С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет328/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   587
Байланысты:
ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)

Түйін  сөздер:  интернет,  ұялы  телефон,  компьютер,  теледидар,  қарым-қатынас,  шешендік  өнер,  сөйлеу 
м`дениеті. 
 
Қазіргі  таңда  мектеп  мұғалімдерінің  алдында  тұрған  міндет  –  жас  жеткіншектерді  ұлттық  рухта 
т`рбиелеу. Уақыт ағымы талап ететін бұл міндет болашақ мамандардың к`сіби дайындығын жетілді-
руде  жоғары  оқу  орындарының  оқу-т`рбие  үрдісінің  мазмұнын  жаңғырту  қажеттілігін  туғызады. 
dсіресе,  өзекті  м`селелердің  бірі  –  музыка  мұғалімінің  шешендік  өнері  –  адамның  жалпы  м`дение-
тінің құрамдас бөлігі ретінде қоғамда жоғары бағаланады. 
Мектепте  оқушыларға  дем  беретін,  музыка  арқылы  олардың  жүрегіне  жол  табатын,  музыканың 
құдіретін  жеткізіп  түсіндіретін  күш  –  мұғалімнің  қарым-қатынасы  болып  табылады.  dрине,  бүгінгі 
күндері  педагогикалық  қарым-қатынастың  күрделі  екендігі  б`рімізге  айқын.  Себебі  балалардың 
өміріне теледидар, компьютер еніп, олардың біраз уақыттары солардың алдында өткізіледі. Көбінесе 
балалар  достарымен  көзбе-көз  емес,  жеткілікті  сөзбен  емес,  «интернет»,  «ұялы  иелефон»  арқылы 
сөйлеседі. Десек те, бұл нақты қарым-қатынасқа жетпейді. Теледидар арқылы жиі атақты адамдармен 
кездесулер өткізіледі, бірақ оның б`рі бір жақты болып келеді. Теледидар, ұялы телефон, компьютер 
балалардың  өміріне  жастайынан  еніп  келеді,  сондықтан  да  олардың  өнер  ж`не  т.б.  іс-`рекеттермен 
айналысуы төмендейді. 
dрине, теледидар, интернет ақпарат көздері болып табылады, дегенмен де олар белсенді, шығар-
машылық  іс-`рекетті,  ересек  адамдармен  қарым-қатынасты  алмастыра  алмайды.  Демек,  осындай 
пікірлесудің,  сөйлесудің  жетіспеуі,  балалар  бойында  сезімді  т`рбиелеуде  кемшіліктердің  пайда 
болуына себепші болады. 
Сонымен, қарым-қатынас т`рбие құралы болып табылатыны белгілі, оқушылармен дұрыс құрыл-
ған  қарым-қатынас  жүйесі  арқылы  олардың  бойында  адамгершілікті  қалыптастырамыз,  олардың 
пайдалы  іс-`рекетпен  айналысуына  мүмкіндік  береміз.  Осындай  қарым-қатынастың  арқасында 
оқушыларды толығымен жан-жақты танимыз.  
Оқушылармен қарым-қатынас жасау үрдісі – үлкен өнер. Сондықтан да музыка мұғалімінің асқан 
шеберлігі  арқылы  қарым-қатынастың  жанданып  кетуі  міндетті  түрде  оның  сөйлеу  м`дениетіне, 
шешендік  өнеріне  тікелей  байланысты.  Өзінің  ойын  сабырмен  сыпайы  жеткізе  алатын  мұғалім  сөзі 
ғана оқушының ойына қозғау сала отырып, оның жан дүниесіне `сер етіп, өзіне сендіре алады. 
Адамдардың қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынас жасайтындығы, өзара түсіні-
сіп, пікір таластыратыны, ойларын жеткізетіндігі б`рімізге м`лім.  
Өткен тарихымыздың, халқымыздың `дет-ғұрыптары, салт-д`стүрлері, асыл қазыналары тіл арқы-
лы жеткізіліп, кейінгі ұрпаққа жеткізіліп жалғасады. М`селен, ұлы Абайдың даналығын, Махамбет-
тің  батылдығын,  Қабанбайдың  батырлығын,  Абылайдың  данышпандығын,  Бұхар  жыраудың  бетке 
айтатын шындығын ана тілінде оқып, түсініп, өмірге рухани азық болып қалдырылған. 
Олай  болса  адамдардың  жастайынан  қиялын  өрбіткен  таңғажайып  ертегілер,  аңыз-`ңгімелер, 
батылар  жырлары,  шешендік  сөздер,  мақал-м`телдер  өзіміздің  ана  тілінде  дүниеге  келген.  Осындай 
ана тілінде жырланған халық мұрасынан ғибрат алып, өмірге өнеге тұтып, білім бұлағынан сусындап, 
сезімге бөленіп, білім-ғылым `леміне құлаш ұрып қалықтайсың. Сондықтан да халқымыз «Өнер алды 
– қызыл тіл» деп бекер айтпаған. 
«Ана  тілінде  сөйлемеген,  ана  тілінде  т`лім-т`рбие  алмаған  халықтың  келешегі  жоқ,  тағдыры 
мүшкіл  болмақ»  деп  көптеген  ғалым  зерттеушілеріміз  тұжырым  жасаған.  Сондай  ғалымдардың  бірі 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
219 
С.М.Исаевтың  пайымдауынша:  «өз  ана  тілін  білмеген,  қадірлемеген  адам  өзін  дүниеге  `келген, 
м`пелеп өсірген анасын да, ел-жұртын да, Отанын да сүйе алмайды, қадірлей алмайды» [1]. 
Ал  ұлы  жазушы  М.Горький  «Тіл  тазалығы  үшін,  мағына  д`лдігі  үшін,  тіл  өткірлігі  үшін  күрес – 
м`дениет құралы үшін күрес» деп айтқан болатын [2]. Сондықтан `рбір м`дениетті адам өз халқының 
тіл қазынасын меңгеруге, тілді өткір құрал, үлкен өнер ретінде пайдаланғаны жөн. 
dсіресе,  музыка  мұғалімі  сөзін,  ойын,  идеясын  оқушыларға  дұрыс  та  анық  жеткізуді  көздейді, 
яғни  негізгі  мақсат  –  ұсынбақ  идеясын  сөз  арқылы  жеткізу.  Сондықтан  сөздің  анықтығы,  құлаққа 
жағымды тиюі – басты талап, негізгі шарт. Бұл талап, `рине, `ншілерге де, актерлерге де қойылады. 
Өйткені `н тек `уеннің `демілігімен ғана емес, жүрекке жылы тиетін сөзімен де қымбат. Енді бұларға 
сол сөзді анық та бұзбай айтатын тамаша дауысы бар `нші қосылса, ол `н немесе ария миллондаған 
адамдардың  жүрегіне  жол  табатыны  сөзсіз.  Мысалы,  атақты  `нші  апамыз  Роза  Бағланованы  сүйіп 
тыңдағандар  тек  сирек  кездесетін  `сем  үніне  ғана  емес,  қазақ  өлеңінің  `рбір  сөзін  анық,  дұрыс 
айтқаны үшін де мейлінше т`нті болатын [3].            
Ендеше көпшілік алдында сөйлей білу – кереметтей өнер. Ал шешендік өнер – шығармашылықта 
ерекше  орын  алады.  Ол  жеке  адамның  шексіз  мүмкіндігін  ашу  қасиетімен  құдіретті.  Көркем  сөз  – 
көркем ой `рбір адамның өз жүрегінен,  көкірегінен тууы тиіс. Сонда ғана сөз – музыка арқылы адам-
ды ынтықтырып құштарландырады.  
Сөз – өнердің қайнар көзі, шешендік өнер. Тарихқа жүгінсек белгілі қазақ шешендері – Қазыбек 
би, Төле би, Аяз би, Бұқар жырау сияқты бабаларымыздың асыл сөздері, кейінгі ұрпаққа қалдырған 
інжу-маржандарының даналығы шешендік өнердің алтын қазығы болып табылады [4].  
«Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, 
Тауып айтқан сөзге шың жетпейді, 
Өзің білмесең, білгендерден үйрен, 
Үйрегеннен ештеңең кетпейді» -  
деген  Төле  бидің  айтқан  сөздері  жас  жеткіншектерді  ерінбей-жалықпай  үйреніп,  үнемі  ізденуге 
шақырады. 
«Шаршы  топта  сөз  бастаудан  қиыны  жоқ»  -  деп  Бұқар  жыраудың  [3]  айтқанындай,  орынды  да 
қисынды,  шынайы  сөйлеу  –  ол  да  бір  өнер.  Ата-бабаларымыз,  данышпан  ақылгөйлер  өте  орынды 
сөздің, дұрыс сөйлей білудің маңызын аса жоғары бағалаған.  Сондықтан да олардың айтқан сөздерін 
оқып, үйреніп, өзіміздің сөздік қорымызға енгізіп, музыка сабағында ж`не мектептен, сыныптан тыс 
жұмыстарда орынды қолдана білгеніміз жөн. 
Шешендік  өнер  музыка  сабағында  ж`не  мектептен,  сыныптан  тыс  жұмыстарда  оқушылардың 
шығармашылығын белсендіре ұйымдастыруға мүмкіндік туғызып, оны арттырудың факторы қызме-
тін атқарады.  
Музыка мен сөз өнерінің көмегімен балаға жеткен идеялар, ойлар, сезімдер оның бойында қызы-
ғушылық  тудырады,  ерік-жігерін  жұмылдырып,  музыкалық  есту  қабілетін  дамытуға  мүмкіндік 
туғызады.  
Музыка  мұғаліміне  қойылатын  негізгі  міндеттерінің  бірі  –  өз  басының  сөйлеу  м`дениетін  ж`не 
шешендік өнерін барлық уақытта жоғарғы деңгейде ұстауы, сол арқылы ғана оқушылардың музыкаға 
деген құштарлығын, қызығушылығын қалыптастырып дамытуға қолайлы жағдайлар жасауы.  
Сабақтағы музыка тындау, талдау, түсіндіру, қорытындылау іс-`рекеттерінің н`тижелілігі – мұға-
лімнің шешендік өнеріне, шеберлігіне, икемділігіне, шығармашылық қасиеттеріне байланысты болып 
табылады. Мұғалім тек белгілі бір шығарманы орындап қана қоймай, ол туындылар жайлы `ңгімелер 
жүргізеді,  пікір  алысады,  музыканың  `сер  ету  күшінің  соншалықты  мүмкіндіктерін  сөз  арқылы 
жеткізуге тырысады. 
Мысалы,  күй  жанрын  талдау  барысында  қобызға  арналған  сан  алуан  күйлердің  авторы,  шебер 
орындаушы,  халық  композиторы  Ықылас  Дүкеновтің  өзінің  аспапта  ойнау  шеберлігімен  тыңдау-
шыларға  ерекше  `сер  ете  білгендігі,  қобызда  жан-жануар,  құстардың  дауысына  еліктеп  `ртүрлі 
дыбыс `уендерін салғаны жайлы `ңгіме жүргізуге болады.  
«...Бір  күні  Ықылас  қобызда  қасқырдың  ұлығанын  орындайды.  dуелі  жалғыз  ішекте  бір  қасқыр-
дың,  одан  кейін  екі  қасқырдың,  ақыр  аяғында  ұлыған  көп  қасқырдың  үнін  келтіреді...  Ықыластың 
ойынын естіген ауыл иттері қобызда орындалған сазды ұлыған қасқырлар үніне санап ауылды айнала 
шауып мазасызданып үре беріпті" [5, 284 б.]. 
Ал Раздықтың "Аңшының зары" күйін тыңдатар алдында төмендегідей `ңгіме жүргізуге болады. 
Раздықтың бұл күйінде ағайынды екі жігіттің ортасында өткен тарихи трагедия баяндалады. Аңшы-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет