С. Г. Тажбаева Редакция алқасы


Резюме  Технология формирования диагностических умений будущих учителей начальных классов



Pdf көрінісі
бет53/65
Дата06.03.2017
өлшемі13,22 Mb.
#7935
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   65

Резюме 
Технология формирования диагностических умений будущих учителей начальных классов 
Тугелбаева Ж.Н - магистр педагогических наук, преподаватель Жетысуского государственного университета 
имени И.Жансугурова, гр Талдыкурган. 
Для  формирования  диагностических  умений  будущих  учителей  начальных  классов  данная  проблема 
является  особо  актуальной,  так  как  проблема  диагностики  в  обучении  будущего  учителя    начальных  классов 
связана  с  разработкой  современных  педагогических  технологий  и  внедрением  в  образовательный  процесс,  а 
также  для  их  реализации  требует  у  учителей  новых  специальных  знаний  для  создания  системы  целей  диаг-
ностики, умений направить процесс обучения на достижение успехов, оценивания текущих, промежуточных и 
финальных результатов, анализ изменения личностных качеств учащихся 
Ключевые  слова:  педагогическая  диагностика,  контроль,  оценивать,  анализировать,  объект  и  субъект 
диагностики, методы диагностики
 
Summary 
Technology of formation of diagnostic abilities of the future teachers of initial classes 
TugelbaevaZh.N- the master of pedagogical Sciences, teacher of Zhetysu state University named  
I.Zhansugurov of Taldykurgan gr. 
For  formation  of  diagnostic  abilities  of  future  elementary  school  teachers  this  problem  is  especially  actual  as 
diagnostics  problem  in  training  of  future  elementary  school  teacher  is  connected  with  development  of  modern 
pedagogical technologies and introduction in educational process, and also for their realization demands from teachers 
of new special knowledge for creation of system of the purposes of diagnostics, abilities to direct training process on 
achievement of progress, estimations of the current, intermediate and final results, the analysis of change of personal 
qualities of pupils. 
Key  words:  Pedagogical  diagnostics,  control,  estimate,  analyze,  the  object  and  subject  of  diagnosis,  methods  of 
diagnosis. 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
329 
УДК: 796.07 
 
ДЕНЕ Т,РБИЕСІ САБАҒЫН ӨТКІЗУДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ Ж,НЕ  
,ДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 
 
Қ.Қ. Дуйсенов – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,  
Өнер факультетінің «Дене т`рбиесі» кафедрасының аға оқытушысы, dene-tarbiesi@mail.ru 
 
Бұл  мақалада  салауатты  өмір  сүру  бейнесі  көптеген  қозғаушы  күштерге  (экономикалық,  `леуметтік, 
адамның жеке басының т`рбиесі мен біліміне) байланысты екені толығымен анықталды. 
Кез-келген  таңдаған  спорт  түрімен,  дене  шынықтыру  жаттығуларымен  шұғылдану  кезінде  мектеп  жасын-
дағы балалар өздерінің жеке гигиенасына ұқыптылықпен қарауы керек. Бұған тек дененің тазалығы ғана емес, 
сонымен  қатар  күн  т`ртібін  сақтау,  зиянды  `деттерден  бас  тарту  ж`не  т.с.с.  кіреді.  Егер  өмір  сүру  стилі  дене 
шынықтыру  жаттығуларымен  шұғылдануды  дұрыс  ұйымдастыруға  с`йкес  келмесе,  онда  оны  өзгерту  қажет. 
Дегенмен, `рбір мектеп жасындағы бала дені сау, күшті, қуатты, сергек болуды, жақсы қимылдауды, неғұрлым 
ұзақ  жасауды  қалайды.  Денсаулықты  сақтауға  `рбір  жас  жеткіншек  өзіне  жауапты,  дегенмен  қоғамға  да 
жауапкершіліктер  жүктелген.  Ел  Президентінің  Қазақстан  –  2030  жолдауында  `рбір  адамға  өз  денсаулығын 
сақтауға жауапкершілік жүктеледі. Аурулардың алдын алып, салауатты өмір салтын орнықтыру – мемлекеттің 
негізгі  басымдылық  саясаттарының  бірі.  Ұлттың  саулығы  `рбір  адамның  денсаулығын  сақтап,  нығайту  ж`не 
салауатты өмір салтын орнықтырумен анықталады. 
Түйін сөздер: Дене дайындалғандығы,  дамыту, білім беру, диагноздау, руханият, жетілдіру, дағды. 
 
Дене т`рбиесі сабағының н`тижелілігі оқытушының алдын-ала белгілеген жоспарын қаншалықты 
жүзеге  асыруына  көп  жағдайда  байланысты.  Оқытушы  шұғылданушылардың  қызметін  ұйымдасты-
рудың  барынша  ұтымды  `дістері  мен  `дістемелік  т`сілдерін  қолдануы,  бар  қондырғыларды,  құрал-
жабдықтарды,  оқытып,  үйретуге  арналған  техникалық  құралдарды,  тиімді  пайдаланып,  сонымен 
бірге  сабақ  өткізілетін  орынның  (спорт  зал  немесе  мектеп  жанындағы  спорт  алаңы,  стадион  немесе 
парк,  тегіс  немесе  ойлы-қырлы  жер),  ауа  райының  температуралық  жағдайы,  оқушылардың  дайын-
дық деңгейі, олардың жас, жыныстық ж`не жеке ерекшеліктері ескерілуі тиіс. 
Сабақтың ұйымдастырылуының қамтамасыз етілуінде мыналар қарастырылады:  
1/ санитарлық – гигиеналық жағдай жасау;  
2/ материалдық-техникалық қамсыздандыру;  
3/  сабақта  алға  қойылған  мақсатты,  міндетті  барынша  жақсы  орындауға  мүмкіндік  туғызатын 
шұғылданушылардың қызметін ұйымдастыру `дісін таңдау [1,2]. 
Сабақты өткізу үшін санитарлық-гигиеналық жағдайды қамтамасыз ету барысында дене жаттығу-
ларымен  шұғылданудан  сауықтырудың  тиімді  `серін  алуды  қамтамасыз  ететін  шаралардың  барлық 
кешені алдын ала қарастырылады. 
Осыған  байланысты  сабақ  өтілетін  орынның  санитарлық-гигиеналық  жағдайы  белгіленген  талап 
өлшемдеріне қатаң түрде с`йкес келуі тиіс. Мысалы, спорт залдары үшін ауаның барынша қолайлы 
температурасы +14+16қ  С. 
Мектептегі  сыныптар  мен  өткізілген  `рбір  сабақтан  кейін  барлық  үзілістер  кезінде  спорт  залдың 
ауасын тазартып, дымқыл матамен еденді сүрту қажет. Адам өкпесіндегі ауаның алмастырылуының 
тыныс  алу  кезіндегі  мөлшері  минутына  4  тен  6  ретке  дейінгі  аралықта  болады,  ал  жоғары  қарқын-
дылықтағы жаттығу кезінде (жүгіру, спорт ойындары ж`не т.б.) ағзаның ауаны сіңіруі 10 ретке ж`не 
одан да көпке артады. Сондықтан, дене жаттығуларымен шұғылдану өтетін орындарда ауаның қажет-
ті деңгейдегі тазалығын үнемі біріңғай қамтамасыз ету маңызды. 
Залдағы еденнің, гимнастикалық жұмсақ төсеніштердің, қондырғылардың, спорт құрал-жабдықта-
рының тазалығын қалыпты ұстауға үнемі өте үлкен назар аудару қажет. dрбір сабақтан кейін залдың 
еденін дымқыл матамен тазалау, гимнастикалық төсеніштерді суланған шүберекпен сүрту, аптасына 
бір  рет  күрделі  тазалық  күнін  өткізіп,  зал  еденін,  спорт  қондырғыларын,  құрал-жабдықтарын  кір 
жуатын ұнтақ қосылған сумен тыңғылықты жуып, соңынан құрғақ матамен мұқият сүрту қажет. 
Бұл  маңызды  санитарлық-гигиеналық  талаптарды  сақтамау  спорт  ғимаратында  көп  мөлшерде 
шаңның басып қалуына `келеді. Мұндай жағдайда шұғылдану денсаулыққа үлкен зиян келтіреді, өйт-
кені  өкпеге  шаң  аралас  лас  ауа  кіреді.  Бұдан  да  басқа,  тазаланып  жиналмаған  залда  шұғылданушы-
лардың денесі ж`не спорт киімдері ыластанады. 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
330 
Сабақтың  материалдық-техникалық  жағынан  қамтамасыз  етілуі,  үйлесімді  тығыздықпен  барлық 
кешенді  міндеттерді  түбегейлі  шешуге  жауап  беретін  оқу  тапсырмаларын  орындайтын,  яғни  сабақ 
өтілетін  орынды,  құрал-жабдықтардың,  қажетті  қондырғылардың  санымен  оқу  т`рбие  процесін 
қамтамасыз етуді алдын ала қарастырады.  
Соңғы жылдары республиканың көптеген дене т`рбиесі мұғалімдерінің бастамашылдығымен, ата 
аналардың  демеушілігімен  мектептердің  спорт  залдары  мен  спорт  алаңдарын  стандартты  емес  қон-
дырғылармен,  `ртүрлі  құрылғылар  ж`не  тренажерлермен  жабдықтауға  қол  жеткізді.  Мұндай  қон-
дырғыларды  пайдалану  сабақ  тығыздығын  елеулі  арттырады,  оқушыларды  қызықтырып  тартады, 
сабақтың  барынша  тиімді  ұйымдастыру-`дістемелік  түрін  қолдану  үшін  мол  мүмкіндік  туғызады, 
соңғы есепте көбіне сабақтың н`тижелілігіне жағдай жасайды. 
Шұғылданушылардың сабақтағы қызметін ұйымдастыру `дістері. Дене т`рбиесінің т`жірибесінде 
шұғылданушылардың сабағын ұйымдастырудың келесі `дістері қолданылады. 
1. Фронтальды `діс оқушылардың сапқа тұру формасынан (лекпен, бірнеше қатармен, шеңбермен) 
т`уелсіз,  сыныптың  барлық  құрамымен  барлық  тапсырмаларды  бірдей  орындауымен  сипатталады. 
Бұл  `діс  сабақтың  барлық  бөлімдерінде,  `сіресе  дайындық  ж`не  қорытынды  бөлімдерінде  кең 
ауқымда пайдаланылады. Алайда фронтальды `дісті сабақтың негізгі бөлімінде де мүмкіндігінше көп 
қолдануға  қол  жеткізу  қажет.  Бұлай  сабақтың  моторлы  тығыздығы  қамтамасыз  етіледі  (үйренуші-
лердің қозғалыс `рекетіне тікелей уақытты арттыру есебінен көп қимылды жасауға үлгеруге болады). 
Фронтальды `діс бір текті қызметін басқаруда, яғни сақтандыру қажет болмаған жағдайда қолда-
нылады.  Мысалы,  қысқа  қашықтыққа  жүгіруде  жоғарғы  ж`не  төменгі  сөреден  шығу  `дістерімен 
орындауды  үйрету  ж`не  жетілдіру  кезінде,  сол  сияқты  бірқатар  қарапайым  жаттығуларда  (алға, 
жанымен аунап, домалау), волейбол ойынында жұбымен `дістік т`сілдеріне жаттығуда допты беруде 
қолданылады [3,4]. 
Сабақтағы  маңызды  педагогикалық  талап  шұғылданушыларды  бір-біріне  кедергі  жасамайтындай 
орналастыру, яғни оқытушы оқушыларды, ал олар өз кезегінде оқытушыны анық көруі тиіс. 
2.  Топтық  `діс  бір  уақытта  бірнеше  топтарда  оқытушының  `ртүрлі  тапсырмаларын  орындауды 
алдын  ала  қарастырады.  Шұғылданушыларды  топтарға  бөлу  ж`не  тапсырманың  мазмұнын  анықтау 
жынысы,  дайындық  деңгейі  ж`не  басқа  белгілері  (мысалы,  баскетбол,  күрестегі  салмақ-бой  көрсет-
кіштері) арқылы іске асырылады. Бұл `діс орта ж`не жоғарғы сыныптарда пайдаланылады. 
Алайда бұл `дісті қолдануда оқушылардың ішінен барынша жоғары дайындығы бар көмекшілерді 
мұғалімнің  арнайы  дайындауы  ж`не  оларды  алдағы  өтілетін  сабақтағы  оқу  материалы  бойынша 
уақтылы нұсқау беруі талап етіледі. 
3.  Жеке  `діс  оқушыға  өздігінен  орындайтын  жеке  тапсырма  ұсынылуымен  тұжырымдалады. 
Т`ртіп  бойынша,  жеке  тапсырма  сынып  оқушыларының  негізгі  құрамынан  өзінің  дайындығымен, 
қабілетімен ж`не ерекшеліктерімен, ал кейде денсаулық жағдайымен елеулі айырмаланатын шұғыл-
данушылар  үшін  арналған.  Бұл  `діс  спорт  ойындарында  жоғары  сынып  оқушыларымен  басымырақ 
өткізіледі. 
4. Айналма `дісте арнайы дайындалған бекеттерде шұғылданушылардың жаттығулар сериясымен 
берілген  тапсырмаларды  бірізділікпен  жүйелі  орындауы  алдын  ала  қарастырылады,  яғни  т`ртіп 
бойынша залдың ішінде немесе спорт алаңында шеңбер бойынша орналасқан қондырғыларда. dдетте 
шеңберге  4-10  бекеттік  жаттығулар  кіреді.  dрбір  бекетте  бір  жаттығу  түрі  немесе  қозғалыс  `рекеті 
орындалады.  Олардың  құрамы  дене  сапаларын  дамытатын  ж`не  ағзаның  қызметтік  мүмкіндіктерін 
арттыру  ескеріліп  іріктеледі.  Айналма  шеңбер  аралықсыз  немесе  бекеттер  арасындағы  белгілі  бір 
демалыс аралығымен орындалады. Бұл `діс орта ж`не жоғары сыныптарда қолданылады. Сабақтың 
маңыздылық  жағы  дене  т`рбиесінің  бағдарламасымен  анықталады,  яғни  онда  сабақтың  мақсаты, 
міндеттері, оқу тақырыптары, талаптары ж`не нормативтері нақтылы айқындалған. Ол оқушылардың 
дене  т`рбиесі  сабағында  белгіленген    тарауларын  (оқу  жылында  68  немесе  102  сағат)  меңгерілуі 
есептеліп жасалынған. 
Сабақтың  педагогикалық  құрылуын  дене  жұмысын  орындау  кезіндегі  жұмыс  қабілеттілігінің 
фазалық өзгеруімен байланысты физиологиялық заңдылықтарымен анықтайды. Бұл заңдылық сабақ-
тың  құрылымында  үш  қызметтік  байланысқан  құрамдас  бөліктердің  бөлінуін  қамтамасыз  етеді: 
дайындық, негізгі, қорытынды. 
Дайындық бөлімінің мазмұнына мыналар кіреді:  
-  шұғылданушыларды  бастапқы  ұйымдастыру  (сапқа  тұрғызу,  сабақтың  міндетін  түсіндіру, 
саптық жаттығулар, назарға арналған жаттығулар); 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
331 
- жүру мен жүгірудің `ртүрлі варианттары;  
- жалпы дамыту ж`не дайындық жаттығулары (бір орында, қозғалыста, затсыз ж`не затпен). 
Сабақтың дайындық бөліміне арналған жаттығулар кешенін құрастыру кезінде ж`не оны ретімен 
үлестіруде шұғылданушылардың жасы, жынысы ж`не дене дайындығы ескеріліп, оларды іске асыру 
үшін  жаттығулар  кешені  құрылады.  Бұл  жаттығулар  кешеніне  шұғылданушылардың  орындауына 
оңай, барлық бұлшық ет топтарына арналған жаттығулар енеді. 
Т`ртіп бойынша, жаттығу 2,4,6,8 сияқты санау арқылы орындалады:  
- оқытушының алдын ала көрсетіп ж`не түсіндіргеннен кейін;  
- оқытушының көрсетіп ж`не түсіндіруімен бір уақытта;  
-  тек  көрсету  бойынша;  4/  тек  түсіндіру  бойынша.  Жаттығулар  кешеніндегі  жаттығулар  саны 
`детте 8-10 артық болмайды. 
Шұғылданушылардың  назарын  жандандыру  ж`не  олардың  көңіл  -  күйі  жағдайын  көтеру  үшін 
жалпы дамыту жаттығуларын өткізу кезінде мыналарды пайдалану ұсынылады:  
- қолды шапалақтаумен;  
- жаттығуларды көзді жұмып орындау;  
- жекелеген дене қалпын белгілеумен жаттығуларды 5-7 санаққа орындау;  
- жаттығулардың қозғалыс амплитудасын біртіндеп арттыру арқылы өткізу;  
- `ртүрлі бастапқы дене қалпынан бірдей жаттығуларын орындау. 
Жаттығуларды  орындау  кезінде  шұғылданушылардың  алдына  нақтылы  тапсырмаларды  беру 
ұсынылады.  Мысалы,  алға  иіліп  еңкейгенде  еденге  алақанды  түгел  тигізу  немесе  аяқты  керіп  тұру 
қалпынан кеудені оңға бұруда, оң қолды сол жақ өкшеге ж`не керісінше жасау керек [5,6]. 
Шұғылданушылардың  жалпы  дамыту  жаттығуларын  орындауға  ықыласын  арттыру  үшін  ж`не 
сабақтың қорытынды бөлімінің міндеттерін барынша н`тижелі шешу үшін бұл жаттығуларды өткізу-
дің `ртүрлі `дістерін қолдану ұсынылады. 
1. Бөлікпен өткізу `дісі жаттығулар кешенінің `рбір жаттығуын орындаудан соң үзіліс жасалады. 
Шұғылданушылар  бұл  `дістегі  қозғалыстарды  д`лірек  орындайды,  сондықтан  мұнда  оқытушыға 
оларды бақылау жеңіл болады.  
2.  Толассыз  өткізу  `дісінде  барлық  жаттығулар  кешені  үзіліссіз,  тоқтаусыз,  ж`не  алдындағы 
жаттығудың соңғы қалпы келесі жаттығу үшін негізгісі болуымен сипатталады. 
3. Жаттығуды жеке орындау. 
4.  Жаттығуды  жұппен  орындау  (гимнастикалық  таяқшамен,  секіргіш  резинамен,  тығыздалған  
доппен, гимнастикалық орындықпен, гимнастикалық швед қабырғасында ж`не т.б.). 
5. Жаттығуларды қозғалыста орындау.  
Сабақтың  дайындық бөлімінің міндеттерін табысты шешу үшін оқытушыға мыналар қажет: 
- жаттығуды көрсету үшін орынды дұрыс таңдау; 
- қажетті қарқынмен ж`не қай бұрышпен жаттығатынын көрсету; 
- көрсетілетін жаттығуды қысқаша ж`не д`л атау; 
- бұйрықты (команданы)  дұрыс, өз уақтында ж`не жеткілікті д`режеде дауыстап беру; 
- оқушыларға айналы көрсетумен ж`рдемдесу, білмегенін түсіндіру ж`не есептеулер; 
- жаттығулардың д`л ж`не үйлестікте (синхронды) орындалуына қол жеткізу; 
- жаттығуды орындау барысында оқушылардың жіберген қателерін түзету. 
Сабақтың  дайындық  бөлімін  өткізу  барысында  оқытушыға  жаттығуларды  төмендегі  т`ртіппен 
таңдағаны дұрыс: 
- жаттығулар `ртүрлі бастапқы дене қалпынан басталғаны дұрыс (`ртүрлі тұру, отыру, жату, тіреу 
ж`не қолдың ұстау қалпынан); 
-  жаттығулардың  `ртүрлі  бағыттылық,  кинематикалық  ж`не  динамикалық  сипаттамасы  (`ртүрлі 
бұлшық ет топтары, бағыты, амплитудасы, қарқыны ж`не орындау сипаты); 
- бір циклда 2 -ден 8-ге дейін қозғалыстың мазмұны болуы тиіс. 
Сабақтың негізгі бөлімінің мазмұнына мыналар кіреді: 
-  сабақты  жүргізу  м`нерінде,  оқытып,  үйрету  құралдарымен  `дістерін  іріктеуде  біркелкіліктен 
сақтау; 
-  `ртүрлі  бағалау  `дістері  пайдалану:  мақұлдау,  мадақтау,  ескерту,  ұялту,  мұнда  `ділдікті, 
объективтілікті шара сезімі мен `дептілікті сақтау қажет; 
- өздігінен өз қатесін түзету, яғни оның пайда болу себебін, талапқа, с`йкестігін білуі тиіс.   
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
332 
- барлығын ж`не `рбірін жекелей үйрету қажет; 
- оқушылардың дене жаттығуларын өздігінен орындай  білуін қалыптастыру. 
Оқытып,  үйретуде  дағдыны  дұрыс  қалыптастыру  үшін  қозғалысты  8-10  рет  қайталаумен  дұрыс 
орындауы қажет, ал үйренген қозғалысты бекіту үшін 20-30 аралығында қайталанады. Берік  дағды-
ны  қалыптастыру  үшін  жаттығулардың  көп  реттік  қайталануы  оқушылардың  шаршауына,  қозғалыс 
`рекетін  орындауға  ынтасының  жойылуына  `келеді.  Бұл  жағдай  ағзаның  оқу-практикалық  қызметі-
нің біркелкіне сипатына табиғи реакциясы болып табылады. Дене т`рбиесі сабағына қозғалыс-қимыл 
ойындарын,  ойындық  тапсырмалар  мен  жаттығуларды  кіргізу,  ойындық  `дісті  пайдалану  оқушы-
лардың назар аударуын жандандырады, көңіл-күйін көтереді ж`не қызығушылығын арттырады. 
Дегенмен, ойынның көмекші, қосымша `діс, ретінде алға шығатынын назарда ұстау қажет. Олар 
қозғалыс  `рекеті  жеткілікті  д`режеде  меңгерілгенде  ғана  ж`не  оқушылардың  ықылас  назары  тек 
қозғалыс  актісіне  ғана  емес,  орындалатын  `рекет  н`тижесіне  орындалу  жағдайы  мен  шартына  да 
байланысты  болады.  Қозғалыс-қимыл  ойындары  жоғары  қызу  `серленгіш  көңіл-күйі  жағдайында, 
өзгермелі күтпеген жағдайда, сыртқы орта қарсы күштеріне қарсы орындалатын дағдыны бекіту ж`не 
жетілдіру `дісі ретінде алға шығады. 
Дене т`рбиесі сабағында ойындарды бір ізді жүйелілікпен қолдану күні бұрын жоспарлануы тиіс. 
Ойынды  таңдау  сабақ  алдында  қойылатын  педагогикалық  мақсатты  міндетке  тікелей  байланысты. 
Мұнда  сыныптың  дене  ж`не  `дістік  дайындық  деңгейі  де  өте  маңызды  қызмет  атқарады.  Ойынды 
іріктеп, таңдау сонымен бірге, ойынның қай жерде өтілуіне (спорт зал, ашық ойын алаңы, стадион), 
сай келетін спорт құрал жабдықтары мен спорттық қондырғыларына да байланысты болады. Ойынға 
қайсы  бір  қозғалыс  `рекеті  элементін  қосқан  кезде  қозғалыстың  негізгі  құрылымы  ойын  барасында 
бұзылмауын назарда ұстау өте маңызды. 
Ойын н`тижесін анықтау, қателерін дұрыс емес `рекетті табудың үлкен т`рбиелік м`ні бар. 
Н`тижелерді  қорытындылау  кезінде  тек  қана  шапшаңдықты  ғана  емес,  сонымен  бірге  ойын 
`рекеттерінің орындау сапасын есептеу маңызды. 
Майда мектеп жасындағы балалармен сабақтағы жаттығуды үйрену сатысында оқыту мақсатына 
бағынышты санада күні бұрын қарастырылатын оқытудың жарыстық `дісін қолданған дұрыс. 
Жарыстық  қызметтің  нысаны  бүтіндей  қозғалыс  `рекетінің  немесе  оның  `рекеттерінің  орындау 
санасы көрсеткіштері болып табылады (“кім дұрысырақ?”, “кім д`лірек?” ж`не т.б.). 
Сабақта  ұсынылған  тақырыпты  шұғылданушылардың  меңгеруі  үшін  (с`йкес  `рекетті  орындау) 
оқытушы  көптеген  мына  `рекеттерді  іске  асырады:  түсіндіреді,  көрсетеді,  бақылайды,  талдайды, 
оқушылардың жұмысын бағалайды ж`не т.б. 
Оқушылардың оқу тақырыптарын  меңгеру процесі олардың `ртүрлі `ркеттерді орындауы арқылы 
да  құрылады:  м`ліметті  қабылдауы,  оның  элементтерін  меңгеруі,  қайталанатын,  бұрын  түзетілген 
`рекеттерді іске асыру, қозғалыс-қимыл `рекеттерін жетілдіру ж`не т.б. 
Педагог  пен  шұғылданушылардың  барлық  `рекеттері  қорытындыда  нақтылы  н`тижеге,  яғни 
қозғалыс `рекетін дұрыс орындай білуге үйренуге т`уелді. 
Қорыта  айтқанда  қозғалыс  `рекетін  үйрету  барысында  үйретілетін  қозғалыс  `рекетін  көру  ж`не 
есіту  арқылы  қабылдай  білуінің  үлкен  маңызы  бар  (көрнекілік).  Көрнекілікті  пайдалану  оқытып, 
үйрету сатысына байланысты. Т`ртіп бойынша, қозғалыс `рекетін таныстыру ж`не бастапқы үйрету 
сатысында  көрнекілікті  ед`уір  жиі  қолданылады,  ал  жетілдіру  сатысында  пайда  болған  қателерді 
түзету үшін пайдаланылады. 
 
1 nлімжанова Г. Ерғазиева К. «Салауатты өмір салтын ұстау» «Бастауыш мектеп» 2004-2. 
2 Қайымова Ш. «Салауатты өмір салтын құру», «Өзіндік таным» , 2005-2.  
3  Абдрахманова  А.  «Салауатты  өмір  салтына  құрылымдық  модель»,  «Валеология  дене  тeрбиесі  спорт» 
№12 -2003. 
4 Есжанов Б. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру», «Ислам eлемі».2005-10 5. Исламова А. «Педаго-
гикалық салауаттанудың даму негіздері», «Мектептегі дене шынықтыру» 2004-3. 
6 Қосуақова З. «Оқушылардың салауатты өмір салтын ынталандыру.» «Валеология дене тeрбиесі спорт». 
2003-3. 
7  Таубаева  Ш.,  НазароваГ.  Педагогикалық  салауаттанудың  даму  негіздері.  «Валеология  жeне  салауат-
тылық негізі» 2003-1. 
8 Назарбаев Н.n. Қазақстан - 2030. - Алматы: Білім, 1997. - 256 бет. 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
333 
Резюме 
Организация и методические основы проведения урока физической культуры
 
Дуйсенов К.К. - Международный казахско-турецкий университет имени  Х.А.Ясави, факультет Искусств, 
кафедра «Физического воспитания» старший преподаватель, dene-tarbiesi@mail.ru 
В этой статье, многие движущих сил (экономических, социальных, воспитание и образование личности), что 
полностью определены. Любой избранным видом спорта, необходимо бережно относиться к их личной гигиены 
при  занятиях  физическими  упражнениями  детей  школьного  возраста.  Это  не  только  чистота  тела,  а  также 
соблюдение режима дня, отказа от вредных привычек, т. к исскуству с.с. Стиль жизни, заниматься физическими 
упражнениями,  правильно  организовать  если  не  соответствует,  то  его  необходимо  изменить.  Тем  не  менее, 
каждый ребенок школьного возраста, здоровые, сильные, мощные, стать свежей, лучше действовать, создание 
более  длительные  предпочитают.  Каждый  подросток  сохранить  здоровье  на  себя  ответственность,  но 
ответственность возложена на общество. Указ Президента страны "Казахстан – 2030", в послании возлагается 
ответственность за сохранение здоровья населения, каждого человека. Профилактика заболеваний, формирова-
ние  здорового  образа  жизни  –  один  из  основных  приоритетов  политики  государства.  Сохранения  здоровья 
нации, здоровья каждого человека, здорового образа жизни и укрепление. 
Ключевые слова: Ориентация, психика, развитие личности, саморазвитие, физическая культура. 
 
Summary 
Organization and methodological foundations of conducting lesson of physical culture
 
Kaldybek Duisenov - H. A. Yssawi International kazakh-turkish university,  
the faculty of Arts, Department of 
''Physical education'',
 Senior lecturer,  dene-tarbiesi@mail.ru 
In this article, many of the driving forces (economic, social, upbringing and education of the individual) that is fully 
defined. Any chosen sport, you need to take good care of their personal hygiene when doing physical exercise school-
age children. It not only cleanliness of the body, as well as the compliance regime of the day, avoiding harmful habits, 
the art S. S. lifestyle, exercise, the right to organize if it doesn't, it should be changed. However, every child of school 
age, healthy, strong, powerful, become fresh, it is better to act, creating longer prefer. Every teenager to maintain health 
responsibility,  but  the  responsibility  rests  on  the  society.  The  decree  of  the  President  of  the  country  "Kazakhstan  – 
2030", the message is assigned responsibility for maintaining the health of the population, each person. Prevention of 
diseases, formation of healthy lifestyle is one of the main priorities of state policy. Save the nation's health, the health of 
each person, healthy lifestyle and strengthening. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет