С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет303/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   587
Байланысты:
ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)

Түйін сөздер: лидер, лидерлік, лидерлік сапалар, лидерді т`рбиелеу, лидерлік қабілеттер, лидердің қызметі. 
 
Бүгінгі  заман  мектебін  ізгілендіру  мен  демократияландыру  жағдайында  алға  қойылып  отырған 
басты  проблема  —  жаңа  жеткіншекті  оқытып,  т`рбиелеп,  өмірге  даярлау,  олардың  бойында  терең 
өзгерістерді ояту ж`не қоғамның рухани жаңаруына айтарлықтай ықпал ету. Бүгінгі заман талабына 
орай  қайта  жаңару  жағдайында  жасөспірімдердің  ой  өрісін  түп  тамырымен  қайта  жаңғырту  көкей-
кесті де зор м`нді м`селеге айналып отыр. Сол себепті жасөспірімдердің лидерлік қасиеттерін дамы-
ту  жұмыс  проблемасы  саласынан  білімін  жетілдіру,  олардың  жалпы  лидерлік  қабілетін  дамыту, 
қажетті арнайы тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Бұл проблеманың ғылы-
ми-теориялық деңгейінің аз зерттелуі, балалардың қоғамдық ұйымдарында жасөспірімдердің лидер-
лік  қасиеттерін  дамыту  іс-`рекет  түрлерін  тиімді  ұйымдастыруға  мүмкіндік  берілмеуі  біздің  алды-
мызға  жасөспірімдердің  лидерлік  қасиеттерін  дамыту  жұмыстың  теориялық  негізін  жасау  міндетін 
қойды.  
Лидерлердің  көптеген  анықтамалары  бар,  сол  себепті  оларға  ортақ  анықтама  беру,  яғни  барлық 
зерттеушілер келісетін анықтама беру өте қиын. Бұл феномендік лидерлік, лидерліктің қарым – қаты-
насы,  болатыны  белгілі  бір  м`селені  шешуге  топқа  адамдар  келгенде,  немесе  топтың  қызығушы-
лығын арттыратын кезде болатынын түсіндіреді. Лидердің қарым – қатынасы белгілі, `йгілі болатын 
кезі ол топ алдына қойылған ресурстық тапсырма бөлініп берілгенде (ресурс мағынасы кең мағынада 
қолданылған: материалдық, қаржылай, азық – түлік, ақпараттық т.б.). Лидерлікті кең мағынада түсін-
гендер оны қоғамдық ортада, өмірде қолданады (саясат, экономика, м`дениет, ғылым, т.б.), сонымен 
қатар  адамдармен  шағын  ж`не  кең  қарым  –  қатынаста  (шағын  топтағы  қарым  –  қатынастан  мемле-
кеттік  ж`не  ұлтаралық  саясатты  басқаруға  дейін),  формалдық  ж`не  формалдық  емес  ұжымдарды 
қамтуға, бірақ нақты ж`не бірқалыпты лидерлікті топтастырмайды. 
dр  түрлі  лидерлік  теориялардың  авторлары  лидер  ж`не  лидерлік  түсінігінің  анықтамаларын 
ұсынған. 
Лидер – формалды емес қарым – қатынас жүйесінде, топқа жетекші `сер ететін адам (Р.Л. Кричев-
ский) [1, б. 214]. 
Лидерлік  –  қоғамның,  ұйымның,  топтың  мүшесі  (лидер)  нақты  мақсатқа  жетуде  басқаларды 
ұйымдастыратын ж`не оларды бағыттайтын, `леуметтік – психологиялық процесс (А.А. Ершов) [2, б. 
109]. 
Лидер – өз қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында, қоғамдық қызығушылықты жүзеге асырушы 
адам (Л.И. Уманский) [3, б. 52]. 
Лидер  –  тұлғааралық  қарым-қатынаста  анықталатын  топ  құндылықтары  жайында  анағұрлым 
көбірек білетін адам (Р.К. Бекмағанбетова) [4]. 
Біз бұл анықтамаларды толығымен қолдаймыз ж`не өз зерттеуіміздің бағытына қарай оны нақты-
лай түсеміз. 
Лидерліктің тиімді ж`не н`тижелі жүзеге асуында лидерлік стильдің маңызы өте зор. Яғни лидер-
лік  стиль  дегеніміз  –  топтық  міндеттерді  шешуде  лидердің  с`ттілікке  қол  жеткізуіне  көмектесетін 
`дістер мен құралдар жүйесі. 
 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
201 
Біздің анықтамамыз бойынша  
Лидер – қажетті ұйымдастырушылық қабілеті бар, тұлғааралық қарым – қатынаста орталық ахуал-
дағы, қойылған мақсатқа жетуде тиімді `діс – т`сілдермен топты басқаратын ж`не ұйымдастыратын 
адам.  
Осы  орайда  лидерліктің  ерекшелігі  мен  стильдеріне  тоқталуды  жөн  көрдік  адам  өмірі  `р  қилы 
топта  құрамда  жүреді  ж`не  ол  мекемеде  болсын  барлық  мүмкіншіліктерді  нақты  ж`не  жалған 
лидерлердің  `рекетін  сезінеді.  Бұл  `р  түрлі  деңгейдегі  тұлға  ж`не  к`сіби  сапасы  жоғары,  қоғамдық 
деңгейде:  жанұядағы  ең  үлкені,  аула  құрамының  басшысы,  мұғалім,  оқу  тобының  басшысы,  бөлім 
меңгерушісі т.б. болуы мүмкін. Жеке тұлғалық лидер яғни оның мінез – құлқының ерекшелігі `рбір 
қатысушының  қозғалысын  немесе  барлық  топтың  дерлік  өмірін  анықтайды.  Лидер  басқаша  сөзбен 
айтқанда топтың ұйымдастырушылық қабілетін арттыруға ұйтқы болады. Адамдардың арнайы мінез 
–  құлқын  оқып  үйрене  отырып,  лидердің  динамикасын  білуге  ж`не  топ  пен  мекеменің  тіршілік 
`рекетіндегі ықпалын тануға болады.  
Шетелдік психологияда  лидерлік теориялардың көптеген түрі бар, олардың ішіндегі ең танымал 
болып ерекшеліктер теориясы мен лидерлік жағдай теориясы саналады. Ерекшеліктер теориясының 
м`ні  мынада:  кез-келген  адам  лидер  бола  алмайды,  белгілі  бір  тұлғаның  қасиеттері  немесе 
психологиялық ерекшеліктері бар адам ғана бола алады (ынталылык, жігерлік, сенімділік, шешендік, 
ж`не т. б.). Жағдай теориясы лидерлікті жағдай н`тижесі деп санайды. dр түрлі нақты жағдайларда 
топтың  басқалардан  басым,  ең  болмағанда  бір  қасиеті  бойынша,  жекелеген  мүшелері  дараланып 
тұрады,  бірақ,  д`л  осы  қасиет  нақты  жағдайда  қажет  болғандықтан,  бойында  осы  қасиеті  бар  адам 
лидер  болады.  Бұл  көзқарастардың  негізгі  қателігі:  лидерлік  `леуметтік-психологиялық  феномен 
ретінде  адам  мен  заттық  іс-`рекеттің  м`н-жайлары  арасындағы  ара-қатынастың  н`тижесінде  пайда 
болатынын жете бағаламаған. 
Топтың даму деңгейі неғұрлым жоғары болса, ондағы тұлғааралық қатынастар бірлескен `леумет-
тік іс-`рекеттің құндылыктары мен мазмұнына байланысты болуы соғұрлым жоғары деңгейде бола-
ды,  топта  лидердің  пайда  болуы  мен  орнығуы  осы  қарым-қатынастардың  жүзеге  асырылуы  ретінде 
білінеді.  Лидер  —  топ  үшін  аса  референтті  адам,  тұлғааралық  қарым-қатынастардың  жалпы  ортақ 
мүшесі. 
 Зерттеу мектеп ұжымдарында лидерлердің бірнеше типі болатынын көрсетті.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет