен тұрақтылық орнатуға қол
жеткізді.
Енді қытай əскерлері елдің орталығында емес, шет жақтарында
орналасып, сыртқы жаудан қорғады. Қытайлықтар елдің астанасы
Латхан қаласының қауіпсіздігін де күшейтті. Осы мақсатпен цита-
дель екі қабат дуалмен қоршалды. Астана маңындағы каналдар мен
өзендер тазартылып, жол құрылысы қолға алынды.
Гао Пяннің мұндай шаралары қытай-вьет қайшылықтарын
біржолата жоя алмады. Вьеттіктердің азаттық үшін күресі онан
əрі жалғасты. Ақыры 880 жылы қытай əскері елді тастап шығуға
мəжбүр болды. Сөйтіп, мың жылға созылған солтүстіктің саяси
билігі жойылды, вьеттіктер ассимиляцияланудан аман қалды.
939 жылы, Нго əулетінің билігі (939—965) кезінде, вьетнамдықтар
қытайдың үстемдігінен толық құтылды.
981—1009 жж.
тұрақты армия құрылып, Дайвьет мемлекетінің
құрылғандығы жарияланды. 1069—1077 ж. Вьетнамға Каобанг,
Тьямпа, Куангнинь жəне Куангчи провинциялары қосып алынды.
1069 жылдан бастап Дайвьет —
Ұлы Вьет деп аталды.
Ең ірі жер иеленуші монарх болды. Оның иелігі
вуа деп аталды.
Жердің бəрі монархтың (вуа) иелігі болып саналды. Қауымдардың ба-
сым көпшілігі ірі феодалдарға — сы куандарға тəуелді болды. 945—
967 жж. өзара қырқысулардың нəтижесінде Вьетнам сы куандардың
иеліктеріне бөлініп кетті. Диньдік вуа (патша) əулеті (968—981) сы
куандарға қарсы, орталық-тандырылған мемлекет құру үшін күрес
жүргізді. Ел жаңа Дайковьет (Ежелгі ұлы Вьет) деген атқа ие бол-
ды. Сы куандарға қарсы күрес 981—1009 жж.
билік құрған Ерте Ле
əулеті кезінде де жалғасты. Х ғасырдың соңғы ширегінде ғана сы
куандар елеулі рөл атқарудан қалды.
Достарыңызбен бөлісу: