С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет52/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   587
Байланысты:
ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)

Түйін сөздер: жаңартылған білім мазмұны; рефлексия; рефлексияның аспектілері; к`сіби-қызметтік, қаты-
сымдық,  к`сіби-тұлғалық  рефлексия;  өзін-өзі  бағдарлау;  өзін-өзі  реттеу;  өзін-өзі  белсенділендіру;  өздігінен 
білім жетілдіру; өзін-өзі бағалау.  
 
ХХІ  ғасыр  қоғам  өмірінің  `р  түрлі  саласында  үнемі  өзгеріп  отырған  маңызды  ғаламдық  үдеріс-
терімен сипатталады. Қазақстан Республикасының 2011 – 2020 жылға дейінгі «Білім беруді  дамыту» 
бағдарламасында: «Бүгінгі білім берудегі басты мақсат – білім, біліктілік, дағдылар жүйесі ғана емес, 
осы білімді өмірде қолдана алу, өз бетімен білім алу, өгерістер заманында тиімді өмір сүріп, жұмыс 
істеу дағдыларын дамыту» делініп, осы мақсат негізінде сапалы білім беру міндеті айтылады [1]. Осы 
ретте  білім  беру  мекемелерінде  мемлекеттік  сұраныс  пен  тапсырыстың  орындауы  талапқа  сай 
жүргізілуі тиіс.  


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
23 
Осыған  орай,  бүгінгі  таңда  еліміздің  білім  беру  жүйесінде  оқыту  үдерісін  тың  жаңалықтарға 
негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Сондықтан да терең білімді, өзгермелі жағ-
дайға  тез  бейімделгіш,  өзін-өзі  саналы  игеретін,  б`секелестік  жағдайда  өресі  биік,  азаматтық-тұлға-
лық  бет-бейнесі  қалыптасқан,  рухани  жан  дүниесі  бай  тұлға  т`рбиелеу  қоғамның  басты  мақсатта-
рының біріне айналып отыр. Бұл мақсат – жаңартылған білім мазмұнын оқып-үйренудегі рефлексия-
ның қажеттілігінен туындауда.  
Болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерін  оқушылардың  оқу  рефлексиясын  дамытуға  даярлаудағы 
басты  мақсат  –  білім  берудің  қазіргі  жағдайында  болашақ  мамандар  мен  оқушылардың  өзін-өзі 
дамыту, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі белсендендіру, өзін-өзі бағалау сынды жеке тұлға-
лық  сапалық  қасиеттерін  дамыту  болып  табылады.  Сондықтан  да  болашақ  мамандарға  ең  алдымен 
өзін-өзі дамыту, өзін-өзі реттеу ж`не өзін-өзі бағалау сынды сапалық қасиеттерін дамытатын психо-
логиялық  білім  мен  педагог  маманынға  т`н,  оқушылардың  жеке  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 
олармен н`тижелі қарым-қатынас орната алатын іскерлік болуы керек. 
«Рефлексия»  термині  латын  тіліндегі  «гейехю»  -  көрініс  беру,  кері  айналу  деген  сөзден  шыққан. 
Философияда  рефлексия  –  адамның  өзіндік  `рекеттерін  ж`не  олардың  заңдарын  қайта  түсінуге 
бағытталған,  теориялық  іс-`рекетінің  формасы.  Философиялық  сөздікте  рефлексияның  үш  түрі  көр-
сетілген:  
- қарапайым (`рекеттер рефлексиясы); 
- ғылыми (жаңа білімді меңгеру `дістерінің рефлексиясы); 
- философиялық (ойлау мен болмыстың шектелген қатынастарын ж`не біртұтас адамзат м`дение-
тін қайта түсіндіру) [2]. 
Ғылыми еңбектерде адамның өзінің (немесе өзгенің) санасына, ойлауына ж`не мінез-құлқына, қол 
жеткізген білімі мен жетістіктеріне, кемшіліктеріне назар аударуы, ой елегінен өткізуі рефлексия деп 
қарастырылады. Рефлексия арқылы адам өзіне өзінің ойлау деңгейінен ғана емес, өзгенің көзқарасы 
арқылы да қарауы тиіс, яғни маған айналамдағылар қандай баға беруі мүмкін немесе мен өз ортамда 
қандай  деңгейде  тұрмын  деп  ойлануы  да  жатады.  Рефлексия  `рекетті  қолдап,  оны  бекітіп  отырады. 
Жалпы алғанда `рекетсіз рефлексия, рефлексиясыз `рекет болмайды. 
 
И.Н.  Степанов  пен  С.Ю.  Семенов  ресейлік  психологтардың  (A.B.  Петровский,  Л.C.  Выготский, 
В.В. Давыдов, A.M. Матюшкин, O.K. Тихомиров ж`не т.б.) еңбектерінде көрсетілген рефлексияның 
негізгі  психологиялық  анықтамаларын  жалпылады  ж`не  оның  негізгі  төрт  аспектісін  ажыратып 
көрсетті [3]: 
1.  Рефлексияның  коммуникативті  аспектісі.  Рефлексия  дамыған  қарым-қатынастың  ж`не  тұлға-
аралық қабылдаудың маңызды құрамдасы, адамның адамды тануының өзгеше сапасы ретінде қарас-
тырылады. 
2.  Рефлексияның  кооперативті  аспектісі  (М.А.  Мириманова  бойынша  `леуметтік  рефлексия).  Ол 
іс-`рекеттің субъект-субъектілі түрлерін талдауға аса өзекті ж`не субъектілердің к`сіби позициялары 
мен  топтық  рөлдерін  үйлестірудің,  сонымен  бірге  олардың  бірлескен  іс-`рекетін  кооперациялаудың 
қажеттілігін ескеріп, ұжымдық іс-`рекетті жобалауды қамтамасыз етуде белгілі рөл атқарады. Мұнда 
рефлексия сыртқы позицияға шығу жолы ретінде қарастырылады. 
3.  Рефлексияның  тұлғалық  аспектісі  (тұлғалық  рефлексия).  Бұл  аспект  бір  жағынан  басқа  адам-
дармен  қарым-қатынас  н`тижесінде  ж`не  белсенді  іс-`рекет  н`тижесінде  өзінің  жаңа  бейнелерін 
құруда көрініс береді де, өз кезегінде өзіндік `рекеттерді жүзеге асыруда шешімін табады. Тұлғалық 
рефлексия ізденіс үдерісіндегі адамның өзіне бағытталған, соған с`йкес адамның өзіндік іс-`рекетін 
қайта  мағыналауға  `келеді.  Рефлексия  адамның  өмір  сүру  `рекетіндегі  кері  байланыс  механизмі 
ретінде,  н`тиже  ғана  емес,  ол  ойлаудың  стереотиптерін  мағыналаумен  ж`не  қайта  мағыналаумен, 
сананың жаңа мазмұнын құрумен ж`не ішкі қайта құруларымен байланысты үдеріс болып саналады. 
4.  Рефлексияның  интеллектуалды  аспектісі  (интеллектуалды  рефлексия).  Мұнда  рефлексия 
субъектінің  өзіндік  `рекеттерін  ажырату,  талдау  ж`не  заттық  жағдайлармен  салыстыру  қабілеті 
ретінде  түсіндіріледі.  Бұдан  басқа,  интеллектуалды  аспектіде  рефлексияны  қарастыру,  теориялық 
ойлаудың психологиялық механизмдері м`селесін құрастыруға ықпал етеді. 
Ұсынылған топтастыру негізінде рефлексияның п`ні ретінде (И.Н. Семенов ж`не С.Ю. Степанов 
бойынша): 
- `рекеттер, даралық ретіндегі өзіндік «Мен» бейнелері; 
- объект ж`не онымен жағдаятта `рекет ету т`сілдері туралы білімдер; 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет