С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет135/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   587
Байланысты:
ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)

УДК
 
378.1
     
 
    
 
БОЛАШАҚ
 
МАМАНДАРДЫҢ
 
К,СІБИ
 
ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН
 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
 
ЖОЛДАРЫ 
 
Г.А. Ризаходжаева – 
PhD Докторант,
  
Д.А. Рахимова – 
аға оқытушы,
  
К.М. Беркимбаев – 
п.ғ.д., профсессор
 
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті 
 
Жоғары  білімді  мамандар  даярлаудың  бөлінбейтін  бөлігі  к`сіби  іс-т`жірибелік  даярлық  болып  табылады. 
Студенттердің  іс  т`жірибелік  дайындығы  талаптарының  орындалуын  жоғары  оқу  орнының  барлық    оқу  ж`не 
ғылыми бөлімшелері жүзеге асырады, мұндағы басты рөл түлек бітіртіп шығаратын кафедраға тиесілі. Бұл жағ-
дайда студенттер семинар, іс-т`жірибелік ж`не зертханалық сабақтарда, оқытудың белсенді `дістері (интерак-
тивтік  `дістер,  іскер  ойындар  ж`не  т.б.),  оқу-зерттеу  ж`не  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  барысында 
ж`не т.б. дағдылануды игереді.   
Түйін сөздер: құзыреттілік,  мамандық, туризм, құралдар,  ЖОО, маман, дайындау, кадр. 
 
dлем  т`жірибесі  көрсеткендей,  кез-келген  мемлекеттің  экономикалық  жетістігі  сол  елдің  білім 
жүйесі  мен  азаматтарының  білім  д`режесіне  байланысты.  Өйткені  білім  арқылы  ғана  қоғамның 
интеллектуалдық капиталы мен инновациялық `леуеті қалыптасады. Елбасы Н.d. Назарбаев «Қазақ-
стан-2050»  стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Жолдауында  «Білім 
ж`не  к`сіби  машық  –  заманауи  білім  беру  жүйесінің,  кадр  даярлау  мен  қайта  даярлаудың  негізгі 
бағдары. Б`секеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы  жоғары елге айналуымыз 
керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», –  деп 
атап көрсетті [1]. 
Жоғары оқу орнының к`сіби маман даярлаудағы басты мақсаты - алдыңғы қатарлы жастар т`рбие-
леу,  адамзаттың  м`дени  ж`не  өнегелік  деңгейі  мен  оның  к`сіби  ой-өрісін  арттыру,  жоғары  к`сіби 
білімді маман иелерін қазіргі заман талабына сай дайындау [2]. 
Қазіргі  таңда  туризм  `лемдік  экономиканың  ең  алдыңғы  қатарында  динамикалық  түрде  дамып 
келетін  салалардың  бірі  болып  табылады.  Туризм  елдің  тутас  өңірлерінің  экономикасына  белсінді 
ықпал  етеді.  Сондықтан  Қазақстанда  қазіргі  заманғы  инфрақұрылым  салаларының  дамуына,  соның 
ішінде туризмге үлкен м`н беруде.  
Қазақстанда  туристік  саланың  даму  серпіні  2008  жылғы  экономикалық  дағдарыстан  кейінгі 
жылдары туризм индустриясы көрсеткіштерінің өсуімен сипатталады. 2012 жылы туристік қызметтен 
түскен табыстар көлемі 2008 жылымен салыстырғанда екі есе (77,6 млрд. тенгеге) артып 151,7 млрд. 
тенгені  құрады.    Осы  жылы  салада  қызмет  етушілер  саны  129  000  адам,  республикалық  бюджетке 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
79 
туристік  қызмет  көрсетуден  төленген  салық  көлемі  24,2  млрд.  тенгеге  жетті.    2012  жылы  елімізде 
1 994 туристік ұйым қызмет етіп, олар 641,3 мың адамға (былтырғы жылмен салыстырғанда 1,7 % -ға, 
2010 жылымен -  32,1%-ға көп)  қызмет көрсеткенін көруге болады [3].   
Туризм инфрақұрылымның дамуына қарамастан, көптеген туристік объектілерде қызмет көрсету 
сапасы төмен деңгейде қалып отыр. Бұл м`селені зерттеген авторлардың айтуынша саладағы мұндай 
жағдай туристік салада білім беру жүйесінің қазіргі заман талабына сай келетін теориялық білімнен 
тыс  бітірушілердің  т`жірибелік  дағдыларына  жеткіліксіз  м`н  беруімен  байланысты.  2010  -  2014 
жылдарға  арналған  Қазақстан  Республикасы  туристік  индустриясының  перспективалы  бағыттарын 
дамыту  жөніндегі  бағдарламасының  басты  мақсаты  республикада  қазіргі  заманға  сай  жоғары 
н`тижелі  ж`не  б`секеге  қабілетті  туристік  кешен  құру,  туристік  индустрияның  кадрлық  `леуетін 
дамыту болып табылады [4]. 
2008  жылғы  5  шілдеде  «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  туристік 
қызмет  м`селелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Қазақстан  Республикасы-
ның Заңы қабылданды. Аталған Заңды іске асыру шеңберінде жұмыс берушілерде білім беру қауым-
дастықтармен  ж`не  ұйымдарымен  бірлесіп,  өздеріне  қажетті  туристік  кадрларды  к`сіби  даярлау, 
қайта  даярлау,  біліктілігін  арттыру  курстарын  енгізуге  нақты  мүмкіндік  тудыру  үшін  нормативтік 
база  жасалды.  Бұған  «Туризм  саласындағы  мамандарды  к`сіптік  даярлауға,  қайта  даярлауға  ж`не 
олардың  біліктілігін  арттыруға  қойылатын  жалпы  талаптарды  бекіту  туралы»  Қазақстан  Респуб-
ликасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қыркүйектегі № 878 қаулысы бағытталды. Дегенімен, елдің турис-
тік  сала  үшін  кадрлар  даярлайтын  жоғары  оқу  орындарында  Дүниежүзілік  туристік  ұйым  ұсынған 
«WTO-TedQual» туристік білім беру сапасы жүйесін енгізу проблемалық м`селе күйінде қалып отыр.  
Өңірдің  туризм  орталығы  болуды  жоспарлап  отырған  Қазақстанға,  қызмет  көрсету  секторында 
талап  етілетін  орта  ж`не  жоғары  буындағы  білікті  к`сіби  мамандардың  жетіспеушілігі  м`селесі 
ерекше  өткір  байқалатын  туризм  индустриясы  саласында  кадрларды  даярлау  жүйесінің  кемшілігі 
болып тұрғаны анық. Отандық туризм саласы жас құзыретті мамандарға мұқтаж [5].  
Соңғы  уақытта  маман  даярлаушы  техникалық  ж`не  к`сіптік  білім  жүйесінде  б`секеге  қабілетті 
маман  қалыптастыру  үшін,  алдымен  маманның  к`сіби  құзыреттілігін  қалыптастыру  керек  деген   `р 
түрлі  пікірлер  жиі  айтылуда.  Болашақ  к`сіби  құзіретті  маман  осы  ақпараттық  қоғамнан  қалыспай, 
жедел  ойлаушы,  жедел  шешім  қабылдаушы,  ерекше  ұйымдастырушылық  қабілетті,  нақты  бағыт  – 
бағдар  беруші  болып  шығуы  –  бұл  қазіргі  заманның  талабы.  Студенттердің  к`сіби  құзыреттілік 
м`селелері   туралы  пікірлер  к`сіби  маман  даярлау  м`селелерімен  айналысып  жүрген  отандық  ж`не 
шетелдік  ғалымдар,  педагогтар,  психологтар  еңбектерінде  көрініс  табуда.  Ғалымдардың  пікірлерін 
басшылыққа ала отырып, біз  «құзыреттілік» ұғымына – студенттердің жеке тұлғалық психологиялық 
ерекшеліктеріне  байланысты  меңгерген  білімдерін,  дағдылары  мен  біліктерін,  танымдық  ж`не 
т`жірибелік іскерлігін   өмірде дұрыс қолдануы деген анықтама бере аламыз. 
Отандық  туризм  саласында  кадрларды  дайындау  құрылымы  кездейсоқ  қалыптаса  отырып 
нарықтық  экономикаға  көшу  кезеңінің  ғана  талаптарына  жауап  бере  алды.  Қазіргі  таңда  мемлекет 
білім  беру  саласында  көптеген  мүмкіндіктерді  жасап  келеді:  еліміздің  білім  беру  жүйесі  кредиттік 
технологияға  өтуі,  2010  жылы  Еуропаның  Болон  процесі  жүйесіне  мүше  болып  қабылдануы, 
студенттер  мен  оқытушылардың  ұтқырлық  бағдарламаларына  қатыса  отырып  икемді  білім  алу 
үдерістеріне  қол  жеткізе  алуы.  Бүгінгі  туристік  к`сіби  білім  беру  келесі  деңгейлерді  қамтиды:  бас-
тапқы  (профильді  мектептерде),  к`сіптік  орта,  жоғары,  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  ж`не  қосымша 
(біліктілік арттыру ж`не к`сіби қайта даярлау бағдарламалары). Қазақстан Республикасында туристік 
индустрия  үшін  базалық  мамандарды  дайындау  2013  жылының  статистикалық  м`ліметтерге  с`йкес 
келесідей.  Аталған  мерзімде  52  жоғары  оқу  орны  (ЖОО)  (2008-2009  ж.ж.  олардың  саны  47,  2010-
2011ж.ж.  –  52,  2012ж.  –  55  болған),  олардың  18-і  мемлекеттік,  36-сы  –  жеке  меншіктегі  ЖОО-лар 
жұмыс атқарған [6]. 
2008-2013  оқу  жылдары  туризм  саласы  бойынша  к`сіби  білім  беретін    ЖОО-лардың  бітірушілер 
саны (барлығын қосқанда) 2009 жылы – 868 түлек, 2010ж. - 1116, 2011 ж. - 1393, 2012 ж.- 1402, 2013 - 
1935 түлек болды. Жалпы көрсетілген мерзімде мемлекеттік ЖОО-лар тарапынан туристік сала үшін 
3266 маман, ал жеке ЖОО-лар – 3429 маман дайындап шығарғанын көруге болады. Туризмде оқып 
білім  алған  мамандардың  саны  артқанымен  түлектердің  барлығы  салада  жұмыспен  қамтыла  қойған 
жоқ (Сурет 1).  
Дерек: http://www.analitika.kz/docs/Туризм%20Казахстана%20%28interactive%29.pdf 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
80 
Бітірушілердің жұмысқа орналасуы туралы күрделі сұрақ туындайды. Туристік қызметке квалифи-
кациялық  талаптардың  енгізілуі  туристік  ұйымдарға  арнайы  мамандандырылған  білімі  бар  қызмет-
керлерді  табуын  талап  етеді.  К`сіптік  ЖОО-лардың  бітірушілері  шет  тілін  меңгерулерінің  `лсіздігі, 
қонақ  үй  к`сіпорындарын  жетекші  экономикалық  ж`не  лингвистикалық  жоғары  оқу  орындарының 
түлектеріне өз таңдауларын жасауға м`жбүрлейді. Бұл жағдай `сіресе халықаралық қонақ үй желіле-
ріне  кіретіндерге  т`н,  өйткені  онда  кем  дегенде  бір  шет  тілін  меңгеру  сапалы  қызмет  көрсетудің 
міндетті стандарты болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет