С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет148/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   162
Байланысты:
учебник Азия и Африка

Ашанти Конфедерациясы. Алтын жағаның ең ірі мемлекеті 
Ашанти болды. Ол ХVІ ғасырда бірнеше мемлекеттің бірігуінен 
пайда болды. Астанасы — Кумаси. Бұл мемлекет құрамына кірген 
халықтар ақан тілдік тобына жататындар болды. Кішкентай Ашанти 
князьдықтары дома тайпасына қарсы күресте бірікті. Ол күрестегі 
жеңіс одақты нығайтып, үлкен феодалдық мемлекеттің негізін 
қалады. Кейін көрші Денкире патшалығының қаупі бұл одақты 
онан  əрі  шыңдай  түсті.  Мемлекетті  атадан  балаға  мұра  ретінде 
беріліп отыратын патша-ашантехене басқарды. Ол патша — ананың 
кеңесі бойынша сайланатын. Оның кандидатурасы көсемдер мен 
ақсақалдар жиналысында бекітілетін.
Ашанти үкіметінің əкімшілік аппараты министрлер мен 
кеңесшілерден тұрды. Саясатта патша ана елеулі рөл атқарды. Оның 
ақыл-кеңесін ашантехене ескеріп, басшылыққа алып отырды. Пат-
ша — ананың өз кеңесшілері болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет