қоғам азиаттық түрдегі ерте феодалдық қатынастарға көшті. IX ғасырға қарай вьеттік жер иеленуші ақсүйектер күшейді. Олар
біртіндеп билікті де қолдарына ала бастады. Ал қытай əскері кеткен
соң елдегі билік осы ақсүйектердің қолына көшті, олар бұрынғы
қытай шенеуніктерінің жер иеліктерін де өз қолдарында қалдырды.
Вьеттік ақсүйектердің жер иеліктері оброк төлеп тұрған ерікті шару-
алар қоныстанған қауымның аумақтарынан тұрды. Сонымен қатар
тікелей тəуелді шаруалардың саны бірнеше мыңға жетіп жатты.
Сөйтіп, ақсүйектердің күріштен түсетін артық өнімдерінің көптігі
соншалық, оны сақтайтын бірнеше қамбалар керек болатын.
Əлеуметтік ұйымның маңызды буыны ру болды. Ол хо деп атал-
ды. Оның ішіндегі ең күштісі ақсүйектер қатарына жатқызылды.
Олар қауымның белгілі бір топтарынан салық жинаушылар бол-
ды. Хоның құрамына сол кездегі ұлттық дін — əруаққа табынудың
абыздары да кірді. Олар То Тиен деп аталды.
Кейбір жазба деректер ІІ ғасырдың аяғына қарай Вьетнамға буд-
дизм дінінің тарала бастағанын хабарлайды. Буддизм бұрыннан
келе жатқан монархтың ата-бабаларына табыну, табиғат күштерін
құдіретке теңеу сияқгы діни нанымдарды ығыстыра бастады.
Зерттеушілер Вьетнамға буддизм дінінің таралуының бірінші
кезеңі ІІ—VІ ғасырларды қамтиды дейді. Бұл Үндістанмен тікелей
қарым-қатынас кезеңі болды, классикалық буддизм сол жақтан келді
деген пікірді ұстанады. Деректер осы кезеңде Зяоға келген бірнеше
үндістандық монахтардың атын атайды. Олар: Марадживака мен
Кшудра (188 немесе 194 жж.), Кальянаручи (255—256 жж.), Кала-
шива (ІІІ ғ.) жəне басқалар.
Осы кезде (ІІ ғ. аяғы) Зяода 20 сангха (мешіт) тұрғызылды, мəдени
орталықта 500-ге жуық монахтар болды.
Буддизмнің таралуының келесі кезеңі əдетте мұнда дхьян (вьет.
Тхиен) идеясының пайда болуымен байланысты. V ғасырда вьеттік
монах Хюэ Тханг (440—479) үнділік монах Дхармадеваның (вьет-
намша Дат-ма-де-ба) шəкірті болған деген пікір бар. Сондыктан да
осы екеуі вьеттік тхиеннің негізін қалаушылар болып табылады.
580 ж. Вансуан мемлекетіне бұрын Солтүстік Чжоу патшалығы-
ның астанасында қызмет қылған вьетнамдық монах Винитаручи
келіп, Луйлоудағы Фанван пагодасында будда дінінің мектебін
ашты. Сөйтіп, буддизмнің вьетнамдық дəстүрі Винитаручиді
дхьянаның бірінші насихатшысы жəне бірінші тхиендік мектептің
негізін қалаушы деп санайды. Ол вэньяньға бірнеше сутрларды ау-
дарды. Винитаручидің шəкірті, əрі жолын қуушы вьет монахы Фап
Хиен болды. Вьетнамда буддизм кытайдағыдай қуғынға ұшыраған
жоқ, керісінше, мемлекет тарапынан қолдауға ие болып отырды.
Оған дəлел алғашқы Ли əулетінен шыққан Вансуан императорының
Ли Фат Ты — яғни «Ли Будданың баласы» деген аты.
IX ғасырда вьеттерде жаңа тхиен мектебі пайда болды. Оның
негізін Во Нгон Тхонг қалаған. Ол жартылай вьеттік болған.
Гуанчжоуда туып өскен, вьеттіктерге 820 ж. келді. Жаңа мектептің
орталығы Киеншо (қазіргі Хабак провинциясы) болды. Во Нгон
Тхонг 826 ж. қайтыс болды. Оның мұрагері деп вьеттік монах
Кам Тхань жарияланды. Ол мектептен патриархтардың 17 ұрпағы
шықты. Мектеп XIII ғасырдың ортасына дейін өмір сүрді. Мектептен
шыққан патриархтардың император болғандары да бар. Мысалы
мектепті бітірген сегізінші ұрпақтың өкілі, патриарх Ли Тхай Тонг
(1028—1058) император болды.
Ə д е б и е т т е р:
1. История Востока. В шести томах, т. ІІ.— Восток в средние века.— М.: Восточная литература РАН, 1995.— 192—196 бб. 2. Народы Юго-Восточной Азии.— М., 1966.