С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет353/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   587
Байланысты:
ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
235 
барысында  қалыптасатын  қажеттілік  деп  есептейді.  Осы  қажеттіліктің  қанағаттандырылмауы  тұлға 
дамуының  бұзылысына  ж`не  эмоциялық  депривацияның  пайда  болуына  `кеп  соғады.  Депривация-
ның осы түрінің айқын көрінісі балалар үйінде т`рбиеленетін балаларда ерекше байқалады.  
Депривацияның келесі түрі- сенсорлық депривация- заттық ортаның болмауы ж`не сезім мүшеле-
рінің қоздырғыштарының жетіспеуі. Депривацияның бұл түрін де балалар үйінде т`рбиеленетіндерде 
жиі кездестіреміз.  
Депривация  сонымен  қатар  тек  жетім  балалар  үйінде  т`рбиеленетін  балаларда  ғана  емес,  отба-
сында  т`рбиеленіп  жатқан  балаларда  да  байқалады.  Отбасында  анасы  болмаған  немесе  баласына 
қажетті  эмоциялық  көңіл  бөлмеген  жағдайда  аналық  депривация  туындайды.  Психикалық  депри-
вация,  депривациялық  жағдайда  туындайтын  ерекше  психикалық  күймен  сипатталады.  Аталған 
психикалық  жағдай  мінез-құлықтың  өзгеруінен  байқалады.  Депривация  механизмі  баланың  сыртқы 
орта  адамдарымен  қарым-қатынасының  шектелуімен,  баланың  негізгі  психикалық  қажеттліктерінің 
жеткіліксіз  қанағаттандырылуымен  байланысты.  Сонымен,  психикалық  депривация-  өмірлік  жағдай 
н`тижесінде  туындайтын  нақты  психикалық  көңіл  күй.  Мұндай  жағдай  баланың  негізгі  қажетті-
ліктерін толық қанағаттандыруға қолайлы мүмкіндіктері болмаған кезде туындайды[7].   
Қазақстанда  `леуметтану  жағдайы  айтарлықтай  жылдам  өзгеруде.  dлеуметтану  қоғамның  іргелі 
`леуметтік  проблемаларын  зерделеуге  еніп,  толыққанды  `леуметтік  ғылым  м`ртебесін  алуда. 
`леуметтанудың алдында бұрынғыдан да күрделі м`селелер тұр. Олардың ішінде - дағдарыстан шығу 
жолдарын іздестіру, маңызды мақсаттарға - республиканың шынайы т`уелсіздігіне, қоғамдық негіз-
дердің нығаюына, құқықтық мемлекет құруға, жаңа технологиялық, құрылымдық, институционалдық 
негіздегі  толыққанды  ұлттық  нарықтың  қалыптасуын  қамтамасыз  етуге,  түбегейлі  `леуметтік-
экономикалық ж`не құқықтық реформаларды, т.б. жүзеге асыруға қол жеткізу проблемалары бар
Тұлғаның  `леуметтік  типі  дегеніміз-адамдардың  тарихи,  м`дени  ж`не  `леуметтік-экономикалық 
тұрғыдан  алғанда  тұрмыс  құру,  тіршілік  ету  жағдайларының  күрделі  жиынтығының  жемісі. 
dлеуметтануда тұлғаны `леуметтік түрге бөлудің `ртүрлі варианттары ұсынылған. Мысалы, М.Вебер 
түрге бөлудің негізіне `леуметтік `рекеттің ерекшелігін, д`лірек айтқанда, оның ұтымдық д`режесін 
алса,  К.Маркс  формациялық  ж`не  таптық  ұғымға  осы  тегін  жатқызған.  Э.  Фром  болса  орныққан 
мінез-құлықты тұлғаның `леуметтік түрі, индивид пен социумның байланыс формасы деп қарайды.  
dлеуметтік  мінез-құлықтың  түбегейлі  қалыптасуын  Э.Фром  `рбір  тұлғаның  қоғам  талаптарына 
мейлінше  тиімді  бейімделуінде  ж`не  қауіпсіздік  пен  өзін-өзі  қорғадағы  сана-сезімін  нығайтудың 
мүмкіндігінде деп бағалайды. Адамзат тарихын сараптаудың н`тижесінде Э. Фром `леуметтік мінез-
құлықтың бірнеше типтерін: рецептік (енжар), қанаушылық, дүние жинаушылық ж`не нарықтық деп 
түр-түрге бөледі. Қазіргі `леуметтану саласында тұлғаларды олардың құнды бағыт-бағдары мен қадір 
– қасиеттеріне байланысты бөлу кең түрдде тарады. Олар: 
- д`стүршілдер негізінен мынадай құндылықтарды: міндетті, т`ртіпті, жөнге салушылықты, заңды 
қолдаушылықты ұстанса, ал креативтік болса: адамдардың өзін-өзі көрсету, өз бетімен жүру сияқты 
сапаларды  басшылыққа  алады.  Мұндай  мінез-құлықтар  ешкімге  ұнамайды.  Оны  өр  мінезділікке 
ұқсатады;  
- ал идеалистер, керісінше, д`стүрлік нормаларға, т`уелсіздікке бейім болады  ж`не басқа адамның 
беделін  мансұқ етпейді, өзін-өзі ғана басқарады, басқаларға еліктеп алаңдамайды;  
-  фрустрировтік  мінез-құлыққа  адамның  өзін  өзгеден  төмен  бағалауы,  көңіл-күйінің  басыңқы 
болуы, өзін өмір ағымынан тыс қалдым деп сеніуі жатады; 
-  реалистер  өзін-өзі  ел  алдында  айрықша  көрсетуді  міндет  санайды  ж`не  халыққа  деген  жауап-
кершілік  сезімін  дамыта  түсуге  тырысады,  орынды  скептицизмді  өзін-өзі  д`ріптеу  мен  өз-өзіне 
бақылау жасау арқылы жүзеге асырылады; 
-  гедонистік  материалистер  ең  алдымен  «осы  жерде  ж`не  д`л  қазір»  рахатқа  кенелуге  бағыт 
ұстайды ж`не бұл «өмір л`ззатының» ізіне түсуге тырысу қабілеті молшылық тілеуді қанағаттадыру 
формасына айналады.  Батыс `леуметтанушыларының зерттеулері көрсеткендей, қоғамдық өмірдің `р 
саласындағы  бітім-болмыс  пен  ерекше  іс-`рекеттер  тұлғаның  белгілі  бір  сапалары  мен  мінез-құлық 
тұрпаттарының  қандай  тұрғыда  көрінетінін  айғақтайды.  Мысалы,  бұл  сипаттар  нарықтық  қатынас-
тар  прагматизмінің,  қулық-сұмдықтың  өріс  алуына,  өндіріс  саласындағы  эгоизмнің,  мансапқор-
лықтың  қалыптасуына  ж`не  еріксіз  түрде  кооперациялауға  көшуге,  ал  отбасы  саласында  ж`не  жеке 
өмірде – көңіл күй мен адамның ішкі сезімімен т.б. ықпал етеді. Сонымен қатар, `леуметтануда осы 
айтылғандарға қарсы механизмдердің болатыны белгілі.  
 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
236 
Сонымен бірге қазіргі `леуметтік-экономикалық жағдайларда тегін білім алу мүмкіндігі шектелген 
кезде, балаларға білім берудегi көптеген м`селелері отбасының материалдық жағдайына байланысты 
болады. Н`тижесінде жағдайы жоқ немесе жағдайы төмен отбасындағы баланың үйлесімді дамуына 
қатысты  қажеттіліктері  өтелмегендіктен  бала  үлгірмеушілер  қатарына  түсіп  сынып  ұжымының 
қудалауына ұшырайды. Осы ж`йттердің салдарынан балада `леуметтік жатсыну пайда болады екен. 
Сондықтанда көптеген оқушылардың `леуметтік дамуы осындай сипатта болуымен анықталады.  
 
1 Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность.-М.: Политиздат, 1975.-304с. 
2 Мудрик А.В. Социальная педагогика. М., 2000. 
3 Василькова Ю.В. Очерки по истории социальной педагогики. М., 2001. 
4 Халитова И.Р. nлеуметтік педагогика. Алматы., 2009.  
5 Баширова Ж.Р., Бекмағамбетова Р.К., nлқожаева Н.С., Жұбаназарова Н.С., Ұ.Б. Төлешова  Педагогика, 
eлеуметтік педагогика, өзін-өзі тану тарихы (Оқу құралы) Алматы: Қазақ университеті, - 2012  247 б 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет