Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г.
202
dлеуметтік психолог Дж. Морено лидерлерді социометриялық м`ртебе терминіне топтастырды.
Лидер – ол кең көлемдегі топ мүшелерінің таңдауындағы адам немесе ұдайы таңдап алатындар.
Формалды ж`не формалды емес лидерлерден басқа Морено социометриялық типті ерекшелеп
көрсетеді.
Социометриялық лидер – бұл формалды ж`не формалды емес лидерлердің бір түріндегі ұқсастық
конвергенциясы. Бұл феномен формалды емес лидерді формалды м`ртебеге жетелегенде шығады.
Оған психологиялық қатынасты игеруде ғана емес, сонымен қатар топтың формалдық тапсырмасын
шешуде сенім артқанда `сер етеді.
Топтың лидерді қабылдауына байланысты лидерлердің төмендегідей типін бөліп көрсетуге
болады:
1) «біздің арамыздағы біреу» - топ мүшелерінен ерекшеленбейді «көпшілікпен бірдей» деп қабыл-
дайды. Арнайы ортада өзгелерден бағы жанған немесе мүмкіндік болғанда басқарушы лауазымынан
табылатын – топтың толық көзқарасы бойынша, топтың басқа мүшелері секілді қуанып, мұңайып,
қателесіп ж`не дұрыс шешім қабылдап өмір сүреді;
2) «бізден ерекше» - топ мүшелерінен көптеген сапасы жағынан ерекше (іскерлік, құлықтылық,
коммуникациялық т.б.) толығымен еліктеуге үлгі болып табылады;
3) «жақсы адам» - шынайы тұрғыда қабылданатын ж`не бағаланатын құлықтылық сапасынан да
жоғары: т`ртіпті, мейірімді, басқаға көңіл аудара білетін, ұдайы көмекке келетін;
4) «қызмет атқаратын» - өзінің достары мен барлық топтың атынан, олардың пікірін жеткізуші
ретінде сөйлеуге ұмтылатын [6].
Лидерліктің феноменіне қарамастан практикалық тұрғыда топта кім лидер екендігін анықтау өте
қиын. Топта екі `дістеме негізінде нақты лидерлікті анықтауға болады:
- топ мүшелерінен олар сайлау кезінде немесе топты басқару кезінде кімге көп сенеді `рі кімді
қалайтынын сұрақ арқылы анықтау;
- сырттан бақылайтындардан (немесе арнайы шақырылған кеңестен) олар топ мүшелерін атап
соның ішінде бір – біріне деген `серін сонымен қатар белгілі бір н`тижеге қол жеткізуші лидерді
білу;
Лидердің функциясы: аналитикалық; іс-`рекет бағдарламасын жасау; мобилизация; жаңашылдық;
коммуникативті; ұйымдастырушы; координациялық; интегративті [7, б.108].
Достарыңызбен бөлісу: