С. Г. Тажбаева Редакция алқасы


Көтібарұлы, Табын Бөкенбай, Барақ Батыр



Pdf көрінісі
бет225/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   587
Көтібарұлы, Табын Бөкенбай, Барақ Батыр ж`не «Ат тұяғын тай басар» дегендей Бөкенбай батыр-
дың  немересі    Жоламан  Тіленшіұлы  ж`не  Барақ  батырдың  баласыАсау  Барақ  ж`не  т.б.  Есімдері 
аталған  қазақ  арыстарының  барлығы  да  Отаны,  туған  жері,  елінің  т`уелсіздігі  үшін  жан  аямай 
күрескен,  ерліктері  `лемге  аян  батырлар.  Барлығының  дерлік  батырлығын,  елдік  істерін  бір  мақала 
мазмұнына сыйғызып, сөз ету мүмкін емес. Сондықтан біз өз т`жірибемізде ЖОО жағдайында сту-
денттерге патриоттық т`рбие беру мақсатында жүргізілген мақсатты жұмыстарымыздың мазмұнына 
арқау болған жекелеген батырлар есімдеріне қысқаша тоқталғанды жөн көрдік.  
Ақтөбе топырағында дүниеге келген өзі би, өзі `улие Есет-Дgрібай Көтібарұлы батыр бабамыз-
дың «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деп ел т`уелсіздігі үшін аттанған 
тарихи жорықтары өте көп болған. Есет батыр (1803-1889) - Ұлы Борсық бойында Шалқар ауд. Ақши 
деген  жерінде,  Шекті  тайпасы,  Қабақ  руы,  Қарабас  бөлімінің  белгілі  батыры  Көтібар  шаңырағында 
дүниеге  келген  [7,  393  б.].  Ол  1847-1848  ж.ж.  Жанқожа  батырмен  бірге  Қоқан,  Хиуа  хандығына 
шабуыл  жасады.  Осы  жорықта  жасаған  ерлігі  үшін  кейіннен  алтын  медальды  иеленеді.  Сонымен 
қатар  1847-1858  ж.  Ресей  империясының  отаршылдық  саясатына  қарсы  көтерлістерге  басшылық 
етеді. Ол сол кездегі Ресей үкіметінен қазақ қауымынан түйе жинауды тоқтату, түтін салығын жою, 
қазақ  даласына  жазалаушы  отрядтарды  жіберуін  тоқтату,  жайылым  жерге  еркіндік  беріп,  Жем, 
Мұғалжар,  Елек,  Қобда,  Жайық  өзендерінің  бойына  еркін  көшіп  қонуға  мүмкіндік  жасауды  талап 
еткен  ж`не  осы  талаптарды  орындатқан  қазақтың  өр  мінезді  ұлы  ретінде  танылды.  Есет  бабамыз 
өзінің бойындағы қазаққа т`н батылдығы мен батырлығын, өжет те өр мінезін:        
Мен, мен едім, мен едім, 
Қатарға салсаң қайыспас, 
Қас қара нар мен едім, 
Шабуыл салса шаршамас. 
Шыны тұлпар мен едім, 
Су шашырап жел тимес. 
Аударылмас  қара кеме едім, 
Қасарысып келгенде, 
Қап түбіне сыймаған, 
Қара болат мен едім. 
Қиянан ұшқан қу ілген, 
Анық сұңқар  мен едім. 
Тегеурінім теріс біткен, 
Тепсем жілік сындырған 
Қыран бүркіт мен едім,
 
деп жыр жолдарымен суреттеген. 
Нар  тұлғалы  бабамыздың  ерлігі  мен  батырлығына,  оның  ірі  дене  бітіміне  таң  қалған  орыстың 
атақты ғалымы Е.П.Ковалевский ол «Дала Геркулесіне»тең келеді, оның«келбеттілігі мен парасатты-
лығына европалықтар да т`у етер еді», деп жазып, Есет Көтібарұлыныңшойыннан құйылғандай кесек 
пішіні  мен  табиғатына  сай  сұлулығына,  жанкешті  батырлыққа  толы  `діс-айласына  таңданысын 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
147 
жасырмайды [7, 397 б.]. Сол секілді Қазақстан тарихы мен `дебиетінде есімдері айрықша айтылатын 
Ақтөбе  өңірінде  дүниеге  келген  мемлекет  қайраткері,  қолбасшы,  саясаткер,  дипломат  Есет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет