Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж.
377
«Халықтың қолөнеріне `дет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге ж`не егінші-
лікке қажетті құрал-жабдықтар да кірді. Киіз үйдің сүйеі, ағаш кереует, кебеже, сандық жасап, кілем
сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп, есіп, көннен ж`не илеулі теріден қайыс,
таспа тіліп, өрім өріп қолдан `р алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік ж`не т.б. көптеген заттарды
халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштарымен `шекейлейтін болды. Қол-
өнерінде көңілге қонымды м`нерлер мен ондаған қолданылған `дістер архитектурада кеңінен
қолданылып келеді».
Ертеден біздің заманымызға дейін сақталған мазарлар мен ескерткіштердегі, діни `р түрлі құры-
лыстардың қабырғалары мен мұнараларындағы с`нді ою-өрнектер, ағаштан қиюлап, тастан қашалып
жасалған діңгектер – халық қолөнерінің тамаша туындылары.
Халықтың қолөнеріндегі мүліктердің бір тобы үй іші жабдықтары болса, екінші тобы – қайыс өру,
қару-жарақ, көшу-қону, жол-жорық жабдықтары еді. Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ию, мүйіз
балқыту, металды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр к`сіппенде шұғылданады.
Сондықтан, қолөнер «еркектерге т`н іс», «`йелдерге т`н іс» деп екіге бөлініп келеді. Мысалы,
тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, металл мен ағаштан бұйымдар жасап, оны `семдеу сияқты
ауыр жұмысты еркектер атқарады. Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек тоқу, ши орау, сырмақ сыру,
оюлау, шілтер шалу, тері киім тігу сияқты н`зік жұмысты `йелдер атқарады. Тері илеу, киіз басу, ши
тарту, шом, жазы жасау жұмыстарын еркектер мен `йелдер бірлесіп істеді.
ХIХ ғасырда ж`не ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін,
ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу кең өріс алды. Бұл кезде жастарға
арнап ер-тұрман мен белдік, қыз-келіншектерге арнап с`укеле, шашбау, білезік, сырға, жасап оларды
түрлі түсті өрнектермен `шекейлеу өнері де өрістей түсті [3].
Қолөнер – халқымыздың ұлттық мұрасы. Қазақтың ұлттық қолданбалы өнер тарихы көшпелі
өмірдің салт-д`стүрімен тығыз байланысты. Халық шеберлері ұлттық қолөнер мұраларын өмірге
`келді. Яғни, ұста, ағаш шебері, зергер, ісмерлердің тынымсыз еңбегі арқылы қазақ қолөнерінің
көркем туындылары пайда болды.
Өнердің қай саласында болмасын оның қазіргі қалпын жақсы түсіну үшін өткен тарихын, тегін
тереңірек зерттеп білудің қажеттігі белгілі. Сондықтан, біз бұл еңбегімізде қазақтың халықтық
қолөнерін тарихи тұрғыда зерттеуді алдымызға негізгі мақсат етіп қойдық. Революцияға дейін қазақ
қолөнерінің бірнеше салалары болды. Біз оның ішінде ағаш, металл, тас, сүйек, мүйіз, тері мен
былғарыдан `р түрлі үй бұйымдарын, шаруашылық құрал-саймандарын, сан алуан ескерткіштер
жасауға байланысты қалыптасқан қолөнер түрлерін қарастыруды жөн көрдік [4]. Халық өнері арқылы
сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың
ғылыми педагогикалық негіздері айқындалып, мазмұны мен `дістемесі жасалса, халық өнер туын-
дылары оқушылардың сезімталдығын ояту ж`не шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталса,
онда т`рбие үрдісінде халық өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың тиімді-
лігін арттыруға мүмкіндік береді.
1 Х. Арғынбаев. «Қазақ халқының қолөнері». Алматы: «Өнер» 1987 ж.
2 Өмірбекова М.Ш. «Қазақтың ою-өрнектері». Энциклопедия. Алматы: «Алматыкітап». ААҚ, 2003 жыл.
3 nлима Ысқаққызы. «Сырмақ өнері». Алматыкітап, 2007жыл.
4 Нұрпейісов n. «Қазақ халқының ою-өрнегі». Алматы: «Өнер», 2002 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: