С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет280/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   587
Байланысты:
ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
183 
Д.А.Иванов,  А.В.Хуторский,  Э.Ф.Зеер  ж`не  тағы  басқалардың  зерттеулерінде  білім  берудегі 
құзыреттілік  т`сілдің  м`н-маңызы  ж`не  осы  т`сілдің  іргесін  қалаған  жетекші  ғалымдардың  өзара 
байланысы қарастырылған. А.В.Щербаков, В.А.Белеков, А.К.Маркова, А.Я.Найн ж`не тағы басқалар 
өз  еңбектерінде  к`сіби  құзыреттілікті  арттыру  жолдарын  зерттеген.  Атап  айтқанда,  Л.В.Митина  – 
педагогикалық  құзыреттілікті,  Л.А.Петровская  –  коммуникативтік  құзыреттілікті,  ал  С.Е.Шишов 
болса, педагогикалық құзыреттілікті арттырудың `діс-т`сілдерін зерттеуге ден қойған.  Білім берудегі 
құзыреттілік т`сілді «жоғары мектептің құбылмалы `лемнің талаптарына ілесу үдерісіндегі» кезекті 
қадамы деуге болады [4] 
Инновациялық  шешімдер  кешені  негізгі  білім  беру  бағдарламаларын  жүзеге  асырудың  норма-
тивтік  шарттарында  да  көрсетілген.  Мұндай  шарттарға  оқытудың  технологиялық  т`сілін  қолдану 
жатады.  Бұл  т`сіл  жоспарланған  нақты  н`тижеге  міндетті  түрде  қол  жеткізетін  оқытудың  дидакти-
калық  тұрғыдан  д`йекті  `рі  тиімді  `дістері  мен  т`сілдерін  таңдау,  сондай-ақ  педагогикалық  жүйені 
ұтымды  жобалау  ж`не  біртұтас  жүзеге  асыру  есебінен  білім  беру  үдерісін  түбегейлі  жаңғыртуға 
мүмкіндік береді. Нақ осы технологияландыру үдерісі оқытудың тиімділігін қамтамасыз етеді. Оның 
ішінде,  жеке  тұлғаның  құзыреттілікке  негізделген  білім  алуына  ж`не  өзін-өзі  жетілдіруіне  зор 
септігін тигізетін белсенді интерактивті оқыту технологиясының м`ні ерекше.  
Сонымен  қатар,  инновациялық  шешімдердің  қатарына  оқытушы-профессорлар  құрамын  қайта 
даярлау ж`не біліктілігін арттыру шараларын жатқызуға болады. Білім сапасын арттыру ж`не н`ти-
жеге  бағытталған  үлгіге  беталуы  барысында  мұғалімдер  мемлекеттік  стандартта  берілген  н`тиже-
лерге жетуде к`сіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары н`тижесінде проблема-
ның шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті м`дениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық 
функцияны атқарады. 
XXI  ғacыp  aдaмының  құзыpлықтapы  қaтapындa  caнaлaтын,  қaзipгi  бiлiм  бepудe  бacшылыққa 
aлынaтын  «тaнуды  үйpeну,  жacaуды  үйpeну,  бipгe  өмip  cүpудi  үйpeну,  өмip  cүpудi  үйpeну»  нeгiзгi 
«төpт  қaғидacының»  м`нiн  aшaды.  Қазіргі  заман  адамның  осы  құзыреттілікті  меңгере  отырып  тек 
«к`сіби  икемділігін  оңтайландыруды  қамтамасыз  ету  ғана  емес,  іске  асырылу  мүмкіндігін  «үнемі 
оқып – үйрену ж`не өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады[5]. 
Білім  сапасын  арттыруда,  бірінші  кезекте  оқытушының  құзыреттілігі  шешуші  рөл  ойнайды. 
Себебі,  ол  білім  берудің  барлық  сатысында  `ртүрлі  `дістемелердің  көмегімен  білім  алушыларға  өз 
білімін  жеткізеді.  Сондықтан,  оқытушы  өзінің  шығармашылық  ой-өрісін  ұдайы  кеңейте  отырып,  өз 
білімін дұрыс жеткізе білуі қажет. Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай 
педагог қауымының өзін-өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады.  
Білім  саясатындағы  түбегейлі  өзгерістерді  күнделікті  оқу  үрдісінде  берілетін  тапсырмалардан 
бастау  қажет  екендігі  айқын  көрсетілген.  Студенттер  оқытушы  қауымнан  тек  білімге  ғана  емес, 
өмірге  үйрететін  қабілеттілікті  қажет  етіп  отыр.  Демек,  болашақ  педагогтарымыз  осы  ақпараттық 
қоғамнан  қалыспай:  жедел  ойлаушы;  жедел  шешім  қабылдаушы;  ерекше  ұйымдастырушылық  қабі-
летті; нақты бағыт беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның талабы. Міне, құзыреттілікті қалып-
тастыру дегеніміздің өзі болашақ педагог - қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта 
отырып  ойлаудың,  интеллектуалдық  белсенділіктің  жоғары  деңгейіне  шығу,  жаңаны  түсіне  білуге, 
білімнің  жетіспеушілігін  сезінуге  үйрету  арқылы  ізденуге  бағыттауды  қалыптастырудағы  күтілетін 
н`тижелер  болып  табылмақ.  Бұның  өзі  өз  кезегінде  қазіргі  педагогтардан  ш`кіртті  оқытуда,  білім 
беруде,  т`рбиелеп  өсіруде  белгілі  бір  құзіреттіліктерді  бойына  сіңірген  жеке  тұлғаны  қалыптас-
тыруды талап етеді. 
Оқыту  үдерісінің  н`тижелі  болуы  үшін  оның  т`рбиелеуші  ж`не  дамытушы  сипаты  басым  болуы 
тиіс.  Білім  беру  мекемесіндегі  оқыту,  бірінші  кезекте,  білім  алушының  шығармашылық  қабілетін 
дамытуға, өз бетінше жұмыс істеу, есте сақтау, қисынды ойлау, ақпарат ағымынан өзіне қажетті м`лі-
метті іздеп табу, жеке тұлғаның өзіндік қасиеттерімен қоса, оның этикалық ж`не эстетикалық көзқа-
растарын ж`не гуманитарлық ойлау аясын анықтау, түсіну ж`не құрметтеу қабілетін қалыптастыруға 
септігін  тигізуі  керек.  Міне,  сонда  ғана  біздің  түлектер  еңбек  нарығында  б`секеге  қабілетті  бола 
алады. Педагог жұмыс барысында жаңа мүмкіндіктер мен тың идеяларды, оқытудың жаңа техноло-
гияларын,  жаңа  перспективаларын  ж`не  оларға  апаратын  ерекше  жолдарды  ойлап  табуы  керек. 
Бүгінгі таңда педагогтардың, ұжымдардың креативтілігі жалпы білім беру жүйесін ж`не оның барлық 
жекелеген  субъектілерін  дамыту  мен  жетілдірудің  ед`уір  маңызды  факторы  болып  табылады. 
Аталмыш фактордың болашақта да өз маңыздылығын жоғалтпайтыны анық.  
 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
184 
Демек,  жоғары  к`сіби  мектептің  түлегі  өзара  ақпараттық  `рекеттестіктің  аясы  кеңейіп  отырған 
бүгінгі  қоғамда  белсенді  рөл  ойнайтын  `рі  жоғары  сұранысқа  ие  маман  болып  қалыптасуына  мүм-
кіндік  беретіндей  даярлықтан  өтуі  тиіс.  Кез-келген  маманның  к`сіби  қызметіндегі  ең  маңызды 
аспектіге оның жоғары оқу орнында оқыған кезінде-ақ к`сібиаралық қызмет негіздерін игеруін жат-
қызуға  болады.  Болашақ  маманның  бойында  жаңа  б`секеге  қабілетті  өнімді  шығару  кезінде  қажет 
болатын к`сіби ж`не к`сібиаралық құзыреттіліктер қалыптасып, дамиды.  
А.И.Хуторской: «инновациялық идея - инновациялық үдеріске ықтимал қатысушылардың назарын 
өзіне аудартатын қандай да бір жаңа дүниені айтады… Инновациялық үдерістің негізінде интуитивті 
ойлау  мен  эмпирикалық  деректер  арқылы  қалыптасқан    нысан,  үдеріс,  құбылыс  туралы  жалпы 
теориялық  көзқарас  жатыр»-  деп  жазады  [6].  Олай  болса,  құзыретті  маманға  айналу  үшін  білімгер, 
бірінші  кезекте,  алдына  қойған  міндетті  анықтаудан  бастап  оның  шешімін  тапқанға  дейінгі  барлық 
өндіріс кезеңдерінен өтіп, саналуан қызмет түрлерімен танысып қана қоймай, осы кезеңдердің өкілде-
рімен өзара `рекеттестік пен түсініктікте жұмыс істеуді үйренуі керек. Сонда ғана ол нарықта сұра-
нысқа ие маман бола алады.  
 
1 Қазақстан Республикасы Президенті Н.n.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы  2014. 
2 Елеубай С. Білім беру технологиясыныңқазіргіпроблемалары. Алматы, 2001. 270б. 
3  Таубаева  Ш.Т.,  Лактионова  С.Н.  Педагогическая  инноватика  как  теория  и  практика  нововведений  в 
системе образования. Алматы, 2001. 
4  Фрумин  И.Д.  Компетентностный  подход  как  есественный  этап  обновления  содержания  образования  // 
Педагогика развития: ключевые компетентности и их становление. – Красноярск, 2003. 
5  Бoлoтoв  В.A.,  Cepикoв  В.В.  Кoмпeтeнтнocтнaя  мoдeль:  oт  идeи  к  oбpaзoвaтeльнoй  пpoгpaммe  // 
Пeдaгoгикa. – 2003. – № 10. – C. 8-14. 
6  Хуторский  А.В.  Педагогическая  инноватика:  методология,  теория,  практика:  Научное  издание,  –  М: 
Изд.УНЦ ДО, 2005. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет