Байланысты: ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)
Спорттық жіктелудің негізгі мақсаты: спортпен көпшілікті қамту, спортшыларды жан-жақты
т`рбиелеу, олардың дайындық сапасын арттыру ж`не осы негізде жоғары спорттық көрсеткіштерге
жетуді қамтамасыз ету. Жіктелудегі спорт түрлері бойынша мөлшерлік талаптар шамамен `рбір төрт
жылда қайта қаралып отырылады. Бұл `детте олимпиададан кейінгі бірінші жылы кайта қаралады.
Сөйтіп, кезекті Олимпиадалық ойынға, спорттың жеке түрлерінің `рі қарай дамуына жағдай
жасалынады.
Спорттық д`режелер мен атақтар арнаулы ережесі ж`не жарыс күнтізбесі (календары) бар спорт
түрлері үшін ғана белгіленген. Оның құрамына, сонымен бірге `скери-қолданбалы, к`сіптік-қолдан-
балы, біздің еліміздің ұлттық спорт түрлері ж`не халықаралық д`режеге ие болған спорт түрлері
енгізілген. Спорттық жіктеуде мөлшерлік талаптардың екі түрі қаралған: н`тижесі айқын көрсеткішке
байланысты бағаланатын (уақыт өлшемі, салмақ, қашықтық т.б.) спорт түрлері үшін д`реже (разряд)
талаптары ж`не жарыста жеке, сонымен бірге команда құрамында өнер көрсетіп, жетістік пен
жеңістің маңызы мен нақтылығына байланысты бағаланатын спорт түрлері үшін д`режелік талаптар
(бокс, күрес, спорт ойындары т.б.) мен д`режелік өлшемдер бірдей енгізілген.
Спорттық жіктеу жөніндегі ереже бойынша спортшыға өзінің ілімдік ж`не жалпы дене дайын-
дығын арттырып отыру міндеттелген. Мұның өзі адамның жан-жақты дамуына жағдай жасайды.