С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет24/25
Дата22.12.2016
өлшемі7,55 Mb.
#159
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

ХVІ—ХVІІ ғасырлардағы Судан.  ХVІ—ХVІІ  ғасырларға        
қарай Суданда ислам діні берік орнықты. ХV ғасырдың екінші 
жартысында ең соңғы христиандық басшы Алва тақтан құлатылды. 
Бірнеше жаңа мемлекеттер құрылды. Оның ішіндегі ең ірісі 
Сеннар мен Дарфур болды. Біріншісінің негізін фунг халқы құраса, 
екіншісінің негізін фур /фор/ халқы құрады. Бұл жоғарғы Нилдегі ең 
бірінші мұсылман мемлекеттері болды. Сеннар мемлекеті Ақ жəне 
Көк Нил аралығын, Рахад жəне Диндар өзендерінің алқаптарын алып 
жатты. Бенимар, беджа т.б. көшпелі тайпалар Сеннарға тəуелділігін 
мойындады. Сеннардың негізгі шаруашылығы — суармалы егін-
шілік болды. Олар бидай, тары, жүгері, бұршақ, қауын, қарбыз, 
келімдəрі екті, мақта өсіріп, одан дамур деп аталатын ерекше мата 
тоқыды. Мал шаруашылығы да кең орын алды. Қодас, түйе, есек, 
жылқы ұстады.
Сеннар сыртқы саудаға белсене қатысты. Дəстүр бойынша 
көпестердің басым көпшілігі шет жерліктер /египеттіктер, түріктер/ 
болды. Олар Таяу Шығыс елдеріне Сеннар басшыларының оңтүстік 
пен батысқа жиі-жиі жасап отырған шапқыншылық жорықтарында 
қолға түскен тұтқындарын құлдыққа апарып сатып отырды. Елге 
темір, əйнек, қару, əшекей бұйымдары, келімдəрі əкелінді.
Сеннардың өз ақшасы болмады, саудада египет, түрік, испан 
ақшалары пайдаланылды. Жергілікті шикізаттар, бұйымдар 
айырбас ретінде пайдаланылды: мысалы, тұз, темір, дамур матасы, 
найзаның ұшы /наконечник/. Ірі рыноктар тек Сеннарда ғана емес, 
сондай-ақ Донгол, Бербер, Суакин, Шенди жəне  басқа қалаларда 
болды. Кейбір аудандар ауылшаруашылықтың, қолөнердің белгілі 
бір түрімен ғана шұғылданды. Бидай мен финиктер Сеннар мен 
Шендиден шығарылса, Эфиопиямен шекаралас жерлерден алтын 
аралас құм, темір, мыс өндірілді, ал Кордофаннан құлдар əкелінді. 
Донголда жылқы өсірді.
 Үкімет басында сұлтан тұрды. Оның билігі ақсүйектер кеңесімен 
шектелді. Ол кеңеске провинция əкімдері кірді. Əсіресе өз қолына 
нақтылы билікті шоғырландырған текті вельможадан тұратын 
құпия  кеңестің  рөлі  зор  болды.  1577  жылы  қайтыс  болған  Декин 
шариатқа негізделген заңдар шығарды. Сұлтан тағайындайтын 
кадидің билігі күшті болды. Тек өте маңызды мəселелер ғана сұлтан 
сотында қаралды.
Сеннардың орталық бөлігінің тұрғындары адам басынан 
жерге, малға, саудадан түскен табысына салық төледі. Провинция 
тұрғындары мен көшпелі тайпалардан үнемі алым-салық жиналып 

366
367
тұрды. Бірақ оның мөлшері дəл анықталып, бекітілген жоқ еді. 
Сонымен қатар үкімет басшылары рыноктан жəне кедендік 
салықтардан, əскери жорықтардың олжаларынан, сотталғандардың 
тəркіленген мүлкінен табыс тауып отырды.
Сеннарда, зерттеушілердің пікірі бойынша, ХVІ ғасырда 
феодалдық меншік қалыптасты. Ең ірі феодал сұлтанның өзі болды. 
Оның ең жақсы егістік, жайылым жері, сансыз көп малы болды. Ол 
шонжарларға уақтылы салық жинап бергені, əскери жорықтарға 
қатысқаны, керуен тасысқаны үшін жер үлестіріп берді. Сонымен 
қатар шаруалардың қауымдық меншігі де сақталды. Біртіндеп ол 
қауымдар тəуелділікке түсе бастады. Құл иеленушілік те сақталды.
Ең  ірі  құл  иеленуші  де  сұлтанның  өзі  болды.  Құлдар  еңбегі 
негізінен үй шаруашылығында пайдаланылды. Құлдардан ұлан 
отрядтары құрылды, құлдарды шекараны қорғауға бекіністерде 
пайдаланды. Оларға жер бөлініп берілді, сол үшін түскен өнімнің 
белгілі мөлшерін үкіметке өткізіп отырды.
Дарфурде ислам діні үстемдік құрды. Заң негізіне мұсылмандар 
шариаты алынды. Мұра ретінде əкеден балаға көшіп отыратын 
сұлтанның билігін тайпа көсемдерінен шыққан тектілер кеңесі 
шектеп отырды. Оның мүшелері “абу” /”əке”/ деген атақ алатын /
мыс. абу коджара-коджара тайпасының əкесі; абу дунуга-дунуга 
тайпасының əкесі, т.с.с/. Сондай-ақ кіші құпия кеңес те болды. Абу-
фор деген де қызмет болды. Ол сұлтанның ең жақын көмекшісі, 
кеңесшісі, орынбасары /оң қолы/. Заң бойынша ол сұлтанмен 
бірге өлуі керек болатын. Үлкен кеңестің мүшелерінің міндеттері 
дəл анықталып қоятын. Оның 2 мүшесі, мысалы, салық жинауға, 
бірі — жер дауын шешуге, енді бірі — сыртқы істерге, тағы бірі 
— сұлтанның құлдары мен малдарына жауапты болды. Кеңестің 
құрамында бірнеше əскер басшылары да болды. Провинцияларда 
жергілікті үкіметті сұлтан тағайындайтын əкімдер басқарды. 
Олардың колындағы билік өте күшті болды. Олардың қарамағында 
əскери отрядтары да болды.
Салықты  қауым  емес,  оның  жеке  мүшелері  төледі  /əркім  өзі 
үшін/. Тек көшпелі тайпаларда салық əрбір адамға емес, тайпаға 
немесе сол тайпаның бір шағын тобына салынатын. Салық мал-
мен, азық-түлікпен өтелетін. Қосымша салық та болды. Мысалы, 
рынокқа шығарылған тауардың құнының 1/10 бөлігі, балық аулау, 
сыртқы саудамен айналысу құқығы үшін ақы төленетін. Сонымен 
қатар қазынаның табысы сотталғандарға салынатын айып пен 
жазаланғандардың мүлкін тəркілеу есебінен толықтырылып отыра-
тын.
Сеннардағы сияқты, Дарфурда да құлдық болғанымен, 
ол шаруашылықта айтарлыктай рөл атқарған жоқ. Ең ірі құл 
иеленушілер сұлтанның өзі, оның шонжарлары болды. Ол құлдар 
шағын учаскелер алып, қожайындарына жұмыс істеді.
Керуен жолы Дарфурды Сеннармен, Египетпен, Туниспен 
Алжирмен, Эфиопиямен, тіпті Аравиямен байланыстырды. Ол 
жолдың бойында қалалар салынып, өсе түсті. Əсіресе елдің 
орталығындағы Коббе қаласы үлкен болды. Елге қару-жарақ, темір, 
мыс, индия мен египет маталары, айна, қағаз, т,б. товарлар түсіп жат-
ты. Ал Дарфур сыртқы рынокқа түйе, піл сүйегін, теріден жасалған 
мес, құлдар шығарып отырды. Елде біркелкі ақша жүйесі болмады. 
Бұйымды-бұйымға, матаға, тұзға айырбастап алатын.
ХVІ—ХVІІ ғасырларда Судан халықтарының мəдениеті өзінің 
ескі дəстүрін сақтай отырып, енді жалпы араб мəдениетінің құрам-
дас бөлігі ретінде дами бастады. Бастауыш мектептер көптеп ашыл-
ды. Онда балалар құранды, араб тілін оқыды. Араб тілінде сот істері 
жүргізіліп, жарлықтар шығарылды.
Сеннар мен Дарфурдың тұрғындары жоғары білімді аль-Азхарда 
/Каирде/ алатын. Бұл елдерге басқа ислам елдерінен білімді адамдар 
келіп қоныстанды. Хроникалар, үрім-бұтақ кестелері, əдеби-тарихи 
шығармалар жазылып отырды. Сол кездегі көрнекті жазушылардың 
қатарына Хаммад ибн Мухаммед ибн аль-Мумаих /1646—1730/ пен 
Мухаммедан-Ну аль Джам /1728—1809/ жатады.
Іші-сырты көрікті безендірілген, қымбат жиһаздарға толы 
мешіттер де көптеп салынды. Француз саяхатшысы Понсенің дерегі 
бойынша Сеннарда ХVІІ ғасырдың аяғына қарай 100 мың халық 
тұрған. Сұлтанның 6 қабат сарайы, қала тұрғындарының кірпіштен 
салынған үйлері, əсем мешіттер болған.
ХVІ—ХVІІ  ғасырлар  Танганьика  мен  Ньяса,  Виктория  мен 
Альберт көлдерінің аралығындағы Китараның бірнеше шағын 
мемлекеттерге бөлініп кету кезеңі болды. Оның орталық бөлігінде 
құрылған  мемлекет  Буньоро  болды.  Елді  азық-түлікпен  егінші 
банту тайпасы қамтамасыз етіп отырды. Бірақ билеп-төстеушілер 
мал шаруашылығымен айналысатын нилот тайпасы болды. 
Əскери отрядтардың да негізгі күші солар болды. Үкімет басшы-
сы омукаманың билігі күшейе түсті. Биліктің əкеден балаға мұра 
ретінде көшетіндігі туралы заң болмағандықтан, тақ үшін талас 
туып отырды. Соның салдарынан ХVІІІ ғасырда Буньоро мемлекет 
болудан қалды. Китараның бұрынғы вассалдары Нкоре /Анколе/ 
мен Буганда қуатты тəуелсіз мемлекеттерге айналды. Нкоренің ең 
алғашқы үкімет басшысы — омугабесі — Нкуба болды.

368
369
Бұл елдің тұрғындарының басым көпшілігін Танту тілінде 
сөйлейтін байру тайпасының диқандары құрады. Олар бүкіл қоғамды 
егінмен, көкөніспен қамтамасыз етіп отырды, қолөнерімен айналы-
сты. Байрулардың ірі қара мал ұстауға, құнарлы жайылымдарға 
қоныстануға құқы болмады. Олар негізгі салық төлеушілер, 
жұмыс күші болды, бірақ олар əскерге алынбады, басшы қызметке 
тағайындалмады. Бұл міндеттер нилот тілдес мал шаруашылығы-
мен айналысатын бахималардың үлесі болды. Малы бар адамдар 
құрметті адамдар деп есептелді. Малға бай адамдар үлкен қызмет 
орындарына тағайындалатын. Малды — жақсы кызметі мен əскери 
ерлігі үшін жалақы-награда ретінде беретін. Бағынбағаны, тəртіп 
бұзғаны үшін малын алып қоятын.
ХVІ ғасырдың аяғына қарай көлдердің оңтүстігінде Руанда 
жəне Бурунди мемлекеттері құрылды. Оларда негізінен 3 тайпа 
халықтары: тутси, хуту, тва тұратын. Малшы тутсилер басшы рөл 
атқарды. Тутсилерге əскери іспен ғана айналысу керек деген қағида 
қалыптасты. Олар басқа тайпаларға менмендікпен қарады.
Диқан хутулар тəуелді, қаналушы топ болды. Олар жердің иесі 
деп есептелді. Олардың мал ұстауға құқы болмады, тек тутсилердің 
малын бағуға рұқсат етілді. Малдан түсетін азды-көпті табысты пай-
даланды. Ал үшінші топты құрайтын тваның ешбір құқы болмады. 
Олар тутси, хутулардың малайлары болды. Тек Буганда деген мем-
лекетте ғана малшылар көрнекті роль атқармады. Мұнда диқандар 
да, малшылар да тең құқықты болды. Басшы қызметке қабілетіне 
қарай тағайындалды. Буганда ХVІ ғасырдың аяғына карай толық 
тəуелсіздігін алды.
Замбези мен Лимпопо өзендерінің аралығында Мономотапа де-
ген мемлекет өмір сүрді. Оның халқының негізін мошона тайпасы 
құрады. Мемлекеттің негізін қалаушы Мутота /ХV ғ./ болды. Оның 
үрім-бұтағы 1917 жылға дейін басқарды. Мономотапаның құрамына 
қазіргі Зимбабве толығымен, Мозамбиктің бір бөлігі кірді. Чикуйдің 
/1494—1530/ басқарған жылдарында елде тыныштық болды. Ірі жер 
иелері — фумостың қатары өсе түсті. Шаруашылықтың басты сала-
сы егіншілік болды. Сондай-ақ аңшылықпен, балық аулаушылық-
пен де айналысты.
Қолөнері, металл өндіру мен өңдеу кең өріс алды. Шаруаларға 
азық-түлік  салығы  салынды:  аңшылар,  қолөнершілер  де  нату-
ралды салық төледі. Салық уақтылы жиналып отырды. Құлдық 
болғанымен, ол елеулі рөл атқармады. Салт-дəстүрлер берік 
сақталды. Əруақтарды құрметтеу кең орын алды. Португалдық 
миссионерлердің тұрғындарды католик дініне енгізу əрекетінен 
түк  шықпады.  Дегенмен  олар  1561  жылы  үкімет  басшыларын 
шоқындырып үлгерген еді.
Мономотапаның жеке облыстарының арасындағы байланыс на-
шар болды, ортақ рынок қалыптаспады. Натуралды шаруашылық, 
провинциялардың экономикалық тəуелсіздігі сақталды.
ХVІ—ХVІІ ғасырларда Мономотапа шығыста жаңа күшпен 
— португалдықтардың алғашқы экспедициясымен қақтығысқа 
ұшырады. Олар өздерінің оңтүстіктегі базалары Мозамбик пен 
Софаладан шықты. 1550 жылға қарай португалдықтар материктің 
түкпірінде /ішінде/ Сену жəне Тете деген тірек пункттерін салып 
үлгерді. Бұл пункттер мен бекеттер үшін португалдықтар қымбат 
сыйлықтар мен ақша төледі. Сол себепті олар еш қарсылықсыз, 
тежеусіз елдің ішінде жүріп-тұруға рұқсат алды. ХVІ ғасырдың 
екінші жартысында португалдықтар шет елдерде əскер күшімен 
емес, келісімдер арқылы орнығып алу бағытын ұстанды.
Дегенмен 60—70 жылдарда күшпен жаулап алуға да əрекет жа-
сады. 1563 жылғы экспедиция елді жаулап алу, алтын кеніштерін 
анықтап, оларды басып алу мақсатын көздеді. Найзамен, садақпен 
ғана қаруланған жергілікті əскер португалдық мушкетерлерді 
тоқтата алмаса да, шамасы келгенше қарсыласып бақты. Келесі 
экспедициялар да қарудың күшімен жүргізілді. Сол кездегі 
шайқастарды көзімен көрген куəлер қара түсті жергілікті халықтың 
қайтпас қайсарлығын, ерлігін ерекше    атап өткен. Ұзаққа созылған 
соғыстың бірінші кезеңі — 1569—1573 жылдар — португалдықтар 
үшін сəтсіз аяқталды — олар Мономотапаны басып ала алмады..
Жаңа жорық 1574 жылы басталды. Португалдықтар Читеве 
облысының басшысынан оның жері арқылы жүріп-тұру рұқсатын 
ала алмады. Əскери жорықтың басшысы Мономотапа уəкілдерінен 
Чиков облысындағы күміс рудниктерін пайдалануға рұқсат 
алғанымен жергілікті басшы бұл келісімді мойындаудан, рудникті 
көрсетуден бас тартты. Португалдықтар ішкі облыстарды басып 
ала алмады. Дегенмен олардың мономотапа басшыларына саяси ық-
палы сақталып қала берді. Үкімет өзіне бағынғысы келмей, бөлініп 
кетуге тырысатын вассалдарын бағындыру үшін португалдықтар 
көмегіне сүйенетін. Ол көмекті, əсіресе Гатси Русере /1596—1627/ 
кеңінен пайдаланды. Португалдықтарға ризашылығын білдіре от-
ырып, олар үшін елдің ішінде емін-еркін жүріп-тұруға, қару ұстап 
жүруге рұқсат етілді. Мұны португалдықтар баю мақсатына пайда-
ланды. Олар тонаушылықтан да тайынбайтын.

370
371
Бұл шектен шығушылық қалың халық бұқарасының наразы-
лығын туғызды. Ол наразылық үкімет пен оның одақтасы 
португалдықтарға қарсы көтеріліске əкеп соқты. Көтерілістің 
шырқау шегі 1607 жылы болды. Оны басқарған бұрынғы бақташы 
Матузиане өзін ел басшысы деп жариялап, сауда жолдарын кесіп 
тастады. Португалдық аркебузерлердің көмегімен Мономотап 
үкіметі Матузианені қуып жіберді. Бұл көмегі үшін үкімет басшысы 
барлық алтын, күміс, мыс, темір, қалайы кеніштерін Испания мен 
Португалия короліне беруге мəжбүр болды. Ол жөнінде 1607 жылы 
1 тамызда келісім жасалды.
Бұл шара уақыт ұтып, тойтарыс беруге қажетті күш жинау үшін 
жасалса керек деген пікір де айтылады. Осы келісім арқасында 
көтеріліс толық басылып, оның көсемі өлтірілді. Орталық өкімет 
билігін қалпына келтіріп алып, 1609 жылы патша тонаушылық, 
зорлық-зомбылық, қатыгездік күнделікті істеріне айналған шетелдік 
келімсектерді қуып шығуға бекінді. Оған сылтау да табылды: жаңа 
португалдық əскер басшысы Мономотапаға бұрынғы əдет бойын-
ша жіберілуге тиісті сыйлықты — круаны жібермеді. Сөйтіп, осы 
1609 жылдан өз билігінің соңына /1627/ дейін Гатси Русере Еуропа 
басқыншыларына  қарсы  ашық  күреске  шығып,  оларды  өз  еліне 
жібермеді.  Бұрынғы  келгендері  қала  берді.  Бірақ  олар  кеніштерге 
жолатылмады.
Гатси Русеренің мұрагері Капранзине сол саясатты əрі 
жалғастырды.  Ол  1628  жылы  португалдықтар  мүлкін  тəркіледі, 
оларға қарсы соғыс ашты. Алғашқы қысқа мерзімді жеңістен кейін 
оның  əскері  жеңіліп  қалды.  1629  жылы  Капранзине  тақтан  түсті. 
Оның орнына португалдықтарды жақтайтын Мануза отырды. Ол 
өзін Португалия королінің вассалы деп мойындады. Келісім бойын-
ша келімсектердің кеніштердегі жұмысына рұқсат етілді, мұсылман 
көпестері қуылды, əрбір жаңа португалдық əскер қолбасшысына 
сыйлық жіберілетін болды; миссионерлер уағызына рұқсат етілді. 
Манузаның өзі христиан дініне кіріп, Филипп деген ат алды.
Бірақ португалдықтарға деген өшпенділік, оларға қарсы күрес 
Манузаның тұсында да, одан кейін де тоқтаған жоқ. Бұл күрес на-
шар ұйымдастырылғандықтан тез басып тасталып отырды. Тек 
1684 жылы розви халқының көсемі Чангамир Домбо жеңіске жетіп, 
португалдықтарды қуып шыға бастады. Бірақ 1685 жылы Чангамир 
Домбо қайтыс болған соң ғана португалдықтарды толық қуып 
шығу мақсаты орындалмай қалды. Бірақ енді португалдықтар 
бұрынғы дандайсуларын тежей бастады. Мономотапа империясы 
да қалжырап, ыдырай бастады. Ол бірнеше шағын мемлекеттерге 
бөлініп кетті.
ХVІ—ХVІІ ғасырлардағы жағалық шығыс Африка. ХVІ—
ХVІІ ғасырларда жағалық қалалар тəуелсіз болды. Оларды ескі 
əулеттер басқарды. 1498 жылы Малиндиге Индияға бара жатқан 
Васко да Гама тоқтаған болатын (жергілікті лоцман оның эскадра-
сын Каликутке бастап барған). Португалдықтардың басты мақсаты 
Индия болатын. Ал Африканың шығысындағы жағалық елдер мен 
мекендер алыс сапарда тоқтап, дем алып, азық-қорын толықтырып, 
кемелерді жөндеп алу үшін керек еді.
Бірақ 1502 жылы Килва көсемі салық төлеп тұруға уəде берді. 
Ал 1505 жылы Килвада еуропалықтар бекінісі салынып, 500 сол-
дат орналастырылды. Сол жылы Софала мен Мозамбикте де 
португалдықтар форттары пайда болды. Осы кезден бастап шығыс 
жағалықтағы жетекші рөл тəуелсіздігін жоғалтқан Килваның ор-
нына оның Солтүстігіндегі Пата, Момбаса, Малинди қалаларына 
көшті. Бұл бай, гүлденген қалалар еді.
Негізгі дəнді дақылдар тары мен күріш болды. Сонымен 
қатар мұнда жеміс те /апельсин, лимон, банан, гранат, жүзім.../ 
өсірілді. Көкөніс, мақта, қант тростнигі де өсірілетін. Балық ау-
лау шаруашылықтың маңызды саласының бірі болды. Теңіз 
тасбақаларының кабыршығын жəне інжу жинаумен де шұғыл-
данды. Мал шаруашылығы онша маңызды орын алған жоқ. Кенияда 
сиыр малы өсірілді. Қой да бағылатын. Аңшылықпен де айналыса-
тын. Піл сүйегі, барыс, жираф, леопард, маймыл т.б. аңдардың бағалы 
терілері едеəуір пайда келтіретін. Жағалық елдердің тұрғындары 
пайдалы кен қазбаларын өндірумен де шұғылданды.
Қолөнершілер əртүрлі металдан, сүйек пен ағаштан əшекей 
бұйымдар, қару-жарақтар, еңбек құрал-жабдықтарын жасады. 
Саудамен де айналысты. Сауда негізінен Таяу Шығыс елдерімен, 
Индиямен, тіпті Қытаймен, Индонезиядағы елдермен де жүргізілді. 
Бұл бай қалалар мен мемлекеттер ХVІ ғасырдың аяғында, ХVІІ 
ғасырда қиын жағдайда болды. Оңтүстігінен-португалдықтар, 
солтүстігінен арабтар қыспағына ұшырады. Осындай қауіп алдын-
да жағалық қалалардың басшылары, көбінесе португалдықтармен 
одақтаса бастайтын. Тек Момбаса ғана біраз уақыт өз тəуелсіздігін 
сақтап тұрды. Ол 1505, 1528, 1589 жылдарда португалдықтар шабу-
ылын тойтара алды.
ХVІІ ғасырдағы португалдықтарға қарсы күштің орталығы 
Пате қаласы болды. Онда 1637, 1660, 1678, 1686, 1687 жылдарда ірі 
көтерілістер болды. Олардың азаттық күресіне Оманнан жіберілген 
отрядтар көмектесті. Бірақ барлық көтерілістер ақыры жеңіліп от-

372
373
ырды. Тек 1698 жылы Пате мен Оманның біріккен қарулы күштері 
португалдықтардан Момбасаны, кейінірек — Занзибарды азат 
етті. ХVІІІ ғасырда шығыс жағалықтағы Африка калалары Оман 
сұлтанының вассалына айналды. Оның наместнигі Занзибарды 
өзінің резиденциясы етті.
Мадагаскар. Бұл аралдың халқы бір жағынан африкандықтар 
болса, екінші жағынан шығыс азиялық полинезеестер болса керек.
Олар мал бағумен, балық аулаумен, егіншілікпен айналысты. 
Дақылдардың негізін күріш пен банан құрайтын. Өте қолайлы ауа 
райы тəтті өсімдіктерді негізгі табыс көзіне айналдырды.
Аралдағы қалалардың біріккен одағы болмады. Аралдың 
орталығында ХІV ғасырда Имерина мемлекеті құрылып, 150 жыл өз 
билігін бүкіл Мадагаскарға таратты. Аралда байлар «андриандар» 
деп, ерікті егіншілер мен бақташылар — «хува» деп, құлдар — «ан-
деву» деп аталды. ХVІ—ХVІІ ғасырлар аралығында аралда оқпен 
атылатын қару тарала бастады. Оның көмегімен мемлекеттік билік 
күшейе түсті. Радзита /1547—1567/ мен Раламбу /1575—1610/ деген 
үкімет басшылары арабтарға, еуропалықтарға құлдар сатумен де 
айналысты. ХVІ ғасырда аралдың батысында сакалавтар мемлекеті 
құрылды. XIX ғасырда Имерна əскерінің соққысына шыдай алмаған 
сакалавтар мемлекеті кұлады. ХVІ ғасырда еуропалықтар арал-
ды отарға айналдыруды ойластыра бастады. Арал оларға Марко 
Полоның айтқанынан ХІІІ ғасырда-ақ белгілі болған еді.
1528 жылы португалдықтардың мұндай əрекетінен ештеңе 
шықпады. ХVІІ ғасырдың ортасында аралды басып алу əрекетін 
Англия жасады. Əсіресе Франция бұл іске белсенді кірісті. Француз 
теңізшілері аралда ең алғаш 1529 жылы болған еді. ХVІІ ғасырдың 
ортасындағы əрекетінен еш нəтиже шықпаса да, 1686 жылы 
Францияның Мемлекеттік кеңесі аралды өз иелігі деп жариялады.
ХVІ—ХVІІ ғасырлардағы Конго өзені бойындағы мемле-
кеттер. ХVІ ғасырға қарай бұл регионның халықтары алғашқы 
қауымдық қоғамның ыдырау сатысында еді. Тек аз бөлігі ғана 
алғашқы таптық қоғам сатысына өтіп, өз мемлекеттерін құрған 
болатын.  Экватордың  оңтүстігіндегі  банту  халқы  ол  жерге  біздің 
ғасырымыздың мың жылдығында қоныстанды. Олардың басқа 
халықтардан ерекшелігі бар еді. Құпия қоғамдарға бірігу, жас 
ерекшелігіне қарай топтасу, құдай соты дегендер кең өріс алды. Бұл 
институттар жалпы қоғам мүддесін емес, билеп төстеуші топтардың 
артықшылықтарын нығайтуды көздеді. Жоғарғы басшының билігі 
ақсүйектер кеңесінің шешімімен шектеулі болды.
ХІІІ—ХІV ғасырларда баконго халқы құрған Конго мемлекеті 
көрші халықтарды бағындырып, оларды салық төлеп тұруға мəжбүр 
етті. Конго мемлекеті халқының негізін ерікті диқандар құрады. 
Жер қауымның иелігі деп саналды, ал шын мəнінде қауым басшыла-
ры арқылы жерді үкімет басшысы Мани-Конго өз қолында ұстады. 
Шаруалар түскен өнімнің жəне аңшылықтағы олжасының белгілі 
бір мөлшерін деревня басшысына беріп отырды. Сонымен қатар 
əрбір қауым арнаулы бөлініп берілген жерді өңдеп, одан түскен 
өнімді мемлекет қазынасына өткізіп отырды. Аңшылық пен балық 
аулау қосымша, қол боста айналысатын жұмыс болды. Колөнері 
кəдімгідей дамыды: балшықтан ыдыс жасау, өсімдіктерден ыдыс-
аяқ тоқу, ағаштан, сүйектен ойып бұйымдар, əшекейлер /зергерлік 
бұйымдар/ жасау кең өріс алды. Ұсталық ісі үлкен құрметке бөленді. 
Таққа таласушы алдымен өзінің ұсталық өнерін көрсетуі керек бол-
ды.
Сауда да кең қанат жайды. Жағалаулардан керуендер елдің ішіне 
тұз тасыды, ал жағаға қарай пілдің сүйегі, аң терілері, өріп жасалған 
бұйымдар тасылатын. Сыртқы саудаға үкімет пен ақсүйектер билік 
етті.
Ерікті шаруалармен қатар құлдардың бірнеше категория-
сы  болды.  Əскери  тұтқындар  мен  ауыр  қылмысы  үшін  құлға 
айналдырылғандардың жағдайы өте ауыр болды. Олардың сұрауы 
жоқ болды: қожайын ондай құлды өлтірсе де өзі білді, сатып та 
жіберуге құқылы болды. Құлдан туғандар мен қарызы үшін құлға 
айналғандар «үйдің құлы», «отбасы ошақ құлы» деп аталды. Олардың 
жағдайы біртабан жақсырақ болды. Байлардың еуропалықтармен 
құл саудасына қатысуы еріксіз құлдардың жағдайын бұрынғыдан 
бетер қиындатып, қожайындар құқын өсіріп, елдегі құлдардың 
қатарын көбейтті.
ХV ғасырдың аяғында Конго жағалауында португалдықтар 
қоныс тебе бастады. Ең алғашқы экспедиция бір топ жергілікті 
тұрғындарды өздерімен ала кетті. Олар португал тілін үйреніп, 
христиан дінін қабылдады да, қайтып оралған соң отаршылдардың 
одақтастары болды. Ол кезде Португалия «бейбіт бағындыру» сая-
сатын ұстанған болатын. Жер басып алмай, Конго аумағында ме-
кендер  салмай,  португалдықтар  Мани-Конгоны  /елдің  басшысы/ 
өз ықпалына бағындырып, қалаған саясатты сол арқылы жүзеге 
асырып отырмақ болды. Алғашында Конго басшыларына мұндай 
одақтастар пайдалы да болды. Конголез билеушілері өз вассалда-
рын бағыныштылықта ұстау үшін күш қолдануға мəжбүр бол-

374
375
ды. Күшпен бытыраңқылыққа ұмтылу пиғылын басып отырды. 
Шекаралас күшті тайпалардың шабуылына тойтарыс беру үшін 
де күш керек болды. Сондай-ақ кезекті тақ үшін күрес те күшті 
одақтасты қажет етті.
Сол себепті Конгоның билеуші тобы өзін оқпен атылатын 
 
қарумен қамтамасыз ететін португалдықтармен достық қатынаста 
болуға тырысты. 1491 жылы Конгоға католик миссионерлері келді. 
Елдің басшысы Нзинга-а Нкуву христиан дінін қабылдап, есімін, 
Жоао да Сильва деп өзгертті. Мбанза-Конгоның астанасы онда 
салынған католик шіркеуінің атымен Сан-Сальвадор деп атала-
тын болды. Көсемнің Энрике деген баласы онбір жасынан бастап 
Лиссабонда тəрбиеленіп, ең алғашқы африкандық епископ болды 
/1518 ж./. Билеуші топ еуропалықтардың құл саудасына белсене ара-
ласты.
Бірақ оған бақылауды өз қолдарында ұстап тұра алмады. 
Португалдық құл саудасымен айналысушылардың тонаушылығын 
шектеу үшін Конго көсемдері ХVІ ғасырдың бірінші жартысын-
да Ватиканнан көмек сұрай бастады. Бірақ еш нəтиже шықпады. 
Келімсектер зорлығына қарсы халық көтеріліске шығып тұрды. Оның 
қысымымен португалдықтардың құқтары мен артықшылықтарын 
шектеу саясаты жүргізілді.
Құл саудасы елдің экономикасын əлсіретті. ХVІ ғасырдың 
екінші жартысында көптеген Конго вассалдары тəуелсіздігін 
алды, көршілердің шапқыншылығы күшейді. 1568 жылы көрші 
тайпалардың бірі астананы басып алды. Елдің басшылары тағы 
да португалдықтардан көмек сұрауға мəжбүр болды. Мани-Конго 
1-Алвару Португалия королінің вассалы болуға келісті. 1641 жылы 
португалдықтардың тірегі болған Луанда қаласын голландтар басып 
алды. 1642 жылы Конго Голландиямен достық бітім жасады. Бірақ 
1649 жылы португалдықтар күш жинап, голландтарды Луандадан 
қуды.
Соғыстардан, ішкі талас-тартыстан əлсіреген Конго 1651 жылы 
Португалиямен «патронаж» жөнінде келісім жасады. Португалдықтар 
ықпалынан құтылу жолындағы соңғы əрекет І-Антониу тұсында 
/1663 жылдан кейін/ жасалды. Луандалық Португал үкіметімен 
қырғиқабақтық əскери қақтығысқа жетті. 1665 жылғы 29 қазанда 
Амбуилдегі шешуші шайқаста Конго əскері толық жеңілді.
Конгоның жеңілу себебінің бірі — онда күшті мемлекеттің 
құрылмауы болды. Армия мен полиция сияқты зорлау аппараттары 
халықтан толық қол үзіп, өзінің жетілу шыңына жетіп үлгермеген 
еді.
Ə д е б и е т т е р:
1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2 ч.— М.: МГУ, 
1987.— 249—277 бб.
2. История тропической Африки [с древнейших времен до 1800] 
Пер. с фр.— М., 1984.
3. Хэир П. Встреча с Африкой: европейские контакты и свиде-
тельства 1450—1700 гг.— М., 1997. 

376
377

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет