С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет34/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   162
Мəдениеті. Арабтардың мəдениеті VІІ—Х ғасырларда дүние жүзін-
дегі ең озық мəдениет болды. Еуропадағы ең алғашқы университетті 
— Кордовада — арабтар ашқан. Ондай университеттерді арабтар 
Бағдадта, Каирде де ашқан. «Адамның ең басты көркі — білім»,— 
дейтін араб ғалымдары. Халифатта математика, астрономия, гео-
графия тəрізді ғылымдар өте жоғары дəрежеде дамыды. 
Дамаскіде, Бағдад пен Каир сияқты қалаларда үлкен обсерва-
ториялар ашылды. Араб астрономдары көптеген жаңа жұлдыздар 
ашып, аспан əлемінің өте кұнды картасын жасады. Күрделі аспап-
тарды пайдалана отырып, араб астрономдары жер шарының көлемін 
шамамен есептеп шығара алды, аспан əлемінде көзге көрінетін 
жұлдыздардың  орналасу  тəртібін  сипаттап  жазды.  Орта  Азия 
ғалымы əл-Бируни (973—1048) жер күнді айналады деп дана бол-
жам айтты.
Арабтарда медицина да жемісті түрде дамыды. Орта Азияда араб 
тілінде білім алған ұлы ғалым тəжік Ибн Сина (980—1037) өмір 
сүрді. Оның əсіресе дəрігер ретінде даңқы шықты. Ол өзіне дейін 
айырып болмайтын көптеген аурудың белгілерін баяндап жазды. 
Оның қаламынан жүздеген ғылыми еңбек шықты. Шығыста Ибн 
Синаны «ғалымдардың атасы» деп атады. Біздің жерлесіміз, əйгілі 
философ, энциклопедист ғалым əл-Фараби (870—950) да араб тілінде 
оқып, білім алған. 
Арабтар алгебра (алджебр — «есеп» деген сөзінен «алгебра» сөзі 
шыққан) мен геометрияны, тригонометрияны дамытты. Олар үнді 
цифрлар жүйесін жетілдірді, ең алғаш «ноль» (0) белгісін ойлап тап-
ты.
Арабтар географияны қатты құрметтеді. Бұған арабтың «Ғылым 
іздеп, сапар шеккен адамның алдынан жұмақ есігі ашылады» деген 
мақалы дəлел бола алады. Географтар өзге елдер жайында жазылған 
кітаптарды ғана оқып қойған жоқ, қауіпті алыс сапарларға  аттанып, 
ол елдерде болып қайтты. Сондай араб географы, тарихшыларының 
бірі Масуди (890—956) болды. Ол халифаттың барлық аймақтарын, 
сондай-ақ Индия мен Қытайды аралап шықты. Сол саяхаттарының 
нəтижесін «Алтын алқаптар» деген еңбегінде тұжырымдады. Ибн-
Даст,  Ибн-Фадлан  т.б.  араб  саяхатшылары  славян  елдеріне  барып 
қайтты, олар туралы қызықты мəліметтер қалдырды. Араб географ-
тары өздеріне белгілі елдер мен теңіздердің карталарын жасады.


90
91


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет