ГРЕК-РИМ СТИЛІНДЕГІ ЖОҒАРЫ БІЛІКТІ БАЛУАНДАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ А.Айтпанбет – магистр, Қазақтың спорт ж`не туризм академиясы, amanzhol.79@bk.ru Мақалада грек-рим күресіндегі жоғары білікті балуандардың физикалық қасиеттерін дамыту жолдары,
ерекшеліктері айқындалған. Осы м`селені шешу жолында білікті бапкерлерден кеңес алып, Қазақстанның күрес
құрама командасымен тығыз жұмыс жүргізілген. Грек-рим күресінде күш қасиеті жетекші орын алатыны
көрсетілген. Күш ж`не күштік-жылдамдықты дамыту барысында спорт шеберіне үміткерліктен спорт шеберіне
көтеріле алатыны айтылған. Алынған мағлұматтарды жоғарғы д`режелі спортшылардың жаттығу үдерісін
құруға ж`не тексеруге, басқа да жекпе-жек спорт түрлеріне қолдануға болатындығы айтылған.
Түйін сөздер: жылдамдық пен күш-жігер, спорт шебері, спорт шеберіне үміткер
Қазіргі спортта жарыстарда н`тижелерін көтеру м`селесі жаттығу үдерісінің `дістері мен құрал-
дарын оңтайландырумен тығыз байланысты. Балуандарды дайындауда олардың күші мен жылдам-
дық-күш қасиеттерін дамытуға бағытталған физикалық дайындық құралдарының құрамы мен арақа-
тынасының м`ні ерекше. Осы м`селені шешу арқасында, бапкерлердің айтуынша, оқыту-жаттықтыру
үдерісінің мүмкіндіктерін ед`уір молайтуға ж`не осы спорт түрінің теориясы мен т`жірибесін жаңа
сапа деңгейіне көтеруге болады. Зерттеулер мен жарияланымдарды талдау спорттың қазіргі даму
кезеңінде грек-рим күресі саласында аталған м`селе бойынша еңбектер жоқтың қасы екендігін
көрсетті. [1, 2, 3, 4].