рақаттықта, таза ауамен тыныстаған қырғыздардың денсаулығы мықты, көп жасайды, күшті де
қуатты, аштыққа, ыстық-суыққа шыдамды келеді. Күннің ыстығы қаперлеріне де кірмейді.
Айналасын көргіштігі таңдануға тұрарлық тегіс жерде тұрып кішкентай заттарды он не одан да
көп шақырымнан көре береді. Көздері аса өткір көреді. Еуропалықтар заттарды бұлдыр көріп eзер
байқайтын жерден, олар заттың сұлбасы мен түсін (eсіресе, малдың түсін) жақсы ажырата
біледі. Бала күнінен ат құлағында ойнау қазақтың тұңғыш гимнастикалық жаттығуындай, былай-
ша айтқанда, олар ат үстінде туып, ең асау аттың өзін батыл да шебер ауыздықтайды. nйелдері
бұл жағынан еркектерден кейде асып та кетеді». «...ауылға сырттан қонақ келсе, бeрі жиналып
соны тыңдайды, берген тамағына ешкім eңгімеден басқа ақы сұрамайды. Қырғыздар үшін мейман-
достық қастерлі заң» деп, қазақтың қонақжайлық салт-дeстүрін мадақтаса, олардың психология-
Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г.
208
лық ерекшелігіне орай: «...қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға, ақсақалдарға құрмет көрсету –
олардың ең жақсы қасиеті, халықтың даңқын шығарған ұлдарына батыр деп ат беріп, өлсе де
ұмытпай үлгі тұтады. Қырғыздар туған жерін, атамекенін қатты қастерлейді. Кір жуып, кіндік
кескен жерін тастап ешкім ешқайда кетпейді[10]» деп, елін-жерін сүюшілік олар үшін ұлттық
сезімнің ең қасиетті белгісі екенін айтып, қазақтың биік адамгершілік қасиеттерін ерекше атап өтеді.
А.И. Левшин қазақ `йелдерінің инабатты, шаруақор, іске шебер, еріне адал болатындығына дұрыс
баға бере білген. «Қырғыз `йелдері, – деп жазды ол, – түйе жетектеп келе жатып та жасы үлкен
ерлерге ізеттілік көрсетуді ұмытпайды. Олар ерлерден гөрі бейнетқор, малға қарайды, киім тігеді,
ері үшін бeрін жасап, оны кетерде атына мінгізіп аттандырып салады. Қазақта балаға eкеден гөрі
ана көп қарайды, қыздарын үй-ішіндегі өнердің бeріне үйретеді» [10, 142 б.].
Қазақ халқы балалар мен жастарды патриоттыққа т`рбиелеуде лирикалық `ндерді де, орынды
пайдаланды. Оларда ғашық жандардың толқыныс сезімдері, сүйген жардың сұлулығы, экономикалық
ж`не `леуметтік теңсіздік салдарынан бір-біріне қосыла алмаған екі жастың қайғы-мұңы, жеке
бастың күйініш-сүйініші, туған жердің табиғаты терең сезіммен бейнеленеді. Мұнда қайтып орал-
майтын жастық шақ туралы мұнды ой-толғаулары да, адамның өкініш-наласы көрініс алады. Осын-
дай мазмұны жағынан алуан түрлі лирикалық `ндерге, мысалы, «Қорлан», «Шилі өзен», «Ақбөпе»,
«Япырай», «Гауһартас», «Жиырма бес», «Маңмаңгер» ж`не т.б. көптеген `ндер жатады.
Мысалы, «Япырай» `нінің м`нерлі музыкалық ж`не поэтикалық бейнесінде табиғаттың сұлу
көрінісі мен адамның рухани көңіл-күйі бейнеленсе, «Гауһартаста» сүйген жардың ажары атқан
таңға, шолпан жұлдызға теңеледі, үстіндегі киген киімі, `серлі жүріс-тұрысы, бойындағы асыл
бұйымдары, `семдігі салыстырмалы түрде суреттеледі. Бұның б`рі жеткіншектердің эстетикалық
талғамын эстетикалық көзқарасын жетілдіруді, `семдікті түсіне, сезіне, тебірене білуге үйретті, туған
жерге, елге, д`стүр-м`дениетке мақтаныш сезімін оятты [6].
Қазақ халқының `леуметтік-наразылық `ндерінде `леуметтік теңсіздік, адамды адамның қанауына
деген кедейлікке жоқшылыққа деген наразылық, феодалдық өмір салтына, экономикалық ж`не
`леуметтік езгіге қарсы күрес тақырыбы жетекші орын алады. Мысалы, «Гүлдерай!», «dупілдек»,
«Қойшы», «Көк шолақ», «Жанбота», «Ақ Сиса» ж`не т.б. `ндері `ділет, жарқын болашақ, теңдік, өз
тағдырын өзі шешу құқығы жолындағы күреске шақырады.В.В.Радловтың: сөзімен айтқанда, қазақ
«...өз `ндерінде ертегіде айтылатын қайдағы бір ғайыптан пайда болған қорқынышты дүниені д`ріп-
темейді, қайта ол өз өмірін, өз сезімдері мен мұраттарын, қоғамның `рбір жеке мүшесі жүрегінде
жүрген идеяларды `нге қосады, тыңдаушылары жаратылыстан тысқары қайдағы бір кереметтерден
емес, нақты шындықтан л`ззат алады» [11].
dрине, `ннің мазмұнын тыңдаушысына дұрыс жеткізу `ншінің көркемдік ой-өрісіне, оны бейнелі
түрде жеткізе білуіне, орындаушылық шеберлігі мен дауыс құбылысының сүйкімділігіне де байла-
нысты. Мұндай талабы бар `ншілерді халық өте құрметтеген, олардан мақтау сөзін аямаған, «күміс
көмей `нші», «жез таңдай `нші» деп қошеметтеп отырған. Бұдан `ншінің орындаушылық өнерінің
қалыптасып, дамуына қоғам ортасының `сері мол болды деген пікір туады. Тағы бір ескеретін жай,
«`н өнері халықтың өзіндік `ншілік мектебіне байланысты, д`лірек айтқанда, т`жірибелі `ншілердің
жас талаптарды өз қамқорлығына алып т`рбиелеуіне байланысты дамыды. Яғни т`жірибелі `ншілер
өз ізбасарларын өздері т`рбиеледі, оларға өздерінің `ншілік өнерінің қыр-сырын үйретті, өздері
сияқты айтуға баулыды, сөйтіп өздерінің `ншілік д`стүрін жалғастыруға ықпал етті» [6, 109 б.].
Мұндай `ншілердің қатарына Біржан, Ақан сері, Мұхит, Жаяу Мұса сынды майталмандарды атауға
болады.
Сонымен халық `ндері халықтың адами-эстетикалық көзқарасын, `семдік жөніндегі түсінігін
білдірумен бірге, ұлттық патриотизмнің жоғары болғанын көрсетеді ж`не балалар мен жастарды да
осындай сезімге, ұлттық намысқа т`рбиелегенін д`лелдейді. Олар өзінің қарапайымдылығымен, `уез-
ділігімен, көркемдігімен, шынайылығымен, поэтикалық `серлілігімен терең мазмұндығымен үлкен-
кішінің жүрегінен орын алды. Оған деген қызығушылық бүгінде толастаған емес, керісінше көптеген
халық `ндері к`сіпқой `ншілер мен көркемөнерпаздардың, мектеп оқушыларының репертуарынан
берік орын алып отыр.
Осы айтылғандардың б`рі қазақ музыкасының мүмкіндіктерінің жоғары болғанын, `сіресе ұлттық
патриотизмді жетілдіруде үлкен роль атқарғанын д`лелдейді.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж.
209
1 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. -Алматы 1975. – 21 б.
2 Казахстан: литературно-художественный сборник. –М.,Алма-Ата, 1935, – 10 с.
3 Эйхгорн А. Музыка киргиз. В кн.: Музыкальная фольклористика в Узбекистане -Ташкент, 1963. – 58 с.
4 Ерзакович Б.Г. Песенная культура казахского народа. Алма-Ата, 1966. – 24 с.
5 Ежелгі мeдениет күeлары. Алматы, 1966, – Б. 96-97.
6 Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тeрбие. – Алматы:”Білім”, 1995. – 154 б.
7 Боздағым / құрастырған Т.Арғынов. -Алматы, 1990. – 9 б.
8 Тихов П. Музыка туркистанских киргизов. Музыка и жизнь. – М., 1910, -№ 3-4.-с.35.
9 Янушкевич А. Қазақ даласынан жазған хаттар. Варшава, 1861. – 180 б.
10 Левшин А. Қырғыз-қайсақ ордалары мен даласының сипаттамасы. М.,1832. – 230 б.
11
Радлов В.В. Образы народной литературы северных тюркских племен. Т.5,СПБ., – С. 8-9
.
Достарыңызбен бөлісу: |