С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет33/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   162
Байланысты:
учебник Азия и Африка

Халифаттың ыдырауы. Атлант мұхитының жағалауынан ба-
стап, Үндістан мен Қытай шекарасына дейінгі жерді алып жатқан 
орасан  зор  араб  халифаты  онша  берік  болмады.  Бағындырылған 
халықтар тарапынан жүргізілген көтерілістер оның күш-қуатын 
əлсірете берді. Феодалдық құрылыстың дамуына байланысты жер-
жерде ірі феодалдар күшейе бастады. Аймақтардың наместниктері 
өздерінің атақ мансабын пайдалануға алған жерлерімен қоса, өз 
ұрпағына мирасқа қалдыра бастады. Өздерінің қарамағындағы 
əскер күшіне сүйене отырып, олар халифқа бағынудан бас тартты, 
сөйтіп, өздерінше тəуелсіз билік жүргізушілер болып алды. 
Халифаттың ыдырауы VІІІ ғасырдың ортасында басталды. 756 
жылы Кордова эмираты бөлініп кетіп, ол 929 жылы жеке халифатқа 
айналды. VІІІ ғасырдың аяғы — ІХ ғасырдың басында Марокко мен 
Тунис бөлініп шықты. ІХ ғасырдың ортасында Египет тəуелсіздік 
алды. Мұнда алғаш Тулунилер, ал Х ғасырда Əлінің Фатимилер 
деп аталған ұрпақтары билік құрды. 969 жылы Фатимилер Египетті 
егемен Каир халифатына айналдырды. ІХ ғасырда Шығыс Иран 
(Хорасан), Х ғасырда Батыс Иран да Араб халифатынан бөлініп 
шықты. Амударияның шығысындағы Мəуереннахрда Саманилер 
мемлекеті құрылды (Мəуереннахр — «өзеннің арғы жағы»). Оның 
астанасы Бұқара қаласы болды. Басқа үлкен қалалары Самарқан мен 
Ходжент болды. Х ғасырдың басында Ауғанстан бөлініп шықты. 
Бағдад халифатының қарамағында Месопотамия ғана қалды. Бірақ 
оны да Иран əміршісі өзіне бағындырып алды.
1055  жылы  Бағдадты  Орта  Азиядан  ауып  келген  көшпенділер 
— түрік-селжүктер жаулап алды. Олардың қолбасшысы Ер Тоғрыл 
(Тоғрыл бек) сұлтан деп жарияланды. Енді халифтердің қолында 
діни билік қана қалды. Ол билік те 1258 жылға дейін, монғол жаулап 
алушылығына дейін ғана сақталды.
Сөйтіп, қоғамдық бірліктің, ынтымақтың ұйтқысы болған 
жаңа ислам дінінің рухани беделі араб халифатының құрылуына, 
зор табыстарға жетуіне себеп болды. Ал ІХ ғасырға қарай ис-
лам басшыларының пайғамбар өсиеттері бойынша жүре ал-
май, əділеттілік жолынан ауытқып кетулері жеке феодалдардың 
күшеюіне, ақырында — халифаттың ыдырауына əкеліп соқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет