С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009


ХVІ—ХVІІ ғасырлардың ортасындағы Сонгай мемлекеті



Pdf көрінісі
бет144/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   162
Байланысты:
учебник Азия и Африка

ХVІ—ХVІІ ғасырлардың ортасындағы Сонгай мемлекеті. Ол 
ХVІ ғасырдың басында Малиден бөлініп шыққан. ХVІ ғасырдың 20- 
жылдары І-Мухаммедке /1493—1528/, оның орталықтандырылған 
үкімет  билігіне  қарсы  Сонгай  феодалдарының  күресі  басталды. 
Олар өз мақсатына жету үшін аскидің /патшаның/ балаларын пай-
даланды. 1528 жылы І-Мухаммедке қарсы көтерілісті оның баласы 
Мұса басқарды.
1528 жылғы тамызда бүлікшілер Гаоға келіп кірді. Мухаммед 
тақтан бас тартуға мəжбүр болды. Мұса өзінің бірге туған 
бауырларының тақ үшін таласынан корқып, оларды жойып жіберуге 
тырысты. Бірақ өзара талас-тартыста 1531 жылғы сəуірде Мұса-
ның өзі өлтірілді. Сонгайдың аскиі болып оның туысқан ағайыны 
Бенгай Корей жарияланды. Ол ІІ-Мухаммед деген атпен 1531—1537 
жылдар аралығында патшалық құрды. Оның билігі кезінде үздіксіз 
жəне  сəтсіз  соғыстардан  күйзеліске  ұшыраған  Сонгай  держава-
сы құлдырай бастады. Сəтсіздіктер ел басшылары — провинция 
губернаторларының наразылығын тудырды. Солардың бірі — Денди 
Мар Тамзу деген губернатор 1537 жылғы сəуірде көтеріліс жасап, 
II-Мухаммедті тақтан түсірді. Оның орнына 1-Мухаммедтің бала-
сы Исмаилды /1537—1539/ отырғызды. Бенгай-Корей Томбуктуда 
тығылды.
Өзінің алдындағы патшалар сияқты, Исмаил тонаушылық 
соғыстар жүргізді. Əскери тұтқындар көбейген соң, құлдарға деген 
сұраныс азайды; құлдың құны түсті. Бір құлдың құны 300 каури 
раковинасына тең болды.
Сонымен  қатар  Сонгайде  əскери  кликаның  рөлі  —  билігі  ар-
тып,  оған  аскидің  тəуелділігі  күшейе  түсті.  Бұл  тəуелділіктен 
құтылу əрекетін аски І-Иссихак /Ысқақ/ /1539-1549/ жасады. Ол 
өзінің əскери қолбасшыларының, губернаторлық қызмет атқа-
ратын туысқандарының көпшілігін қырып тастады. Дегенмен 
үздіксіз  жүргізіліп  жатқан  соғыстар  əскер  басшыларының  рөлін 
əлсірете алмады. 1545—1546 жылдарда аскидің ағайыны Даудтың 
басшылығымен Сонгай əскері Малиге жорық жасап, астанасын ба-
сып алды, елді тонады. Бірақ онда I аптадан артық тұра алмай, қайта 
қуылды.
Осы кездерде Текқазы деген тұз өндіретін жер үшін сонгайлықтар 
мен мароккандықтар арасындағы жанжал болды. Бұл жанжал, 
əсіресе Даудтың /1549—1582/ патшалығы кезінде шегіне жетті. 
Даудтың Малиге, Кеббиге т.б. елдерге қарсы жорықтарын пайда-
лана отырып, 1556 жылы Мароккандықтар Сонгай гарнизондарын 
талқандады, Текқазыны басып алды. Тұз шығара бастады. 1578 
жылы мароккандықтар Даудтан тұз шығатын орынды бір жылға 
жалға алды. Ақысына 10 мың алтын монета төлеуге уəде берді. 
Басқа көршілерімен қырылысып жатқан Даудтың мароккандық-
тарға қарсыласуға шамасы келмей, олардың ұсынысын қабылдады.
Ал  мароккандықтар  Сонгайға қарсы соғысқа дайындала бастады. 
Мəлімет алу мақсатымен 1584 жылы Сұлтан Ахмед Гаоға,  Даудтың 
мұрагері ІІІ-Мухамедке /1582—1586/ қымбат сыйлықтармен елшілік 
жіберді. Мұның артынша 20 мыңдық Мароккан армиясы оңтүстікке 
Томбуктуге қарай жорыққа аттанды. Ол сəтсіз болды. Барлық армия 
түгел дерлік жолда тамақ пен судың жетіспегендігінен қырылып 
қалды. Аман калған шағын тобы Мароккоға қайтып оралды. Осындай 
сəтсіздікке ұшыраған Мароккоға сонгайлықтар қарсы шығып,  200 
адам оқпен атылатын қарумен қорғап тұрған Текқазыны тартып 
алуға сонгайлықтардың батылы бармады. Ақыры 1585 жылы сон-
гайлықтар Текқазыдан бас тартуға мəжбүр болды.
ІІІ-Мухаммедтің мұндай сəтсіздіктері оның ағайындарын 
көтеріліске шығуға мəжбүр етті. Көтерілісшілер 1536 жылы желтоқ-
санда Мұхаммед Баниды Сонгайдың патшасы деп жариялады. Екі 
жылдан соң Салық Түнқара деп аталып кеткен інісі Мұхаммед 
Садық көтеріліс жасап, Гаоға шабуыл бастады.  Сонгайдың аскиі деп 
Даудтың баласы ІІ-Ысқақ /1588—1591/ жарияланды. Оның əскеріне 
қарсылық көрсете алмаған Салық Түнқара əскерлері Гаодан ше-
гінді.  Салық  Томбуктуға  қашты.  Нигердің  оң  жағына  өтіп  кеткен 
жерінде ұсталып, өлтірілді.
Сонгайдағы өзара қырқысуды мароккандықтар пайдаланып 
қалуға тырысты. 1589 жылы Сұлтан Ахмед Ысқаққа сəлем жолдап, 
онда Текқазыдан толық бас тартуды ұсынды. Ысқақ сонгайлық-
тардың ондай талапқа көнбейтіндігін, соғысқа дайын екендігін ха-
барлады.


360
361
1590 жылғы қарашада 3 мыңдық Мароккан армиясы Джудердің 
басшылығымен /шыққан тегі Испандық/ Гаоға жорыққа шықты.  1591 
жылғы 12 сəуірде Гаоның солтүстігіндегі 50 шақырымдық жердегі 
Тондибо ауданында екі армия бетпе-бет кездесті. Ыскақтың 30 мың 
жаяу,  12,5  мың  атты  əскері  болды.  Бірақ  мылтықпен  қаруланған 
мароккандықтар сонгайлықтардың қатарын ыдыратты. Ысқақ Гао 
мен Томбукту қалаларының тұрғындарын Нигердің оң жағасына 
қоныс аударуға бұйырды.
Джудер əскері Сонгай астанасына кірді. Ысқақ Джудерге «100 мың 
алтын монета, мың құл беремін, тек елдеріңе қайтыңдар» деген сəлем 
хат жіберді. Джудер шабуылды онан əрі жалғастырып, 1591 жылғы 
30 мамырда Томбуктуны алды. Ол жерде Мароккоға бағынышты 
Томбукту патшалығы құрылды. Сонгайдың оңтүстігіндегі шағын ау-
даны ғана Денди патшалығы деп аталып, Ысқақтың басшылығында 
қалды. Сөйтіп, қуатты Сонгай мемлекетінің көлеңкесі ғана қалды.
Ол державаның егіншілігі мен қолөнерінде құл еңбегі кең өріс 
алды. Сонгайдын ақсүйектері 300 ден 1000-ға дейін құлдар ұстады. 
Құлдар натуралды рента төледі. Құлдар тəуелділігі жағынан бірнеше 
сатыға бөлінді. Ең алғашқы қүл-банья-еш құқы жоқ құл болса, 
оның баласы корсоның біраз құқы болды. Оны сатуға, сыйлауға 
болмады. Үшінші ұрпақ — суле, ал төр-тінші ұрпақ — суле-гуле 
деп аталды. Бұлардың балалары құл  деп есептелмеді, бірақ өз 
иелеріне экономикалық тəуелділікте болды. Түрлі категориядағы 
құлдармен қатар Сонгайда ерікті қауымдастар /общинники/ да бол-
ды. Сонгайдың 10 мыңдаған тұрғындары бар бірнеше ірі қалалары 
болды. Астанасы Гаода 75 мыңдай адам тұрды.
«Тарих-аль-Фетташ» хроникасының дерегі бойынша Томбуктуда 
əрқайсысында 50-ге дейін еңбекшісі бар 26 тігін шеберханасы бо-
лыпты. Тіпті 70 тен 100-ге дейін адам істейтін шеберханалар да 
болған. Сонгай тарихында бірнеше рет құлдар көтерілісі болған. Ол, 
əсіресе Мароккан агрессиясы кезінде кең өрістеді. Құлдар көтерілісі 
Сонгайды ішінен əлсіретіп, оның жойылуының бір себебі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет