С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет550/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   546   547   548   549   550   551   552   553   ...   587
Байланысты:
ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)

Тірек сөздер: өнер, қолданбалы өнер, ұлттық, т`рбие, эстетика, тұлға, педагогика, психология, сабақ, үрдіс. 
 
Болашағынан  зор  үміт  күтетін  кез-келген  т`уелсіз  елдің,  азат  өмір  сүру  жолындағы  кез-келген 
ұлттың ең қастерлі міндеті - өткен тарихымен үндес бола алатын, жас ұрпақтың санасын шыңдауға 
қызмет  ететін  білім  жүйесін  қалыптастыру.  Ал  мұндай  білім  жүйесі  сол  ұлттың  төл  болмысымен 
санасу арқылы жүзеге асады. Өйткені, өткен тарихтың сын көзінен өткен құнды ұлттық дүниетаным 
мұралары жас буынның рухына негіз болып қаланып, болашаққа бағыт жасап отырған жағдайда ғана 
ұрпақтар  арасындағы  сабақтастық  үзілмейді.  Жастарды  халықтық  т`рбиенің  негізінде  оқытуда 
ұлттық өнердің өркендеуіне жол ашу қажеттілігі туып отыр. Бұл м`селе Қазақстан Республикасының 
«Білім  туралы»  заңында  білім  беру  жүйесінің  басты  міндетінің  бірі  ретінде  көрініс  тапқан.  Атап 
айтқанда, Қазақстан Республикасының бұл заңында: «Ұлттық ж`не жалпы адамзаттық құндылықтар, 
ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  ж`не  к`сіби 
шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау»  керектігі  белгіленген.  Қазақстанда 
мемлекет  т`уелсіздігін  нық  ұстап  тұру  мақсатымен  жүргізіліп  жатқан  шараларға  қатысты  ұлттық 
м`дениеттің қайта өркендеуіне кеңінен жол ашылды. Оған Ел басымыз президенті Н.d.Назарбаевтың 
«Қазақстанның  болашағы  қоғамның  идеялық  бірлігінде»  атты  еңбегіндегі:  «М`дени  д`стүрлер 
қашанда  `леуметтік  қайта  түлеудің  қайнар  көзі  болып  келді.  Өзінің  тарихи,  м`дени  тамырларына 
қайта оралу - бұл `рине, оң процесс... Қазақстанда ұлттық тілді, м`дениетті, экономиканы ... дамытуға 
барынша  қолдау  жасалып  отыр»,-  деген  сөзі  мұның  айғағы.  Қазақстанның  XXI  ғасырда  өркениетті 
`лемнен  орын  алып,  дамыған  елдер  деңгейіне  жетуіне  ықпал  етер  бірден-бір  құдірет-білімді  ұрпақ 
болмақ.  
Қазіргі кезде Қазақстан сияқты көп ұлтты мемлекет алдында, біріншіден, біртұтас білім кеңістігін 
қалыптастыру  міндеті  тұрса,  екіншіден,  ең  негізгісі-ұлттың  этнопедагогика  мен  этнопсихологияның 
озық  д`стүрлеріне  сүйене  отырып,  жеткіншектер  санасына  туған  халқының  дүниетанымына  деген 
құрметпен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ұлттық салт-д`стүрін меңгеру, 
тілі мен `дебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеу тарихи қажеттілік болып отыр.  
Қазіргі  кезде  `рбір  халық  үшін  өзінің  тарихына  тереңірек  үңіліп,  ата-бабалардың  ғасырлар  бойы 
ұрпағына қалдырған т`жірибесі мен білім жөніндегі өмір мектебін зерделеп, оның қажеттерін қоғам, 
орта  талаптарына  сай  сұрыптап,  мектептің  оқу-т`рбие  ісіне  ендірудің  қажеттілігі  анықталды  [1]. 
Халқымыздың  ұлттық  дүниетанымының  мол  мұрасын  толық  зерттемей  ж`не  оны  күнделікті  оқу-
т`рбие процесіне пайдаланбай, жан-жақты жетілген ұлтжанды жастарды т`рбиелеу мүмкін емес. Жас 
ұрпаққа  білім  мен  т`рбие  беру  барысында,  біріншіден,  бүгінгі  өркениетті  дүниеде  болып  жатқан 
өзгерістерді ескеріп отыруға, екіншіден, өз халқының ұлттық м`дени –тарихи, `леуметтік –экономи-
калық ахуалын терең танытуға айрықша назар аудару қажет. Мұндай мұраттар басшылыққа алынған 
жерде, ұлттық мектептің өзекті мақсаты-адамзаттық ж`не ұлттық құндылықтарды бойына дарытқан 
жоғары интеллектуалды, парасатты тұлғаны т`рбиелеу болып табылады.  
Ұлттық м`дениет халықтың ежелден келе жатқан өзіне т`н өнері, `дет-ғұрып, салт-д`стүрі есебін-
де  жетілетіні  белгілі.  Оған  қоса  ғасырлар  сынынан  өткен,  ұрпақтан  ұрпаққа  ұласып  келе  жатқан 
халық мұраларындағы озық үлгілер жеке тұлғаның жан-жақты дамуына септігін тигізеді. Сол себепті, 
бүгінгі  таңда  халықтың  д`стүрлі  өнер  түрлерін  жинақтап  зерделеудің,  оның  айналасындағы  т`лім-
т`рбиесі  мол  т`жірибесі  негізінде  жас  өспірімдерді  т`рбиелеудің  қажеттігі  өсе  түсуде.  Сондай-ақ, 
еліміздің  қоғамдық-экономикалық  өміріне  нарықтық  қатыстардың  енуіне  байланысты  өзгеріске 
түскен саяси экономикалық, `леуметтік-м`дени, рухани жағдайлар жас ұрпақ т`рбиесінің проблема-
ларын  жаңаша  ойластыруды  талап  етуде.  Демек,  оқушыларға  `лемдік  деңгейде,  өркениетті  негізде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   546   547   548   549   550   551   552   553   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет