С. Г. Тажбаева Редакция алқасы


Ер жігіттің асыл алты қасиеті



Pdf көрінісі
бет414/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   410   411   412   413   414   415   416   417   ...   587
Байланысты:
ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)

Ер жігіттің асыл алты қасиеті: зейін-зердесі– тылсым сырды ұға алатын;  өнер-өрісі – 
өмірден  `перер  сыбағасын;  ерлігі  –  дұшпанға  найза  сұға  алатын;  күш-жігері  –  аяқтан 
шалғанда  жыға  алатын;  қайрат-қаруы  –  қиындықта  сыналатын;  білімі  –  биікке  бастап 
шыға алатын. 
Ер жігіттің үш асыл мінезі: адалдық-адал болсаң аңқылдақ, ізгілікке құмарсың; `ділет- 
`діл болсаң ақ жарма,жақсы іске билік қыларсың; шыншыл –шыншыл болсаң қол жетпес, 
шыңда өскен шынарсың. 
Ер  жігіттің  ажырамас  үш  серігі:  мінген  тұлпары-сапары  оң  болар  ұдайы;  шыңдалған 
ақыл-айласы-шымырлап  тұрар  шынайы;  айнымас  адал  жұбайы-өмірден  қаймықпай  өтем 
десең. 
Ер жігіттің жаман қасиеттері немесе тоғыз жауы: 
Басты жауың –жалқаулық, сорлататын жаныңды, 
Осалдығың-аңқаулық, соқтыратын саныңды. 
Жасқаншақ болсаң, ұры алар қоралап қойған малыңды, 
Жалатқызбас жасықтық, аузыңдағы балыңды. 
Өтірік айтсаң өңмеңдеп, жоғалтасың арыңды, 
Өсек терсең телмеңдеп, кетірер суға салыңды. 
Көпірме босқа мақтан ғып, түкке тұрмас барыңды, 
Көрінгенге жалтақтап, бола алмайсың жағымды, 
Біреуді алдап-арбаумен, аша алмайсың бағыңды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   410   411   412   413   414   415   416   417   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет