С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет226/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   587
Байланысты:
ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)

Көкіұлыбатыр (1667-1749 ж.) мен Кіші жүздің ханы dбілқайыр ханның кеңесшісі болған, танымал 
жырау Мөңке би Тілеуұлының(шамамен 1675 – дүниеден өткен жылы белгісіз) өмірі мен ерліктері, 
өнегелі  ой  тұжырымдары  студент  жастарды  туған  жер  мен  елді  сүюге,  ата-ананы,  ағайын-туысты 
қадірлеуге  үндейтін  патриоттық  рухқа  толы  туындылар.М`селен,  Мөңке  би  өз  заманында  «ердің 
құнын  екі  ауыз  сөзбен  шешкен  сұңғыла  би»,  келер  күнді  айнытпай  болжайтын  с`уегей  ж`не  дала 
даналығының  көрінісі  іспетті  ой  тұжырымын  тағылымды  поэтикалық  жырға  айналдырған  жырау 
ретінде танылды [8, 577 б.]. 
Көшпелі  өмірдің  тіні  бұзылмаған  қоғамда  заман  ағысын  аңдап,  оның  келешек  кескін-кейпін  д`л 
болжай  білу  Мөңке  би  шығармашылығының  басты  белгісі,  ерекшелігі  екенін  де  көруге  болады.  Ел 
аузында  Мөңке  би  мың  жылдығын  болжап  кеткен  деген  ой  айтылады.  Қарт  аталармыз  Мөңке  би 
былай деп қазақ халқын келешекте не күтіп тұрғанын болжап берген деседі. Оның д`лелі бабамыздан 
қалған мына бір жыр жолдары: 
Құрамалы, қорғанды үйің болады, 
Айнымалы,төкпелі биің болады. 
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ, 
Ай сайын бас қосқан жиын болады. 
Ішіне шынтақ айналмайтын 
Ежірей деген ұлың болады. 
Ақыл айтсаң аурып қалатын 
Бежірей деген қызың болады. 
Алдыңды кес-кестеп өтетін 
Кекірей деген келінің болады, 
Домалақ-домалақ түймедей дeрің болады, 
Жастарға билігі жүрмес кeрің болады. 
Ертеңіне сенбейтін күнің болады, 
Алашұбар тілің болады, 
Дүдeмeлдау дінің болады. 
nйелің базаршы болады… - 
деп, ашы да болса шынайы қазіргі біздің д`уіріміздің бейнесін аса бір көрегендікпен қатаң сынға ала 
отырып,  д`л  болжап  айтқанбабамыздың  ой-тұжырымдары  екендігін  мойындауымыз  қажет.  Жыр 
жолдарына байыппен үңіліп қараған оқырманы Мөңке би бабамыздың сынынан сабақ алуы тиіс деп 
білеміз.  Ежірей  атты  ұл  мен  Бежірей  атты  қыздан,  Кекірей  атты  келіннен  сақтану  үшін  нағыз  өз 
ұлтының болмысын, ата д`стүрін құрметтейтін, терең т`рбиелі, білімді ұрпақ тұлғасының қажеттілігі 
туралы ой тұжырымдарын т`рбиенің талабы деп қабылдағанымыз жөн. Міне, осындай өнегелі өсиет 
қалдырған    Мөңке  бидің  біздің  заманымызға  «Өттің,  жалған-ай»,  «Шалқыма»,  «Қиқу  д`урен», 
«Жиын алқа, кеңесі» атты төрт күйі жеткен. Дегенмен оның күйлері бұданда көп болуы мүмкін деген 
болжамдар айтылады.  
Мөңке би тарихымызда есімі құрметпен аталатын философ, терең ойшыл, ұлы ақын. Қара қылды 
қақ жарған, мың жылдығын болжаған дала кемеңгері. Мөңке би бабамызға арналған м`рм`р тастан 
жасалынған  ескерткіш  мүсін  (тұғырдың  биіктігі  2,7  м.,  ескерткіштің  биіктігі  1,5  м.)  Ақтөбе  қала-
сының орталығында орналасқан [7, 561 б.]. Біздің жерімізде осындай қазақ тарихында зор беделге ие, 
нар  тұлғалы  қоғам  қайраткерлерінің  болғанын  студенттердің  бірі  білсе,  бірі  жіті  білмейді.  Біздің 
мақсатымыз  жалпы  қазақ  ж`не  туған  өлке  тарихындағы  би-шешендер  мен  батыр  бабаларымыздың 
есімі,  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  танымдық-т`рбиелік  м`ні  зор  туындыларды  студент 
жастарымызға мақсатты түрде, жүйелі, терең таныту
.
 
Сондықтан  біз  есімі  мен  ерлігі  `лемді  мойындатқан  қазақ  топырағынан  шыққан  батырларды 
еліміздің  түрлі  аймағынан  жиналған  студенттерімізге  кеңінен  таныстырып,  тарихтағы  ерлігі  мен 
батырлығын  ұлықтап,  үлгі  ете  отырып,  олардың  да  «Мgңгі  Қазақ  елі»,  жері,  ана  тілі,  діні  үшін 
«қасық  қаны  қалғанша»  бүгінгі  уақыт  талабына  сай  өмір  майданында  тынымсыз  қызмет  етуге 
`рқашан  дайын  болуын  түсіндіріп,  бойларына  сіңіруге  талпындық.  Бүгінгістудент  жастар,  ертеңгі 
мамандық  иелерінің  азаматтық  тұлғасын  қалыптастырып,  өмірде  кез-келген  сынға  түсуге  дайын, 
б`секеге  қабілетті  «сегіз  қырлы  бір  сырлы»  етіп,ұлттық  патриоттық  рухта  т`рбиелейміз  десек,ең 
алдымен өз халқымызға т`н ұлттық құндылықтарымыз бен салт-д`стүрлерімізді, халық ауыз `дебиеті 
үлгілерін,  батыр  бабаларымыздың  өмірі  мен  ерлігід`ріптелетін  тарихи,  `деби  деректерді  қамтыған 
асыл  мұраларымызды  жастар  санасынабарынша  ЖОО-ғы  оқу-т`рбие  процесінің  мүмкіндіктерін 
пайдалана отырып, терең сіңіре білу басты міндетіміз болып қала бермек. 
 
 
 
 
 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
148 
1 Назарбаев Н.n. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. //Егемен Қазақстан, 2012 
ж. 15 желтоқсан, №828-831 (27902). 
2  Бахтиярова  Г.Р.Қазақ  халқының  дeтүрлі  педагогикалық  мeдениеті:тарихы,  теория  жeне  практика. 
Монография. – Ақтөбе, 2012. – 372б. 
3  Иманбаева  С.Т.  Жаңа  қазақстандық  патриотизм  –  интелектуалды  ұлтты  қалыптастырудың  кепілі. 
//Педагогика жeне Психология. – Алматы, 2013, №4 (17). – Б. 98 – 105. 
4  Баймолдаев  Т.М.  Біліктілікті  арттыру  жүйесіндегі  жастарға  патриоттық,  тeрбие  беру  жұмысы. 
//Білім. – Алматы, 2009.  №6 (48). – Б.58-60.   
5  Иманбетов  А.  Н.  Қазақ  этнопедагогикасының  негізінде  студенттерге  патриоттық  тeрбие  беру. 
Педагогика  ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дeрежесін  алу  үшін  дайындалған  диссертацияның  афторе-
фераты. – Қарағанды, 2007. – 25 б. 
6 Тайжанов А.Т. Тағылымды танымдар: көмекші оқу құралы – Орал: «Ағартушы» орталығы, 2007. – 304 б.  
7 Ақтөбе: Энциклопедия. – Ақтөбе: «Отандастар-Полиграфия» ЖШС, 2001. – 748 б. 
8  Қазақстан.  Ұлттық  энциклопедия.  /Бас  ред.  Б.Аяған.  –  Алматы:  Қазақ  энциклопедиясының  Бас  редак-
циясы, 2004. – 696 б. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет