С есеп. Ұзақ мерзімді тәжірибе кезіндегі мектептің даму процесі және өзгерістерді басқару процесіндегі басшының өзін-өзі дамытуы туралы қорытынды есеп. (1000 сөз)



Дата23.04.2023
өлшемі19,17 Kb.
#85859
Байланысты:
С есеп. за мерзімді т жірибе кезіндегі мектепті даму процесі


С есеп. Ұзақ мерзімді тәжірибе кезіндегі мектептің даму процесі және өзгерістерді басқару процесіндегі басшының өзін-өзі дамытуы туралы қорытынды есеп. (1000 сөз)

Кез келген білім беру ұйымының нәтижелі жұмыс жасауы басшының басқару қызметінің ұтымдылығына байланысты болады. Білім беруді басқаруға қатысты замануи түсінік «педагогикалық менеджмент» және «білім берудегі көшбасшылық» ұғымдарымен тығыз байланысты. Ал ұйымды әлеуметтік басқаруда кең ауқымдағы менеджмент өз нәтижесін береді. Білім беруде қолдануға болатын менеджменттің ең толық анықтамасын әйгілі америкалық менеджмент теоретигі П.Друкер ұсынған (П.Друкер, 2012) Қазіргі заманғы менеджмент — бұл адамдарды бірлесе әрекет етуге қабілетті етіп, олардың қызметінің тиімділігін арттыруды және адамға тән әлсіздіктерінің әсерін бәсеңдетуді мақсат ететін адамдарға бағдарланған басқару қызметінің ерекше түрі, өйткені адамның қоғамға үлес қосу қабілеті кәсіпорынды басқарудың тиімділігіне, сондай-ақ адамдардың күш-жігері мен нәтижелілігіне байланысты. Осы негізде жасалған мектепті дамыту жоспарында мақсатқа сәйкес ауқымды шаралар жоспарланды. Бағдарламаның түйінді идеялары мектепті басқарудың, көшбасшылықтың дамуын, мектеп мәдениетінің жақсаруын оңтайлы қолдады. Білім мен тәрбие берудің, мектепті басқарудың барлық саласына енгізілген өзгерістер тиімді әсер етті. «Білім берудегі менеджмент немесе мектеп менеджменті «мектептегі маңызды шешімдер қабылдау процесіне назарды шоғырландыру» ретінде айқындалады» (Третьяков П.И., 2004. Поташник М.М., Лазарев В.С., 1995) деген тұжырымға негізделген жоспарлы іс-әрекет білім алушылар назарын нәтижеге бағыттады. Ынтымақтасқан топтық орта жағдайын тұрақтандыра отырып, тәрбие ізгілігін ұлттық құндылықтарға бағыттау арқылы жаратылыстану жәнке гуманитарлық бағыттағы ғылымдардың табысты оқытылуына жағдай жасалды.Осы мақсатта мектепте «Lesson study» үдерісі мен «Оқуға құштар мектеп» жобасы жолға қойылды. Сабақты зерттеу және іс әрекеттегі зерттеу жүзеге асырылды. Мектеп мұғалімдеріне, ата-аналарға инновациялық идеяларды дамытуға қолдау көрсету мақсатында «Мұғалімдер мен ата-аналардың табысты қарым-қатынасы» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг барысында қатысушылар табысты қарым-қатынастың барлық дамытушы жолдарын жан жақты қарастырды. Сұхбаттасып, ой бөлісті. Инновациялық идеялардың тиіміділігін саралап, қолданудың жолдарын түсіндірді. Өздерінің іс-әрекетті дамытушы ұсыныстарын жариялады. Мектептің көшбасшы мұғалімдерінің қатысуымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы жасалып, жарияланды. Оқушылар осы арқылы рухани құндылықтарға негізделген іс-әрекеттерге қадам жасады. Шешім қабылдау және проблеманы шешуде қабылданған шешімнің дұрыстығын түсініп, оған қатысып, көшбасшының ұстанымы және пікірімен бөлісетіндей ұйымдастырушылық шаралары жүзеге асты. «Lesson study» үдерісі гуманитарлық бағыттағы пәндер арасында жүргізілді. 5-9-сыныптар арасында ұйымдастырылған сабақты зерттеу тәсілі мұғалімдердің жаңа идеяларды таратуына мүмкіндік берді. Проблемаларды креативті шешуде жаңашылдыққа бағытталған қадамдар жүзеге асырылды. «Мектепте әдістемелк жұмыстарды ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында мұғалімдер өз пікірлерімен бөлісе отырып, әдістемелік жұмыстардың түрлі формаларын ұсынды. «Кейс-стади», «Кері дизайн» , технологиялық әдістер арқылы білім мен тәрбие ісіндегі жаңғыртуларды жасауға оң көзқарастарын білдірді. «Мұғалім мен ата-ана қарым-қатынасындағы педагог ролі» тақырыбындағы тренинг те өз нәтижесін берді. Түрлі жағдаяттарға ене отырып, содан шығудың әр жақты шешімдері мен қадамдары жасалды. Көшбасшылар «бағыт-бағдар береді», ал менеджерлер тек «таңдалған бағыт бойынша қозғалуға қолдау көрсетеді» (Аппело Ю., 2018) деген пікірге сүйеніп, қолдау көрсету жұмыстары жолға қойылды. Көшбасшыларды билеушілермен салыстыру әлдеқайда нәтижелі болады. «Көшбасшылық және менеджмент – біз әдетте менеджмент деп атайтын бір санаттың түрлі сипаты немесе әрекет ету стилі болып табылады. Менеджмент практикасы теориясының шеңберінде көшбасшылық инновациялық менеджмент ұғымына жақын, ал менеджмент басқарудың классикалық тәсілі ретінде қарастырылады». Осыған орай, көшбасшылықты менеджмент теориясы мен практикасы шеңберіндегі басқарумен салыстыру орынды және дұрысырақ болады. Мұғалім-оқушы-ата-ана қауымдастығының бірлескен әрекетінде оқушыға қолдау көрсете отырып, ата-аналардың мектеп шараларына қатысуына жағдай жасалса, қарым-қатынас деңгейі нәтижелі сатыға көтеріледі. Жұмыс барысында осы әрекет қадамдары ескерілді. Мектеп мәдениетінің, оның дәстүрлері мен символдарының негізгі тасымалдаушысы және сақтаушысы ретінде мектеп ахуалын, негізгі идеялар мен жалпы міндеттерді қолдап, жаңадан келгендерге дәстүрлер мен мәдениеттің берілуін қадағалауды басты назарда ұстадым. Сол арқылы мұғалімдер мектепке идеологиялық жүйе ретінде сене бастады, өздерінің мықты мәдениеттің мүшелері екендігін түсінді, бұл оларға өзіндік құндылығын және өз жұмысының маңыздылығын сезіндірді, олар үшін керемет ынталандыру қызметін атқарды. Инновациялық технологиялар деңгейінде ұйымдастырылған сабақтарға қатысу барысында аңғарғаным- мұғалімдердің кәсіби әлеуеттерінің деңгейі «жақсы» сипаттамасына ие екендігі. Ал оны одан әрі жақсартудың жан-жақты жолдарын өткізілген коучинг, тренинг, әдістемелік отырыс, дөңгелек үстел, ата-аналар жиналысы барысында талқыланды. Өткізілген ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары әр түрлі жаңашыл формада жүйелі жасалды. «Лессон стади» үдерісі қараша айына жоспарланып отыр. Қазіргі таңда оның өткізілуіне байланысты жан жақты сыныпты зерттеу шаралары жүргізіліп жатыр. Арнайы топ құрылып, зерттелетін сыныптар анықталды. Коучинг барысында мұғалімдер «Оқу сапасын қалай табысты етуге болады?» деген сұрақтың жауабын жан-жақты қарастырды. Мазмұнына үңілсек, оқу сапасының артуына қолжетімді мақсат пен мақсатқа жетудегі қадамдардың сатылы түрде дамуы толық әсер ететіне мән берілу керек. Әріптестер өздерінің «Рефлексия аралы» деп аталатын кері байланысында көңіл-күйлері мен жоспарлы жұмысты сабақтастыра отырып өз пікірлерін ұсынған.
Басқарушылық қызмет ұйым басшысының тарапынан коммуникативтік және инновациялық құзіреттіліктерімен байланысты және бұл басқаруда ситуациялық тәсілдемені іске асыру барысында көрініс табады. Ситуациялық тәсілдеменің негізгі термині - жағдаят. Ситуациялық тәсілдеменің мәні - нақты жағдаяттарға байланысты ұйымды икемді басқара білу. Жағдаят өзгерген кезде басқару әдістері мен құралдары сәйкесінше өзгереді. Ситуациялық тәсілдеме көбінесе білім беру ұйымын басқару саласында үйлесімді қолданылады, өйткені қазіргі білім беру парадигмасына сәйкес – білім беру процесіндегі өзгерістер мен жаңару жағдайында білім мен құзыреттілікті басқаруда туындайтын жағдаяттар мен оқу-тәрбие және басқарушылық сипаттағы проблемаларды шешу мүмкіндігі маңызды болып табылады. Сондықтан да, коучинг, тренинг сабақтарда, дөңгелек үстел, әдістемелік отырыста,ата-анамен жұмыста«Кейс» әдісін жүзеге асыруды басты мақсат тұттым. Жұмыс барысында олқылықтар, кедергілер кездескен жағдайда ситуациялық тәсілді өзгертудің қажеттілігі туындады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында жоспарлауды қайта қарап, түзетулер енгізуге мүмкіндік алдым. Ұйым мүдделерін де, қол астындағылардың мүдделерін де барынша ескеретін басшы ретінде жоғары нәтижеге жетуге барынша бағытталған жұмыстарымда әріптестерім өзі шешім қабылдады және нәтиже үшін өзіне жауапкершілік алды. Қарамағымдағы қызметкерлермен қарым-қатынас орната отырып,. оларды үйрете және оларға өзім үлгі көрсете отырып, дамытуды ойластырдым. Қызметкерлерге күшті эмоционалды жағымды әсер ететін орта қалыптастыруды, команданы, командалық рухты қалыптастыруды реттейтін жүйелі қадамдарды орындауды қолға алдым. Жүргізілген жұмыстардың нәтижелілігі ашық сабақтар барысында көрініс таба бастады. Ашық сабаққа ене отырып, өзіне-өзі рефлексия жасай білетін мұғалімнің сабағы жүйелі боларын түсіндім. Әр ұстаз өзіне –өзі есеп берсе, алдағы қадамдарын өткенге шолу жасай отырып, саралайтын болса, оң нәтиже мен сапаға қол жеткізеді.
«Қазіргі заманғы менеджмент және көшбасшылық теориясы тұрғысынан ситуациялық тәсіл идеяларын қолдану арқылы басқару стильдерімен көшбасшылық түрлерін синтездеу нәтижелі болып табылады». Осы орайда әр қызметкерді назарда ұстап, командалық жұмыстарды жолға қойдым. Нені және қалай орындау керектігі туралы нұсқаулар мен кеңестер беріп, жұмыс істеу үшін қажетті жағдайлар жасалды. Қызметкерлермен ақпаратпен бөлісіп, шешімді дайындау және қабылдау процесінде олардың идеяларын кеңінен қолдануға мүмкіндік алдым. Орындаушыларға қолдан келетін міндеттер жүктеп, олардың жұмыс істеуі және қолдан келетін тапсырманы орындауы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге ұмтылдым. Алдағы уақытта жоспарда көрсетілген шаралар мектепті дамыту мақсатында оңтайлы нәтижеге бағытталған күйде ситуациялық тәсілге негізделіп жасалады.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1.МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ. ӨЗІНДІК МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ ДАМУЫ. 3-модуль оқу құралы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет