С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет329/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   587
Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
220 
лықты  к`сіп  қылған  екі  ағайынды  бір  себептермен  елден  кетіп,  таудың  шатқалын  мекендейді. 
Күндердің  күнінде  екеуі  қырқада  аң  аулап  жүргенде,  ағасы  бір  құлан
 
атып  алады.  Құланның  етін 
қапқа  салып,  терісін  дегдітіп  отырғанда,  аспанды  аяқ  астынан  бұлт  торлап,  қалың  нөсер  бұршақ 
құйып  кетеді.  Аңшы  тастың  қуысында  құланның  терісін  күркелеп,  паналауға  м`жбүр  болады.  Інісі 
оны құлан екен деп атып, келіп қараса өзінің ағасы екенін байқайды. Еңіреп жүріп, ағасын арқалап 
қосына `келуге батылы бармай, бір жерге жайғастырып, ауылына келеді. Керегедегі қоңыр домбыра 
қолына  түсіп,  бір  мұңды  күй  шертеді.  Сезімтал  жеңгесі:  «Күйің  зарлы  ғой,  осы  ағаңнан  айрылып 
қалғаннан саумысың?" - депті. Сонда аңшының қолынан домбыра түсіп кеткен екен дейді аңыз [5, 17 б.]. 
Музыка  мұғалімінің  оқушыларға  жеткізген  бұл  көркем  де  орынды,  `серлі  де  м`нерлі  `ңгімесі  – 
музыканы  тыңдай,  қабылдай  білуге  қызықтырып,  оларды  толғандырып,  ойландырып,  жүйелі  түрде 
оны тыңдауға, талдап, салыстыра білуге мүмкіндік туғызады. 
Сонымен қатар Құрманғазының "Сарыарқа", "Кісен ашқан" шығармалары X.Ерғалиевтің "Құрман-
ғазы" поэмасымен, d.Қастеевтің "Құрманғазының өмірі мен творчествосы" атты тақырыптық сурет-
терімен байланыстырылса, Айша бибі мазары, ол жайлы аңыз `ңгіме Айша бибі ою-өрнегімен ұштас-
тырылып,  А.Қоразбаевтың  "Айшаның  `ні"  шығармасымен,  Махамбеттің  күй-термелері,  Наурызбай 
мүсіншінің  туындыларымен,  Г.Исмайлованың  "Дина"  шығармасын  Д.Нұрпейсованың  өз  туындыла-
рымен  ж`не  С.Бақбергеновтың  "Қайран  шешем"  еңбегімен,  К.Байсейтованың  орындауында  бейне-
ленген  "Қыз  Жібек",    Шараның  орындауында  бейнеленген  "Қазақ  вальсі»  Е.Брусиловскийдің  "Қыз 
Жібек" операсымен, Л.Хамидидің "Қазақ вальсі" `ндерімен ұштастырылып, проза-поэзиялық мақал-
м`тел,  нақыл  сөздерді  нақты  қолдана  білгенде  ғана,  оқушылардың  қызығушылықтары  артып,  сана-
сезімдері, ақыл-ойлары өсіп, дамып-жетіліп, музыканың небір құпия сырларына үңіле алатыны анық. 
Музыка  жайлы  осындай  қызықты  `ңгімелерден  кейін  оқушылардың  қызығушылықтары  артып, 
музыканы талдау жұмысы барысында көптеген жетістіктерге жетеді. 
Сонымен  шешендік  өнер,  музыка  өнері  өмір  үшін  де  өте  қажетті  үрдіс.  Бұл  жөнінде  профессор 
Т.Нұртазиннің:  "Педагогика  –  өнер  болса,  ол  өнер  оқушыны  ынтықтыра,  сабақты  асқақ  д`режеде 
өткізуге,  сыныптан  тыс  оқуға  да  ынталандыруға  жұмсалатын  болса,  онда  мұғалім  өнерпаз,  оның 
`рекетінде  артистікпен,  сахна  өнерімен  ағайындас  элементтер  болғаны.  Мұғалім  өз  табиғатында 
осындай  рольдер  барын  жадында  тұтқаны  абзал"  деген  сөздері  музыка  мұғалімінің  басты  мақсаты 
болғаны дұрыс. 
"Ұйықтап жатқан жүректі `н оятар,  
dннің т`тті оралған м`ні оятар",- дегең Абайдан бастап, `н құдіреті, мазмұн м`ні, маңызын талдай 
келе,  күміс  көмей,  жез  таңдай  `нші  Қазақстанның  халық  `ртісі,  Мемлекеттік  сыйлықтың  иегері 
Жүсіпбек Елебеков жайлы лекция-концерт өткізуге болады.  
Таудан  аққан  таза  бұлақ  сылдырындай  ағылып  төгілген  сиқырлы  үн  бірде  аспанға  өрлеп  қалық-
таса, енді бірде мұңға толы сырлы-саз сезім қылын тербетіп, тыңдаушысын терең ойға шомдырады. 
Сыршыл сұлу лириканың иесі Жүсіпбек орындауындағы "Ғалия", "Арарай", "Балқурай", "Сегіз аяқ" 
ж`не т.б. `ндер адамның ішкі дүниесін тербеп, н`зік иірімдерімен, `шекейлі өрнектерімен баурайды. 
Жүсіпбек Елебековтің театр сахнасындағы сан алуан тұлғаларды кемеліне келтіре жоғарғы д`режеде 
орындауының табыс кепілі, бір жағынан, `ншілік өнері болса, екіншіден, халықтың өмір тіршілігінде 
кездесетін ірілі-уақты оқиғаларға құрылған аңыздар мен `н-жырларға қанықтығының маңызы зор еді. 
Бойындағы барлық жарасымды қасиетін халықтың рухани азығына айналдырған `нші есімі `рқашан-
да ел ауызында, көпшіліктің көңілінде сақталып, өнегелі ұрпақ, ш`кірттері өлмес өнерін өзіндей етіп 
жалғастыра береді. 
Шындығында  да  мұғалімнің  шешендік  өнері  музыкалық  шығарма  алдында  ж`не  оның  м`нерлі-
лігін талдау барысында қолданылған кезде оқушылардың музыканы айқынырақ аңғаруының белсен-
ділігі  артады.  Себебі,  оқушылардың  зейіні  шығарманың  бейнелілік  жағына  аударылып,  қызығушы-
лығы  артады,  қабылдау  үшін  қажетті  дайындық  құрылады,  олардың  қиялы  мен  сезімдік  жауабы 
оянады.  Сабақтағы  музыка  тыңдау,  талдау  ж`не  `рбір  `ңгіме  сайын  оқушылар  белсенді  ізденіске 
тартылып,  музыкалык  бейнелер  мен  идеяларды  табуға  қатысады,  олардың  музыкалық  шығарманы 
қабылдауы мен орындауы айқынырақ болады. 
Ал «Сөз – ойдың с`улесі» деп Л.Толстой бекер айтпаған болар, сөздің, ойдың құдіреті сол: онда 
сезім тазалығын, шынайылығын қалыптастыратын, адамның психикасын дамытатын, музыкаға деген 
қызығушылығын арттыратын сиқыр күш бар 
Сонымен,  музыка  мұғалімі  жұмысының  н`тижелігі  оның  к`сіби  даярлығына  негізделе  отырып, 
шешендік өнер шеберлігіне тікелей байланысты. Мұғалім сөзі сезімге бай, музыкаға, сүйіспеншілікке 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
221 
толы,  музыканы  түсіне  білуге  үйретуде  ықылас-ниеті  айқын  да  шынайы  болғанда  ғана  сабақтағы 
`рбір баланың оқу нысаны – м`дениеттің биік деңгейінде болуы – музыка мұғалімі үшін қажетті сапа. 
Олай  болса,  музыка  мұғалімінің  алдындағы  мақсат  өзінің  сөйлеу  м`дениетін,  шешендік  өнерін 
`рдайым  жоғары  деңгейде  ұстауы  тиіс.  Сонда  ғана  оқушылардың  өнерге  деген  ынтасына  қолайлы 
жағдайлар жасай алады. 
 
1 Исаев С.М. Қазақ тілі. – Алматы, 1993. 
2 Максим Горький. Полное собрание сочинений и писем. – М.: «Наука», 1968. 
3 Сыздықова Р. Сөз құдіреті. – Алматы, 1997. 
4 Игенбаева Б.Қ. Таза сөз. – Алматы, 2001. 
5 Жұбанов А.Қ. Ғасырлар пернесі.  – Алматы, 1958.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет