С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет304/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   587
Байланысты:
ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)

Бірінші типі. Лидер нақты жағдайға байланысты өзін танытады. Мысалы, оқушы сыныпта музыка 
викторинасын ұйымдастырып, өткізді делік. Ол көптеген музыкалық шығармаларды біледі, пианино-
да, аккордеонда ойнайды. Бұл арада ол өзінің дарыны мен шеберлігін көрсетті. Ол лидер. Ал басқа 
жағдайда ол ұжымның қатардағы мүшесі болып қала береді.  
  Екінші типі. Сан алуан істерді атқару кезінде ұжымның басқа мүшелеріне жан-жақты ықпал ете 
алатын  оқушы  лидер  болады.  Лидер  оқушы  маршрутты  `зірлеуге  қатысады,  топты  қажетті  құрал-
жабдық, азық-түлікпен қамтамасыз етуге көмектеседі, транспорт құраладры жөнінде келіседі, далада, 
таза  ауада  өтетін  концертті  `зірлейді  т.  б.  Алайда  оның  лидерлігі  қысқа  мерзімдік  д`режеде  ғана 
болады. Іс т`м`мдалған соң оның лидерлігі де бітеді.  
Үшінші типі. Оқушы өзінің лидерлік қабілетін іс-қызметінің көптеген саласында ұзақ уақыт бойы 
сақтайды.  Топ,  ұжым  лидерін  аты  `йгілі  адамдар  ұғымымен  бара-бар  деуге  болмайды.  Зерттеу  бір 
адамның  бойында  лидерлік  пен  `йгілі  болу  қабілеттерінің  екеуі  де  болуы  мүмкін  екенін  көрсетеді. 
Мұндай үйлесімділік топтың, ұжымның атқаратын ісіне игі `сер етеді. Дегенмен бұл жерде алшақтық 
та кездесіп, лидер бір адам, `йгілісі екінші адам болуы мүмкін. 
Егер ұжымдағы тұлғалық психологиялық сипаттамасын қарастырсақ, онда лидердің топ жүгінетін 
құндылықты  бағыттарының  көтерілуімен  сипатталады,  жариялық  пен  адамгершілікке  толы  болады. 
Ресми билік лидерді елемесе де, топ оны беделділік пен абыройға бөлейді, яғни бірлескен іс-`рекет-
тің маңызды м`н-жайларын бағалау, сондай-ақ топқа маңызды шешімдерді қабылау оның құзырында 
болуын топ мойындайды. 
Лидерлік формалды ж`не формалды емес болуы мүмкін. 
Формалды лидерлер – бұл адамдарды мекеме мүшелері арнайы таңдап, қажетті бір адамға қызмет-
ке  тағайындайды  (бөлім  меңгерушісі,  бөлімше  басшысы,  топ  басы,  т.б.).  Формалды  лидерлердің 
арнайы мекеме алдында топты түгелдей дерлік қорғауға ж`не олардың қызығушылығын айтып жеткі-
зуге мүмкіндігі бар. 
Формалды  емес  лидерлер  –  бұл  адамдар  топ  мүшелерімен  психологиялық  қатынаста  беделі 
барлар. Кез – келген формалды емес лидер жеке беделге ие `рі оны түрлі деңгейде көрсетуге даяр [5]. 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
202 
dлеуметтік  психолог  Дж.  Морено  лидерлерді  социометриялық  м`ртебе  терминіне  топтастырды. 
Лидер  –  ол  кең  көлемдегі  топ  мүшелерінің  таңдауындағы  адам  немесе  ұдайы  таңдап  алатындар. 
Формалды  ж`не  формалды  емес  лидерлерден  басқа  Морено  социометриялық  типті  ерекшелеп 
көрсетеді. 
Социометриялық лидер – бұл формалды ж`не формалды емес лидерлердің бір түріндегі ұқсастық 
конвергенциясы.  Бұл  феномен  формалды  емес  лидерді  формалды  м`ртебеге  жетелегенде  шығады. 
Оған психологиялық қатынасты игеруде ғана емес, сонымен қатар топтың формалдық тапсырмасын 
шешуде сенім артқанда `сер етеді. 
Топтың  лидерді  қабылдауына  байланысты  лидерлердің  төмендегідей  типін  бөліп  көрсетуге 
болады: 
1) «біздің арамыздағы біреу» - топ мүшелерінен ерекшеленбейді «көпшілікпен бірдей» деп қабыл-
дайды. Арнайы ортада өзгелерден бағы жанған немесе мүмкіндік болғанда басқарушы лауазымынан 
табылатын  –  топтың  толық  көзқарасы  бойынша,  топтың  басқа  мүшелері  секілді    қуанып,  мұңайып, 
қателесіп ж`не дұрыс шешім қабылдап өмір сүреді; 
2)  «бізден  ерекше»  -  топ  мүшелерінен  көптеген  сапасы  жағынан  ерекше  (іскерлік,  құлықтылық, 
коммуникациялық т.б.) толығымен еліктеуге үлгі болып табылады; 
3)  «жақсы  адам»  -  шынайы  тұрғыда  қабылданатын  ж`не  бағаланатын  құлықтылық  сапасынан  да 
жоғары: т`ртіпті, мейірімді, басқаға көңіл аудара білетін, ұдайы көмекке келетін; 
4)  «қызмет  атқаратын»  -  өзінің  достары  мен  барлық  топтың  атынан,  олардың  пікірін  жеткізуші 
ретінде сөйлеуге ұмтылатын [6]. 
Лидерліктің феноменіне қарамастан практикалық тұрғыда топта кім лидер екендігін анықтау өте 
қиын. Топта екі `дістеме негізінде нақты лидерлікті анықтауға болады: 
-  топ  мүшелерінен  олар  сайлау  кезінде  немесе  топты  басқару  кезінде  кімге  көп  сенеді  `рі  кімді 
қалайтынын сұрақ арқылы анықтау; 
-  сырттан  бақылайтындардан  (немесе  арнайы  шақырылған  кеңестен)  олар  топ  мүшелерін  атап 
соның  ішінде  бір  –  біріне  деген  `серін  сонымен  қатар  белгілі  бір  н`тижеге  қол  жеткізуші  лидерді 
білу; 
Лидердің функциясы: аналитикалық; іс-`рекет бағдарламасын жасау; мобилизация; жаңашылдық; 
коммуникативті; ұйымдастырушы; координациялық; интегративті [7, б.108].  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет