С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет412/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   587
Байланысты:
ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)

Түйін  сөздер:  этнопедагогика,  ұлттық  құндылық,  білім  беру,  патриоттық  т`рбие,  халық  мұрасы,  ұрпақ 
келешегі. 
 
ХХІ  ғасыр  –  жаһандану  заманында  болашақ  ұрпаққа  ұлттық  құндылықтарымызды  д`ріптей  оты-
рып, рухани т`рбие мен сапалы білім беру бүгінгі таңдағы өзекті м`селенің бірі. М`селе қаншалықты 
өзекті  болса,  оны  жүзеге  асыру  –  соншалықты  күрделенуде.  Себебі,  интернет,  теледидардан  бастау 
алған ақпарат құралдары болашақ ұрпақтыңақпарат ағынының астына алып, оның ой-санасына кері 
`сер  етуде.  Бүгінгі  жастарымыздың  мінез-құлқынан,  жүріс-тұрысынан,  тіпті  ата-аналарына,  қоғамға 
деген қарым-қатынас, көзқарастарынан көріп, байқап жүрміз. 
Ел Президентінің ұрпаққа ұлттық т`лім-т`рбие берудің негізгі бағдарлы идеяларын жүзеге асыру 
мақсатында бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөнін-
дегі  Ұлттық  кеңес  бекіткен  бірнеше  Тұжырымдама:  «Жоғары  мектеп  студенттеріне  этнопедаго-
гикалық білім беру тұжырымдамасы (1998), «Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірдің қалыптасып, 
даму  тарихын  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарына  арнайы  п`н  ретінде  енгізу  туралы»  (1991), 
«dлеуметтік-м`дени  даму»  (1993),  «Гуманитарлық  білім  беру»  (1994),  «Мектепке  дейінгі  ж`не 
мектеп  жасындағы  балалар  т`рбиесі»  (1995),  «Жалпы  білім  беретін  мектептердің  дамуы»  (1997) 
тұжырымдамалары жарық көрді. 
Бұл  құжаттарда  барлық  құндылықтарды  сақтай  отырып,  білім  беру  жүйесін  Қазақстан  Респуб-
ликасы  халықтарының  ұлттық-м`дени  ж`не  м`дени-тарихи  д`стүрлерін  ескере  отырып  қайта  қарау 
қажеттілігі айтылған. Бұл қажеттілік қазақ халқының тарихи даму жолына жаңа көзқарастар туғызып 
қана  қоймай,  халық  мұрасының  жан-жақты  терең  зерттелуіне,  сондай-ақ  оны  `діл  бағалауға  өте 
қолайлы жағдайлар туғызды. 
Бағдарламалық құжаттардың мақсаты – жалпыазаматтық құндылықтар мен Қазақстанның ұлттық 
ерекшеліктерін есепке ала білім берудің мемлекеттік саясатының стратегиясын дайындау. 
Ұлттық  құндылықтан  алыстай  бастаған  ұрпақ  ұлт  келешегінен,  ел  мен  жер  келешегінен  гөрі,  өз 
басының қамын ойлауға бейімделеді, оның ұлттық қасиетіне сынық түседі. Ал оның алдын алу, оны 
болдырмау – күрделі қоғамдық, `рі ғылыми м`селе. 
Жас  ұрпаққа  саналы  т`рбие  беруде  `р  ұлт  өзінің  ықылым  заманнан  бері  қалыптасқан  ұлттық 
құндылықтарын басты назарда ұстайды. Бұл түсінікті жай. Ғылым соны зерттеп, заман талабына сай 
дамытуы  тиіс.  Демек,  ғалымдардың  н`тижелі  еңбек  етуі  –  осы  істің  бастау  қайнары,  оны  н`тижелі 
жүргізудің  негізгі  құралы  болмақ.  Бұл  педагогика  ғылымының,  оның  ішінде  этнопедагогика  ғылы-
мының зерттеу объектісі болады. 
Ұлттық құндылықтарымыздың өз қасиетінен жойылмай, дамуына үлес қосқан ғалымдарымыз өте 
көп. Олар Қ.Б. Жарықбаев, С.Қ. Қалиев, К.Ж.Қожахметова, Қ.Б. Бөлеев, Ж.Ж. Наурызбай, К.А. Ораз-
бекова, Р.Қ. Дүйсембінова, Қ.Қ. Шалғынбаева ж`не басқа да көптеген ғалымдар зерттеулер жүргізді. 
Осығалымдардың  арасында  педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор  Клара  Жантөреқызы 
Қожахметованың орнын да, үлесін де айрықша деп атауға болады. Клара Жантөреқызы еңбек жолын-
да  жауапты  қызметтерді  абыроймен  атқара  отырып,  өзінің  бүкіл  саналы  ғұмырын  білім  алуға, 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
275 
ғылыммен  айналысуға  арнады.  Ы.Алтынсарин  атындағы  Қазақ  білім  академиясында  т`рбие  инсти-
тутының  директоры  болып  қызмет  атқарған  уақытында  іргелі  ж`не  қолданбалы  ғылыми  жобаларға 
жетекшілік  жасап,  білім  беру,  т`рбие  м`селелері  бойынша  бірқатар  құнды  еңбектер  жазды,  рес-
публика  көлемін  толық  қамтыған  ауқымды  `леуметтік  зерттеулер  ұйымдастырды.  Білім  беру  сала-
сында  Клара  Жантөреқызы  халқымыздың  ұлттық  құндылықтарына  ж`не  т`рбиеге  аса  қатты  көңіл 
бөлді. 
Жас  ұрпақты  өз  елін,  жерін  сүйетін  патриот  етіп  т`рбиелеу  үшін  ең  алдымен  халқымыздың  ой-
санасын улайтын дүниелерден бойды аулақ ұстауымыз қажет. Сонымен қатар жас ұрпаққа білім мен 
т`рбие беретін болашақ мамандардың бойынан өз ұлтына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру керек. 
Ол  үшін  білім  беру  саласында  ұлттық  құндылықтарымызды  д`ріптеп,  жас  ұрпақ  бойына  сіңіруге 
көптеген жұмыстар атқарылуы тиіс. Ең алдымен халықтық педагогика арқылы бала т`рбиелеу, білім 
беру ж`не осы негізде педагогикалық т`жірибеде қойылған мақсаттарға жетудің үздік жолдары мен 
т`сілдерін көрсету тиімді болады. 
Осыған  байланысты  М.Дулатовтың  сөздері  өзекті  болып  табылады:  «...т`рбиеші  баланы  ұлттық 
т`рбие рухында т`рбиелеуге міндетті, себебі `рбір бала өзінің ұлттық ортасында өмір сүреді ж`не өз 
ұлтына  қызмет  ететін  болады».  Сондықтан,  біз  қазіргі  кезде,  қазақтардың  халықтық  т`рбиесінің 
қайнар  көзіне  назар  аудара  отырып,  қазақ  халқының  бала  т`рбиесіндегі  бүгінгі  күнге  дейін  өзінің 
өзектілігін жоймаған құндылық-нормативтік түсініктерін айқындаймыз[1,101б]. 
Алайда,  жеке  тұлға  мінезінде  ұлттық  белгілерді  қалыптастырудағы  этникалық  т`рбиенің  рөліне 
қатысты Г.Н. Волков былай деп атап көрсетеді: «т`рбие факторларының қай қайсысы да, қоғамның 
материалдық  өмірі  жағдайларының  `серімен  ғасырлар  бойы  қалыптасқан,  т`рбие  жүйесін  теріске 
шығаратын  болса,  ұлттық  ерекшеліктерді  қанағаттандырған  тұрғыда  ешбір  түсінік  бере  алмайды. 
Өмір  сүру  қалпы,  практикалық  іс-`рекет  т`рбиенің  факторлары  ретінде  ұлттық  мінездің  қалыпта-
суына `сер етеді. Сондықтан кез-келген халықпен танысу үшіноның т`рбие жүйесін, ұлттық мінезін 
зерттеу қажет... ұлттық мінезді т`рбиенің ұлттық жүйесін зерттеу арқылы білуге болады» [2,17б]. 
Міне,  ұлттық  құндылықтарымыз  жөнінде  Міржақып  Дулатов  бала  т`рбиесіне  айрықша  көңіл 
бөлген.  Т`рбиелеу  барысында  ұлттық  рухсыз  ж`не  ұлттық  ортасыз  балаға  халықтық  т`рбиені  беру 
мүмкін  емес  десе,  Г.Н.Волков  халықтың  өмір  сүру  қалпы  мен  іс-`рекеті  ұлттық  мінезді  қалыптас-
тырады деп тұжырым жасады. 
Ал,  профессор  К.Ж.Қожахметова  ұлттық  құндылықтарымызға  баса  назар  аудара  отырып,  халқы-
мыздың салт-д`стүрі мен `дет-ғұрпын негізге алып зерттеулер жүргізді. Соның ішінде қазақ халқы-
ның  үлгі  тұтар  адами-азаматтық  қасиеттерді  өскелең  ұрпақтың  бойына  сіңіру  үшін  жетілген  адам 
идеалын жасап ж`не т`рбие т`жірибесінде осы мұратқа жетуге ұмтылуы. 
Жетілген адамды т`рбиелеу мақсаты ұлттық құндылық сапа негізінде жүзеге асады. «Осы құнды-
лық  сапа  мазмұнында  аса  кең  ж`не  басты,  ізгі  қоғамдық  ұғым  негізге  алынған.  Адам  жан-жақты 
болуы  керек.  «Сегіз  қырлы»  сөзі  қазақ  халқында  жастарға  берілетін  өсиет,  т`лім  ретінде  алынады; 
бұл өсиет бойынша жастар `лемдегі білімге жағымды ж`не күрделі қатынас білдірулері керек. «Бір 
сырлы бол»- бұл яғни, өзіңмен-өзің бол, бір с`ттік қызықтарға, бөгде адамдардың сөздеріне берілме 
деген мағынаны білдіреді» [3,35 б] 
Жетілген адамды т`рбиелеуге қажет болатын, халық бейнесіндегі адамның нормативті-құндылық 
сапаларын келесі кестелерден көруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет