С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009


§ 22. Х―ХV ғасырлардағы тропикалық Африка



Pdf көрінісі
бет15/25
Дата22.12.2016
өлшемі7,55 Mb.
#159
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
§ 22. Х―ХV ғасырлардағы тропикалық Африка
1. Батыс Африка мемлекеттеріндегі феодалдық қатынастар.
2. Х―ХV ғғ. Гана, Мали, Сонгай.
3. Хаусан мемлекеттері.
4. Эфиопия мен Судан.
5. Орта ғасырлардағы Шығыс Африка.
Орталық жəне Батыс Суданның халықтары ежелден егін-
шілікпен айналысты, сахараның Оңтүстік шекарасында көшіп-
қонып жүретін малшы берберлер тайпасымен айырбас жасап 
отырды. Батыс Суданның солтүстігінде, Сахель зонасында VІІ―VІІІ 
ғасырларда халықтардың саяси бірлестіктерінің орталықтарына 
айналған сауда пункттері ― Аукар, Мали, Томбукту, Уалата, Гас 
қалыптасты. Бұл қалалардың бəрі Батыс Судан аудандарын бір-
бірімен байланыстыратын керуен жолдарының маңызды буындары 
болды. Нигер, Сенегал, Гамбия, Гульбин, Сокото, Камадугу өзендері 
де маңызды көлік-сауда жолдары болды.
Айырбастың басты заттары ауыл шаруашылығы мен мал 
шаруашылығының өнімдері, тұз, алтын болды. Ал Батыс Суданның 
Оңтүстігі алтын мен кола жаңғағына бай болды. Батыс Судандағы 
айырбастың  құралы  кауридің  қабыршығы,  мыс  жəне  мата 
қиындылары болды.
Нигер өзенінің жоғарғы жəне орта ағысы бассейнінде Гана, 
Мали, Сонгай мемлекеттік /құрылымдар/ бірлестіктері қалыптасты. 
Сенегал бассейнінде волоф, серер, тукулер, фульбе халықтары мен 
тайпаларының мемлекеттік бірлестіктері пайда бола бастады. Чад 
көлінің солтүстік жəне батыс жағалауында ортағасырлық Борну, 
Канем мемлекеттері жəне Хаустың қала мемлекеттері құрылды. 
Судан ― Африканың Солтүстік ендіктегі 8° дейінгі тарихи 
облысы. Ол Атлант мұхитынан Эфиопия тауларына дейінгі аралықты 
алып жатыр. Жалпы көлемі 5 млн. км
2
 /«Судан» ― арабтың ― «ас-
судан» ― «қара адам» деген сөзінен шыққан/.
Батыс Суданның Атлант мұхиты жағалауы мен Гвиней шығанағы 
ауданына түйісіп жатқан жерінде ерте орта ғасырларда Иоруба, 
Бенин, Дагомея, Ашанти мемлекеттері қалыптасты. 
Гана мемлекеті туралы алғашқы мəлімет VІІІ ғасырға жа-
тады. Оның этникалық негізін сонинке халқы құрды. Астанасы ― 
Кумби ― Сале қаласы болды. ІХ ғасырда Гана сауда керуендерін 
тонап, тыныштық бермейтін көршілері ― көшпелі берберлермен 
жиі соғысып отырды. Берберлердің лемтун тайпасының көсемі 
Тилутан Батыс Сахараның барлық берберлерін біріктірді. 919 жылы 
Лемтундар билігі құлаған соң басшылық зенега тайпасына көшті. 
990 жылы Гана зенегаларды жеңіп, олардың басты қаласы, маңызды 
сауда орталығы Аудагосты алды. 
Х ғасырдың басында Гананың саяси қуаты шырқау шегіне 
жетті. 1054 жылы Мароккандық Альморавидтер мемлекеті Ганадан 
Аудагост қаласын басып алды. Бірақ бұл Гананың Батыс Судандағы 
үстемдік жағдайына нұқсан келтірген жоқ. Гананың 200 мыңдық 
əскері болды, оның 40 мыңы садақшылар мен атты əскер еді. 
Гана барлық Батыс Суданның Магриб елдерімен саудасындағы 
үстемдігін сақтады. Оның аумағы арқылы сол кездегі барлық белгілі 
сауда жолдары өтетін. Бірде-бір бер-берлер мен араб көпестерінің 
керуендері Ганаға соқпай кете алмайтын. Саудаға түсетін бұйымдар 
азық-түліктер, негізінен мыс, каур раковинасы, тұз, мата, финик еді. 
Гана қазіргі Мавританияның Оңтүстік аудандарымен жүргізілетін 
саудаға да бақылау орнатты. Гана үкіметі өз аумағы арқылы өтетін 
барлық сауда керуендерінен кедендік салық жинап отырды. Араб 
саяхатшылары мен көпестері Гана патшаларының байлығы туралы 
таңғажайып аңыздар таратты. 
Альморавид /қазіргі Мавритания, Батыс Сахара, Оңтүстік 
Морокко/ сұлтаны Абу ибн-Омар Батыс Суданның Солтүстік 
бөлігін басып алуға, сөйтіп онда Ислам дінін енгізуге тырысты. 1076 
жылы ол Гананың астанасын басып ала алды. Қала талан-таражға 
салынды. Көптеген тұрғындары тұтқынға əкетілді. Гана тункасы /
патшасы/ Менен өзін Альморавидке тəуелді деп мойындады, жыл 
сайын салық төлеп тұрды. Мароккондықтар алтын өндірілетін 
Бамбук ауданын басып алды. 
Мароккандықтардың Ганадағы үстемдігі қысқа болды. 1087 жылы 
Адрар ауданында көтеріліс басталды. Ол көтерілісті басу кезінде 
Абу-Бекр өлді. Мароккандықтар Ганадан əскерінің басым көпшілігін 
шығаруға  мəжбүр  болды.  Бірақ  шет  ел  басқыншылары  Гана 
державасына ауыр соққы болып тиді. Мароккандықтар қуылғаннан 
кейін Гананың аумағы Аукар жəне Бассикуну облыстарымен ғана 
шектелді. 
Батыс Суданда тəуелсіз мемлекеттер пайда болды. Солардың 
бірі Каньяга болды. Ол ХІІ ғасырда Гананың біраз жерін тартып 
алып, қуатты Сосо мемлекетін құрды. Бұл мемлекет, күшейіп келе 
жатқан Мали патшалығы сияқты, Ганаға қауіп төндіріп тұрды. Гана 
Суданның Солтүстік бөлігінің сауда байланыстарының орталығы 
болудан қалды. 1203 жылы Сосо патшалығы Гана аумағын толық 

230
231
жаулап алды. 1230 жылы Батыс Судандағы ең ірі мемлекетке 
айналып, барлық сауда керуен жолдарын өз бақылауына алды. 1224 
жылы сауда жолдарының қиылысында үлкен Уалата қаласы салына 
бастады. 
Сосо мемлекетінің қауіпті бақталасы Мали болды. Мали 
мемлекетінің қалыптасуы VІІІ ғасырға жатады. Малидің шека-
расы алғаш Шығыста Нигердің жоғарғы ағысымен, солтүстікте ― 
Белдугу, батысында ― Бакай өзенінің жоғарғы ағысымен шектелді. 
Мемлекеттің негізгі ядросы тароре, конате, кейта рулары 
орналасқан солтүстік аудан болды. ХІ ғасырда билік құрып тұрған 
əулет ислам дінін қабылдады. Бірақ халықтың басым көпшілігі 
бұрынғы діндерінде қала берді. Арабтар мен берберлердің мұсылман 
көпестері Малиге жиі қатынасып тұрды жəне үкімет тарапынан 
қолдаушылыққа ие болып отырды. 
Малидің экономикалық жəне саяси қуатының күшеюі ХІІ 
ғасырдың екінші жартысына жатады. Бұл кезде Малидегі өкімет 
билігі кейт руының қолына көшті. Бұл рудың көрнекті мемлекеттік 
қайраткері, қолбасшысы Сундиата 1230―1255 жылдары патшалық 
құрды. Оның кезінде қатаң тəртіпке бағынған күшті армия құрылды. 
Алғашқы басқыншылық жорық нəтижесінде Мали өзіне Санкаран 
мен Фута-Джаллон облыстарын қосып алды. Сонан соң Сундиата 
Шығысқа жорық жасады. Оның барысында Нигер мен Бауле 
өзендерінің аралығын жаулап алды. 
Сундиата Сосо патшалығымен оның Оңтүстігін басып алу 
үшін соғысты. Сундиата Белдугу мен Киринуды, Нигердің оң 
жағасындағы Кениенко ауданын жаулап алды. 1235 жылы Кирине 
маңындағы шайқаста Сосо əскері талқандалды. Сөйтіп, Сосо жерінің 
едəуір  бөлігі  Малиге  қосылды.  1240  жылға  қарай  Сундиатаның 
қол астына барлық Сосо жері көшті. Сундиата мемлекеттің жаңа 
астанасы ― Ниани қаласын салғызды. Ол Санкарани өзенінің оң 
жағасында салынды /қазіргі Ниора қаласының маңында/.
Мали Батыс Судандағы ең күшті мемлекетке айналды. ХІІ 
ғасырдың екінші жартысында Мали басқыншылық соғыстарын 
жалғастырып, аумағын онан сайын кеңейтті. Көптеген əскери 
қолбасшылар жаулап алынған жерлерде қалып, вассалдық 
патшасымақтарға айналды. Мали империясының құрамына Батыс 
Суданның ірі сауда жəне мəдени орталықтары ― Уалата мен 
Томбукту да кірді. 
Малидың басқа елдермен сыртқы байланысы кеңейді. Магриб /
Тунис ― Алжир ― Марокко/ пен Египет мемлекеттерімен жүйелі 
сауда айырбасы қалыптасты. Малидың сыртқы саяси байланысы 
да кеңейді. Марокко сұлтандарымен дипломатиялық қатынас 
орнатылды. 
ХІV ғасырдың екінші жартысындағы Мали тарихы мемлекеттік 
төңкерістерге, ішкі талас-тартыстарға толы болды. Бұл жағдайды 
оның көршілері пайдаланып қалуға тырысты. 
Малидің басты бақталастыры Сонгай мемлекеті мен Моси 
тайпасының мемлекеті ― Ятенга болды. Мали мемлекетіндегі 
қоғамның негізгі ячейкасы патриархалды отбасы болды. 
Оның құлдары мен ерікті қызметкерлері де отбасы мүшесі деп 
есептелді. Осындай бірнеше отбасы ауылдық қауым-дугаға бірікті. 
Патриархалды отбасының басшысы үстемдік етті. Онан соң кіші 
отбасыларының иелері келесі сатыда тұрды. Ерікті қолөнершілер 
мен диқандар қауымының қатардағы мүшелері саналды. 
Қоғамдық иерархияның ең төменгі сатысында құлдар тұрды. 
Құлдың  келесі  ұрпақтары  ерікті  қызметкерлер  қатарына  қосыла 
беретін. Қауымның қатардағы мүшелері, құлдар мен еркімен 
жүргендер аптасына 5 күн патриархалды отбасының иелігінде 
жұмыс істеуге тиіс болды. Қалған екі күнді өз үлестерінде істейтін. 
Ол үлесінен түскен өнім өзінде қалатын. Жер бөлу, сот биліктері 
патриархалды отбасының қолында болды. Қызметтері үшін 
əскербасылары, жауынгерлер ел басшыларынан алтын, жер алып 
отырды. Жері үшін қызмет атқаруға міндетті болды. 
Ортағасырлық Малидің шаруашылығы натуралды болды. Мали 
қауымдарында қолөнершілер тобы болғанымен, басқа қауымдармен 
тауар айырбасы қажет болмады. Жергілікті рыноктар болғанымен 
олар шағын аудандар көлемімен шектелді. Томбукту мен Дженне 
— Малидің маңызды сауда жəне қолөнері орталықтары болды. 
Қалаларда солтүстік африкалық көпестер мен мұсылман-діндарлар 
да тұрды. Олар жеке кварталдарда тұрып, өздерін-өздері басқарды. 
Сонгай мемлекеті.  Мали мемлекеті əлсіреген кезде Сонгай 
мемлекеті күшейе түсті. Сонгайлықтар Малидың шығысында тұрды. 
Бірнеше ғасырлар бойы Мали патшалығына алым-салық төлеп 
келді. ХV ғасырдың басында сонгайлықтар Малиден тəуелсіздігін 
алды. Көрші тайпаларды бағындырып, сонгайлықтар өз биліктерін 
Дженнеге дейінгі Нигер өзенінің орта ағысындағы аумаққа орнатты. 
Мемлекет басында берберлік əулет тұрды. 
Сонгай  мемлекетінің  күшеюі  ХV  ғасырдың  ортасына,  Али 
Бер билігі /1464/ 1465―1492 жж./ кезіне жатады. 1468 жылы Али 
Томбуктуды басып алды. Жеті жылдан кейін ол ірі сауда орталығы 

232
233
Дженнені басып алды. Али Бер 1492 жылы кезекті бір соғыс кезінде 
қаза тапты. Оның баласы Бакари-Дааның билігі ұзаққа созылмады. 
Али Бердің əскер қолбасшысы, Сонинке тайпасының өкілі Мухаммед 
Туре Бакари-Дааға қарсы шықты. Ол 1493 жылы Ангоо маңындағы 
шайқаста Бакари ― Дааның əскерін жеңді. Сонгай астанасына кіріп, 
өзін І-Мухаммед /1493―1528/ деген атпен патша деп жариялады. 
Мухаммед күшті кəсіпқой армия құрды. Енді шаруалардың 
жұмыстан қол үзуінің қажеті болмады. 1494 жылы Сонгай Диага 
патшалығын қосып алды. Көп кешікпей Мухаммед Малидің ірі 
провинциясы ― Багануды Сонгайға қосып алды. 1513 жылы 
хаусандық Кацина мемлекеті жаулап алынды. Келесі бір хаусандық 
мемлекет ― Кеббимен бітім жасады. 1515 жылы Агадес қаласы мен 
оның облысы басып алынды. 
Жаулап алынған жерлердің халықтары Сонгай үстемдігіне 
қарсы көтеріліс жасап отырды. 1517 жылы Баганада бұрынғы Мали 
патшасының əкімі Кама Кейт басқарған көтеріліс болды. Ол өте 
қатаңдықпен басып тасталды.
Сонгай державасының қоғамдық құрылысы құлдықтан 
феодализмге өту кезеңінде болды. Ел басшылары өз иеліктерінде 
200―300 құлдан 1000 құлға дейін ұстады. Бірте-бірте бұл құлдар 
басыбайлы шаруаларға айналып, өз қожайындарына натуралды 
рента төлеп тұрды. Құлдардың 3―4-ші ұрпақтары ерікті шаруаларға 
айналып отырды. Бірақ өзінің қожасына белгілі бір мөлшерде тəуелді 
болды. 
Қала тұрғындары еріктілер болды. Сонгай мемлекетінің астанасы 
― Гао қаласында шамамен 75 мың адам тұрды. «Тарих аль-феташ» 
деген Сонгай жылнамасының мəліметі бойынша Томбуктуда 
əрқайсысында 50 жұмысшысы бар 26 тері илеу, т.б. шеберханалары 
болған. Тіпті 100-ге жуық жұмысшылары бар шеберханалары 
жұмыс істеген. 
Моси тайпалары құрған мемлекеттер. ХІ ― ғасырда Вольта 
өзенінің  бассейнінде  өмір  сүрген  моси  тайпаларының  Уагадугу, 
Ятенга, Фада-и-Гурма деген мемлекеттері құрылды. 
Уагадугу мемлекеті 16 провинциядан құрылды. Уагадугу 
мемлекетінің басшысына 5 провинция тікелей бағынды. Қалған 
11 провинцияның басында жергілікті көсемдер тұрды. Өкімет 
басшысының жанынан 16 кеңесшіден тұратын Кеңес құрылды. 
Уагадугу, Ятенга жəне басқа да ірі елді мекендерде құлдар сататын 
рыноктар болды. Құлдарды тек ауыр жұмыстарға ғана емес, ірі 
əкімшілік қызметтерде де пайдаланды. 
Моси тайпаларының екінші ірі мемлекеті Ятенга ХІІ ғасырда 
құрылды. Оның негізін бұрынғы Уагадугуға вассалдық тəуелділікте 
болған Зандома князьдығы құрды. ХІІІ―ХІV ғасырларда ол Сонгай 
империясы мен Мали мемлекетінің тарапынан өз аумағын ұлғайтты. 
Ятенганың астанасы Груси тауында болды /Ятенга қаласы/.
Ятенганың мемлекеттік, қоғамдық құрылысы Уагадугудағы 
құрылысқа ұқсас болды. Əкімшілік аппараты Уагадугудың аппара-
тынан едəуір көп болды. Провинциялардың əкімдерін орталық 
өкімет тағайындады. Ол қызмет əкеден балаға мұра ретінде қалып 
отыратын. Провинциялардың бастықтары мосаи тайпасының 
өкілдерінен ауылдардың бастықтарын тағайындады. Басып алын-
ған жерлерде сондай ауыл бастықтарынан басқа жергілікті ру 
көсемдері де қосымша бастықтар болып тағайындалатын. Олар 
«жер иелері», «жер қожалары» деп те айтылатын. 
Ятенгада тұрақты салық жүйесі қалыптасты. Салықты тек 
бағынышты нионьосе, само, диула, фульбе тайпалары ғана төледі. 
Мосиліктер салықтан босатылды. Салықтар, сауда керуендерінен 
алынатын кедендік алымдар астық, тұз, мал түрінде жиналатын. 
Текрур, Джолоф, Фута-Торо мемлекеттері. Сенегалдың орта 
жəне төменгі ағыстарындағы облыстар мен қазіргі Мавритания-
ның оңтүстік бөлігі ежелден волоф жəне серер халықтарымен 
қоныстанған болатын. Кейінірек мұнда фульбе тайпасы мен соларға 
туыстас тукулерлер пайда болды. VІІІ  ғасырда  осы аумақта өз 
билігін Футо-Торо облыстарына жəне волофтар мен серерлер 
қоныстанған аудандарға таратқан Текрур мемлекеті құрылды. VІІІ 
ғасырдың аяғына дейін Текрурде Саль əулеті билік құрды. Сол кезде 
Текрур аумағында қалалық сауда орталықтары қалыптасты. Ол: 
Атлант мұхитының жағасындағы Авлиль /тұз бен балық рыногы/, 
Сенегал өзені бойындағы Сенеган. Бұл қала Текрур мемлекетінің 
астанасы болды. Бұл қалада мата тоқу ісі дамыды. 
ІХ ғасырдың басында Текрурде үкімет басына фульбалық Дьяго 
əулеті  келді.  Фульбелердің  Текрурдегі  билігі  ХІ  ғасырға  дейін 
созылды. Тукулерлер көтерілісінің нəтижесінде өкімет басына 
Манн  əулеті  келді.  Бұл  əулет  Ислам  дінін  енгізді.  Текрур  өкіметі 
Альморавидтермен  одақ  жасасып,  оларға  əскери  отрядтар  беріп 
отырды. Сөйтіп Мароккандықтардың Ганаға қарсы соғыстарын 
қолдап отырды. 
ХІІІ ғасырда Мали патшасы Сундиата Сосо патшалығын 
талқандаған соң 1250 жылға қарай сосолықтар Текрурге барып 
паналады. Өкіметке қарсы тұрған күштерге сүйене отырып, 

234
235
сосолықтар 1250 жылы Текрур мемлекетіндегі билікті басып алып, 
оны жүз жыл қолында ұстады. 
1350  жылы  Текрурде  Ндьядьян  Ндьяйе  басқарған  волофтар 
көтерілісі болды. Волофтар тəуелсіз Джолофтар мемлекетін құрды. 
Əлсіреген Текрурмен соғыстың нəтижесінде волофтар бүкіл Фута-
Торо облысын өз мемлекетіне қосып алды. Джолоф мемлекеті өзінің 
Сенегалдағы үстемдігін ХVІ ғасырға дейін сақтады. 
1520  жылы  Фута-Торолық  Фульбе  Джолофтың  билігіне  қарсы 
көтеріліс жасады. Олар тəуелсіздігін жеңіп алды. Үкімет басына 
келісімен көтеріліс басшысы Коли Галадио Бамбук патшалығының 
алтынға бай ауданын басып алуға тырысты. Бірақ жеңіліп қалды. 
Сонан кейін ол серерлерді Джолофтарға қарсы көтеріліске шығарды. 
Джолофтар жеңілді. Галадио əулеті футо Тороны 1776 жылға дейін 
биледі. 
Ортағасырлық Текрур, Джолоф, Футо-Торо ерте феодал-дық, 
қауымдық қалдықтардан айырылмаған мемлекеттер болды. 
Қоғамның негізгі ячейкасы үлкен патриархалды отбасы болды. 
Мұндай  отбасылары  аумақтық  қауымдарға  бірікті.  Ал  қауымдар 
натуралды шаруашылық жүргізді. Бұл мемлекеттерде волофтар 
мен серерлер тайпалары егіншілікпен, ал фульбе мен тукурерлер 
тайпалары мал шаруашылығымен айналысып, бір-бірімен азық-
түлік айырбасын жүргізіп отырды. Бұл мемлекеттердегі аумалы-
төкпелі жағдайдың басты себептері əр діндегі отырықшылар мен 
көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын тайпалар арасындағы 
қайшылықтар болды. 
Хаусандық мемлекеттер. Сонгай мемлекетінің Шығыс 
шекарасынан Чад көлінің Батыс жағалауына дейінгі ұланғайыр 
аумақта хауса тайпалары тұратын. Оларда таптық құрылыс 
қалыптасты. Қолөнері егіншіліктен бөлініп шықты. Сауда да-
мыды. Хаусандық қолөнері жоғары дəрежеде дамыды, əсіресе мата 
тоқу  ісіндегі  шеберлік  өте  жоғары  болды.  Хаусан  маталары  мен 
теріден тігілген киім-кешек т.б. бұйымдары бүкіл Батыс Африкаға 
тарап, Гвинея жағалауына дейін жетті. Хаусандық мемлекеттердің 
əлеуметтік құрылымында /структура/ құл иеленушілік кең орын 
алды. Құлдар еңбегі тек егіншілікте ғана емес, қолөнерінде де 
қолданылды. Сонымен қатар Хаусандық қоғамда рулық құрылыстың 
да қалдықтары сақталды. 
Хаусандық жылнамалар жеке мемлекеттердің құрылуын VІІІ―Х 
ғасырларға жатқызады. Хаусандар тарихында Даура, Кано, Зария, 
Гобир, Кацина, Кебби, Вангара мемлекеттері елеулі рөл атқарды. 
Хаусандық мемлекеттердің ішіндегі ең ірілерінің, экономикалық 
жағынан  жоғары  дəрежеде  дамығандарының  бірі  Кано  болды. 
Ол маңызды сауда жолдарының қиылысына орналасқан еді. Кано 
тек Солтүстік Африкадағы Тунис, Ливиямен ғана емес, сондай-ақ 
Оңтүстік Африка елдерімен де /Гана, Оңтүстік Нигерия/ қызу сауда 
байланысын  орнатты.  Əсіресе  Гонджа  мемлекетімен  /қазір  Гана 
аумағында/ кола жаңғағымен сауда кең орын алды.
Хаусан жылнамасы Кано мемлекетінің құрылуын ХІ 
ғасырға жатқызады. ХІV ғасырда Кано мен басқа да Хаусандық 
мемлекеттерде Ислам діні тарады. Ислам дінін негізінен үкімет 
басшылары мен қала тұрғындарының біраз бөлігі қабылдады. 
Ауылдық жерлерде анимистік сенім сақталып қала берді. ХІV 
ғасырдағы Кано патшалығы басқыншылық соғыстар жүргізді. 
Мысалы, Яджи /1349―1385/ патша коророфа тайпасына бірнеше 
жорықтар жасады. Канаджеджи тұсында /1390―1410/ Кано əскері 
біраз уақытқа Хаусандық мемлекеттің бірі ― Зарияны басып алды. 
ХV ғасырдың бірінші жартысында Кано Борну сұлтанына 
уақытша тəуелділікке түсіп қалды. Бірақ сол ғасырдың екінші 
жартысында Жақып патшалық құрған /1452―1463/ кезде, кейін 
Римфа патшаның /1463―1490/ тұсында Кано тəуелсіздігін қайтарып 
алды. Бұл кезде Каноның экономикалық қуаты арта түсті. Жаңа 
астана тұрғызылды. Зəулім сарайлар мен мешіттер салынды. Кано 
тас дуалмен қоршалды. 
Римфа патша Кацина мемлекетін басып алуға əрекет жасады. 
Бұл екі мемлекет арасындағы соғыс үзілістермен 70 жылға созылды. 
Бұл соғыстарды Сонгай патшалығы пайдалана қалды. Ол еш 
қиыншылықсыз Кацина мен Зарияны ғана емес, Каноның өзін де 
басып алды. Бұл үш мемлекет жарты ғасыр бойы Сонгайға алым-
салық төлеп тұруға мəжбүр болды.
Кацина Нил алқабынан Мали патшалығына баратын керуен 
жолының бойындағы маңызды сауда пункті болды. Мемлекеттің 
құрылуы ХІ ғасырға жатады. Кацинаның өте ыңғайлы да маңызды 
экономикалық жағдайы үшін Мали оған бақылау орнатуға тырысты. 
Бұл əрекет, əсіресе ХІV ғасырда күшейді. Осы кезде елге ислам діні 
ене бастады. ХV ғасырда Кацина Борнудың басқыншылық саясатына  
ұшырады.   Кацина патшасы Цага Рана /1431―1480/ Борну үстемдігін 
мойындап, жыл сайын 100 құл беріп отыруға міндеттенді. 
Кацина Каномен, Кеббимен, Джукунмен ұзақ соғыстар жүргізді. 
Саудадағы бақталасы Каноның əлсіреуі Кацинаның бүкіл Орталық 
Судандағы саудада үстемдік жағдайға ие болуына мүмкіндік берді. 

236
237
1469 жылы Кацина патшасы Рана Хасан Каномен соғыста жеңіске 
жетіп, Джукун /Коророф/ патшалығымен бейбіт бітім жасады. 
Халқы сонгай мен хаус метистерінен тұратын Кебби патшалығы 
Нигер өзенінің сол жағасында Замфара мен Денди аралығында 
орналасты. Кебби Сонгай патшалығына қарсы күресте қалыптасты. 
1515 жылы Канте деген көсем Сонгай аскиі /əскер басы/ Мұхаммед-
тің отрядтарын талқандады. Кеббидің күшті армиясы құрылды. Ол 
ХVІ ғасырда Борну сұлтанының армиясын жеңіп, ХІХ ғасырдағы 
/1805 ж./ фульбе басып алушылығына дейін өз тəуелсіздігін 
сақтады. 
Хаусандық қала-мемлекеттердің қауіпті қарсыластары Сонгай 
патшалығы мен Борну сұлтанаты болды. Бұл екі мемлекет 
жекелеген Хаусан патшасымақтарының арасындағы сауда жəне 
саяси бақталастықтарды шебер пайдаланып отырды. Əсіресе Кебби 
мен басқа Хаусандық мемлекеттер арасындағы бақталастық ұзақ та 
бітіспес болды. Бұл күресте Кебби Хауыстың басты жауы ― Сонгай 
патшалығы жағында болды. Тек ХVІ  ғасырда Сонгай патшалығы 
құлдырай бастағанда, Хаусандық мемлекеттер өз тəуелсіздіктерін 
толық қалпына келтірді. Бұл жеңіске хаусан тайпаларының біркелкі 
халық болып біріге бастауы да үлес қосты. 
Канем жəне Борну мемлекеттері. Чад көлінің маңы Африканың 
ежелгі өркениетінің ошағы болды. Ол өркениетті жасауда канембу 
мен канури халықтары басты рөл атқарды. 
Канембу көлдің шығыс жағасында, ал канури ― батыс жағасында 
тұрды. Канембу халқы құрған Канем мемлекеті VІІІ ғасырда еске 
алынады. Бұл мемлекеттің астанасы Нджими қаласы болды. ХІ 
ғасырдың аяғында Канемнің басшылары ислам дінін қабылдады. 
Осы ғасырда Канем патшаларының жаулап алушылық саясаты 
басталды. Олар күшті армия құрды. Жаяу əскермен қатар атты 
əскер құрылды. Чад көлінің маңындағы басқа этникалық топтарды 
жаулап алу Канем мемлекетінің аумағын ұлғайтты. 
ХІІІ ғасырда Канем саяси қуатының ең жоғарғы шегіне жетті. 
Канемнің  30  мыңдық  атты  əскері  көрші  тайпалар  үшін  алып-
жойқын күш болды. Канемнің аумағы солтүстікте Феццанаға /
Ливия/, оңтүстікте Дикоаға, шығыста Ваданга, батыста ― Нигерге 
дейін созылды. 
Канемнің басқыншылық саясаты бағындырылған халықтардың 
қарсылығын туғызып отырды. Канур жəне Теда тайпалары 
көтеріліс жасады. Булала тайпасы Канемнің шығыс шекарасына 
шабуыл жасап отырды. ХІV ғасырдың аяғында олар тіпті Канемнің 
астанасы Нджимиді де басып алды. Онар патша /1394―1398/ Канем 
аумағын тастап, Чад көлінің батысына барып орналасуға мəжбүр 
болды. Мемлекеттің орталығы Борну провинциясы болды. Оның 
аты мемлекеттің атына айналды. 
Иоруба мемлекеттері. Нигерия мен Дагомеяның оңтүстігі 
Африканың ежелгі мəдени орталықтары болды. Еуропалықтар 
келгенше бұл облыс өз бетімен дамыды. ХІ ғасырда Иорубаның 
қоғамдық құрылысында алғашқы қауымдық қоғамның да, құлдық 
қоғамның да, феодалдық қатынастардың да белгілері болды. 
Иоруба экономикасының негізі егіншілік болды. Қолөнері 
жоғары дəрежеде дамыды. Иоруба мемлекеттерінің бұйымдары 
бүкіл Гвинея жағалауына тарап жатты. Əсіресе мата тоқу, тері-
терсек илеу, əйнектен, металлдан бұйымдар жасау кең өріс алды. 
Иоруба мемлекеттерінің ішіндегі ірісі Ойо болды. Оның құрылуы 
ІХ-Х ғасырлар ортасына жатады. Мемлекеттің негізін қалаушы, 
жалпы йорубалықтар тұқымының арғы атасы Одудва деп есептеледі. 
Ол тіпті құдайға да теңелген.
Иоруба көсемдерінің бірі Одеде алафин /үй иесі, қожасы/ деген 
атақ  алды.  Оның  қасында  ақсүйектер  кеңесі  құрылып,  билікке 
араласып отырды. Кеңес əкімшілік жəне заң шығарушылық, сот 
биліктерін бірдей атқарды. Қалаларды екі жылға тағайындалатын 
əкімдер басқарды. Олар ауыл бастықтарын тағайындап отырды. 
Қала əкімінің қасында да Кеңес құрылып, билікке араласты. 
Ойода тұрақты салық жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің табысы 
шаруалардан, қолөнершілерден жиналатын салық пен рынокта 
сатылатын тауарлардан түсетін. 
Эфиопия. Х ғасырда Шығыс Африкадағы ірі мемлекеттің бірі 
Эфиопия болды. Мұнда ХІІ ғасырға дейін Фалаш əулеті билік құрды. 
Ал ХІІ ғасырда өкімет билігі христиан дініндегі Загва əулетіне 
көшті. Астанасы ― Ласта қаласы, патшалары ― Негус деп аталды. 
Х ғасырда Эфиопияның ежелгі астанасы ― Аксум қираған болатын. 
Аксум патшалығы өмір сүруін тоқтатты. Орталық Африкадағы 
билік жаңа əулеттің қолына көшті. Бұл иудей дінін ұстаушы фалаш 
əулеті ХІІ ғасырға дейін билік құрды. 
ХІІ ғасырда өкімет билігі христиан дініндегі Загва əулетіне көшті. 
Ол Ласта провинциясының тұрғындары болатын. Мемлекеттің 
астанасы сонда көшірілді. Бұл əулет бір ғасыр бойы билік құрды. 
Оның  ішінде,  əсіресе  Лалибала  ерекше  белгілі.  Ол  жартастардан 
христиан шіркеулерін қашап салғызған. 
ХІІІ  ғасырда  өкімет  басына  Соломондар  əулеті  келді.  Оның 
бірінші патшасы Йекун Амлак /1270―1285/ тұсында астанасы Шоа 

238
239
провинциясындағы Анкобер қаласына көшірілді. Ортағасырлық 
Эфиопияның саяси құрылысы феодалдық иерархияға негізделді. 
Эфиопия шығысында мұсылмандық Сомали мемлекетімен шектесіп 
жатты. Батысындағы шекарасы ― Тан көлі болды. ХІV ғасырдан 
бастап Сомали мен Харар эмираты Эфиопияға жиі-жиі шабуыл 
жасап тұрды. 
Əрбір  мемлекеттік чиновник ― провинция бастығы растан 
бастап, кішігірім ауыл басшысына дейін феодалдар болды. 
Провинция, округ басшылары əскери билікті сот жəне əкімшілік 
биліктерімен бірге атқарды. 
Эфиопияда да рулық қатынастар белгісі сақталды. Феодализмнің 
даму барысында қауымдық жер иелігі ыдырай бастады. Қауымдық 
жер  адди деп аталды. Жер үлестерін ықпалды отбасылары жеке 
меншіктеріне айналдыра бастады. Аддиде қауым мүшелерінен басқа 
келіп-кететіндерге араналған жерлер де болды. Жер шаруаларымен 
қоса жеке адамдарға беріле бастады. Ол үшін жер иеленуші негусқа 
немесе ірі феодалға белгіленген салық төлеп, міндеткерлік атқарып 
отыруға тиіс болды. 
Барлық жердің иесі негус деп саналды. Феодалдық бы-
тыраңқылық кезінде мұндай құқтармен растар пайдаланды. 
Негустар мен растар ірі феодалдық жер иеленушілер болды. 
Эфиоптық шіркеу де ірі жер иесі болды. Ол жерді негізінен құлдар 
өңдеді. Феодалдар жерлері жалгер шаруалар күшімен өңделетін. 
Құлдар еңбегі де пайдаланылды. Феодалдар шаруаларды əр төрт 
күннің бірінде өздеріне жұмыс істеуге, жол құрылыстарын салуға, 
жүк тасуға жұмсауға құқылы болды. 
Эфиопияда тұрақты салық жүйесі болды. Сонымен қатар «дерго» 
деген міндеткерлік болды. Ол мемлекеттік аппараттың қызметкерін 
күтіп алу, тамақ, көлікпен тегін қамтамасыз ету міндеті болды. 
Жеке феодалдар үйлерінде құлдар еңбегін де пайдаланды. Құл-
дар қолөнершілікпен айналысып, феодалдарға қажетті бұйымдар 
жасаумен шұғылданды. Құлдар еңбегі рынок үшін шығарылатын 
өнімдерге пайдаланылмады. Құлдар феодалдардың иеліктерінде 
жер үлесін алып, басыбайлы шаруалар қатарлы еңбек етті. Құлдарды 
өлтіру қылмыс деп саналды. Құл өз қожайынының үстінен сотқа 
арыз бере алатын болды. Христиан дінін қабылдаған құлды сатуға 
тиым салынды. Феодалдық бытырыңқылық, көптеген ішкі кедендік 
кедергілер, керуен жолдарындағы күзеттің жоқтығы сауданың 
дамуына зиян келтірді. 
ХІХV ғасырлардағы Судан. ХІ―ХV ғасырларда қазіргі 
Суданның аумағы Нубия деп аталды. ХІ ғасырда Нубияда бірнеше 
ұсақ тəуелсіз князьдықтар өмір сүрді. Араб географы аль-Идрисидің 
мəліметі бойынша ХІІ ғасырда Нубияда ұланғайыр, əрі бай мемлекет 
өмір  сүрді.  Ондағы  жекелеген  князьдықтар  өздерін  Донгола 
патшаның вассалы деп есептеді. 
Фатимидтерді Айюбидтердің ауыстыруы кезіндегі /909―1171/ 
Египеттегі орталық биліктің əлсіреуін пайдаланып, Мукурра 
нубилері Египеттің оңтүстік иеліктеріне шабуыл жасады. Бұл 
шабуыл ХІІІ ғасырдың аяғында Мукуррада Давид патшалық 
құрғанда қайталанды. Бұл кезде Египет мамлюктері кресшілермен 
соғысып жатты. Сол себепті 1272 жылы Давид Египеттен Айюб 
пен Асуанды оңай басып алды. Бірақ, 1275 жылы Египет сұлтаны 
Бейбарыс /1260―1277/ Мукурра əскерін талқандап, үкімет 
басшыларын тұтқынға алды. Мукурраның үкімет басына Маканда 
деген өз адамын отырғызды. Үкімет билігі сөйтіп сырттан келген 
мұсылмандар қолына көше бастады. 
Салық жүйесіне өзгерістер енгізілді. Мукурра өкіметі Египетке 
жыл сайын 400 ірі қара, 100 түйе, жабайы аңдар, финик, мақта-мата, 
құлдар жіберіп отыратын болды.  
Египет үкіметі Мукурраның үстінен саяси үстемдік те жүргізді. 
Өздерінің көңілін таппайтын Мукурра басшысын орнынан алып 
тастап, қалаған адамдарын тағайындап отырды. 
1304―1305 жылдары Мукуррада көтеріліс болды. Оны басу үшін 
Аммий Египеттен көмек сұрады. Үкіметке наразы болған халық 
жаппай мұсылман дініне кірді. Елге келіп кірген мамлюк əскерлерін 
халық өзін құтқарушы ретінде қуана қарсы алды. Бұрынғы 
христиан дініндегі өкімет басшысы орнынан алынып, оның орнына 
Каирде өскен, ислам дінін қабылдаған Бершамбо отырғызылды. 
Донголадағы кафедралды собор мешітке айналды.
ХІV―ХV ғасырларды Судан аумағына араб тайпаларының 
қоныстануы одан əрі жалғасты. Араб тілі мен діні тез тарай бастады. 
Араб халықтары ежелгі Судан мəдениетін меңгерді. Араб əлеміне 
жату мақтаныш сезімін туғызатын болды.
ХVІ ғасырдың басында Көк жəне Ақ Нилдің қосылатын жерінде 
Сеннар мемлекеті, Нил алқабының батысында, Кордофан тауында 
Дарфур мемлекеті құрылды.
Орта ғасырлардағы шығыс Африка. Шығыс Африка аумағын 
мекендеген халықтар ХІХ ғасырлардағы еуропалықтар жаулап 
алғанға дейін таптық қоғамға жеткен жоқ еді. Олардың көпшілігі ірі 
саяси бірлестіктер де құрған жоқ. Бірақ орта ғасырларда бұл жерде үш 
аймақ қалыптасты. Біріншісі Виктория, Рудольф өзендерінің маңы, 

240
241
яғни өзенаралық аймақ; екіншісі ― оңтүстікке таман, Замбези мен 
Лимпопо өзендерінің аралығы; үшіншісі ― Үнді мұхиты жағалауы, 
солтүстігінде қазіргі Сомалиден, оңтүстігінде қазіргі Мозамбикке 
дейінгі аймақ. Өзенаралық аймақта ортағасырларда Буганда, 
Анколе, Торо, Буха, Руанда, Бурунди мемлекеттік бірлестіктері 
қалыптасты. Бірнеше мың жылдар бойы бұл елдер басқа жоғары 
дəрежеде дамыған елдермен араласпай, өзімен-өзі болды.
Х―ХІ немесе ХІІ―ХІІІ ғасырлар аралығында Шығыс Африка-
дағы бірінші ерте мемлекеттік бірлестік ― Китара-Буньоро 
құрылды.  Ол  бірлестіктің  күшейген  кезі  ―  ХІV―ХV  ғасырларда 
Бачвези  əулеті  патшалық  құрған  кезде  болды.  Көшіп  келгендер 
жергілікті халықтың арасына тез сіңіп кетті. Олар мəдениеті 
төмендеу болғанымен, мал-мүлкі көп болғандықтан қоғамда үстем 
тапқа айналды. Олар жақсы қорғалған мекендер салды. Соның бірі 
― Биго. Ол əрі астана, əрі оңтүстіктегі қорғаныс пункті болды. Бұл 
бірлестік қазіргі Уганда аймағын қамтыды. 
Китара Буньоро мемлекетінің басында омукама тұрды. Оның 
билігін кеңес шектеп отырды. Өкімет жайылымды бөлді, салық 
жинады, құрылыс жұмыстарын басқарды. Басшылар Омукамадан 
жалақы ретінде мал алды. Халық этникалық тегіне, айналысатын 
кəсібіне қарай бөлініп, əрқайсысы əр түрлі қаналды. Төменгі сатыда 
егіншілікпен айналысатын банту этникалық тобы, олардан жоғары 
сатыда ― қора-қора мал иелері, байлар тұрды. Ел басқару тізгіні 
солардың қолында болды. 
Суахили қала мемлекеттері. Африканың шығысындағы елдері, 
Солтүстік-Шығыс Африкадағы елдердегідей болмаса да, ежелден-
ақ  Таяу  Шығыстан  жəне  Жерорта  теңізі  регионындағы  елдермен 
байланыс орнатты. Қазіргі Сомалиді гректер Азания деп атады. Ал 
ортағасырларда арабтар оны Барбар деп, ал Кения мен Танзанияны 
зинджа елі деп атады. Танзанияның оңтүстігі мен Мозамбиктің 
солтүстігін Софала деп атады. Араб көпестері жергілікті халық-
тармен сауда-саттық жасап тұрды. 
Арабтар піл сүйегін, тасбақа қабыршығын, мүйіз тұмсықтың 
мүйізін, сирек кездесетін аңдар мен жануарларды матаға, темір-
терсек бұйымдарына айырбастап алып отырды. Африка тауарлары 
Қытай мен Индияға да жетіп жатқан. Шығыс Африкадан VІІІ―ХV 
ғасырлардағы Қытай монеталары, фарфор бұйымдарының 
сынықтары табылған. 1415 жылы Қытайда Малиндидің елшілігі 
болып қайтқан. 1418 жылы Могадишо, Джуба, Брава қалаларында 
атақты  теңізші-қолбасшы  Чжэн  Хэ  басқарған  Қытай  флотилясы 
болып қайтты. Қытай флоты Шығыс Африкаға 1421―1423, 1430 
жылдарда келіп қайтты. 
Шығыс Африкада, Үнді мұхиты жағалауында бушмендер мен 
готтентоттар тұрды. Оларды орталық Африкадан қоныс аударған 
банту халқы оңтүстікке қарай ығыстырды. Танзания аймағында 
хадзапи, сандаве халықтары тұрды. 
Аравиядағы ішкі қақтығыстар кезінде қашқан топтар VІІ 
ғасырлардан кейін Шығыс Африкаға орныға бастады. Олар ірі сауда 
орталықтары болған Могадишо, Ламу, Пате, Килва, Памба, Мафия, 
Момбаса, Малинди, Геди қалаларының негізін қалады.
Бұл  қалалар  арабтар мен  жергілікті  халықтардың салт-  
дəстүрлері мен əдет-ғұрыптарының, діні мен тілінің, мəдениетінің 
араласуының нəтижесі, яғни ол қалаларды таза арабтық немесе 
таза африкалық деп бөлуге болмайды. Қоныс аударушы арабтар 
əдетте отбасы жоқ, басы бос ер адамдар болатын. Олар жергілікті 
халықтардың қыздарына үйленіп, бірте-бірте араласып кетті. 
Ресми тіл ― араб тілі болды. Ер адамдар арабтарша киінетін де, 
əйелдер африкандықтар дəстүрі  бойынша  киіне  берді. Негізгі 
дін  ―  ислам    діні  болды.  Бірақ,  көптеген  жергілікті  халықтар  өз 
діндерінде қала берді. Үкімет билігі мұра ретінде берілмейтін. 
Ндугу ережесі деген болды. Ол ереже бойынша ел басшысы 
өлсе, оның жақын туыстарының ішіндегі ең лайықтысы орнына 
тағайындалатын. Пате қаласында билік əйелдер қолына да көше 
беретін. Араб саяхатшылары: «Суахали қала-мемлекеттерінде патша 
əділеттіліктен тайса, ол өлтірілетін. Оның тұқымы патшалыққа 
жуытылмайтын»,― дейді. 
Ортағасырлық Шығыс африка қала-мемлекеттері «Суахи-
ли мемлекеттері» деп те аталды. «Суахили» деген сөз арабтың 
«сахаль» ― жаға, өзен, көл, теңіз деген ұғымын білдіреді. Суахили 
қала-мемлекеттері көбінесе аралдарға салынды. /Ламу, Пате/. Қала 
басшылары көршілерін де басып алып, өздеріне бағындыруға 
тырысқан  жоқ.  Олар  қаланы  азық-түлікпен  қамтамасыз  етуге 
жеткілікті жерді қанағат тұтып, тұра берді. Х ғасырдан бастап 
Софалыдан / қазіргі Зимбабве / алтын, темір басқа елдерге сатылып 
отырды.
Бұл қала-мемлекеттер біртұтас мемлекеттік бірлестік құрған жоқ. 
Əр кезде бір қаланың мерейі үстем болып, басқаларын өз ықпалында 
алма-кезек ұстап отырды. Мысалы, ХІІ―ХІІІ ғасырларда басты 
қала Могадишо болып, сонан кейін бұл рөл Килвеге көшті. Килведе 
осы кезде патша сарайы, жұмалық мешіт салынды. ХV ғасырларда 
Килва үстемдігі құлады. Ең алдымен Занзибар тəуелсіздігін алды. 

242
243
Ə д е б и е т т е р:
1. История стран Азии и Африки в средние века. М., 1987. 
87107 бб.
2. Ольдерогге Д. А. Западный Судан в ХVХІХ вв. М., Л., 1960. 
3. Жюльен Ш. А. История Северной Африки. Пер. с франц. Т. 2. 
М., 1961.
4. История Востока. Т. 2: Восток в средние века. М.: Восточная 
литература РАН, 1995. 225233 бб. 
                                 
III БӨЛІМ. 
КЕЙІНГІ ОРТАҒАСЫРЛАР


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет