Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж.
17
Білім беру ж`не мамандарды қайта даярлықтан өткізу саласында географиялық ақпараттық жүйе-
лерді пайдалану аса маңызды. ГАЖ объектілер мен құбылыстар туралы кез келген деректерді олар-
дың кеңістік орналасуына қатысты негізде жинақтау, сақтау, талдау ж`не картаға түсіруге мүмкіндік
береді. Бұл қазіргі заманғы компьютерлік технология деректер базалары мен оларға қатысты
операцияларды (деректерді көрсету, талдамалық есептеулер жасау, көрнекі түрде карталар жасау
ж`не т.б.) біріктіруді қамтамасыз етеді. ГАЖ үшін қоршаған ортадағы кез келген объектілер мен
құбылыстар зерттеу п`ні бола алады, сонымен қатар `ртүрлі ғылым салаларындағы байқаулар мен
өлшеулердің н`тижесінде алынған деректер де оның зерттеу аясына енеді [5, с. 4].
Қазіргі кезде географиялық зерттеулер мен қолданбалы карталарды жасауда геоақпараттық карто-
графия д`стүрлі карта жасау ж`не карталарды басып шығару `дістерін алмастырып болды.
Жер туралы ғылымдар қазіргі кезде толығымен дерлік геоақпараттық картографиялауға көшті
деуге болады. Қазақстанда жасалған, 3 томнан тұратын, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі тұңғыш
Ұлттық Атластың карталары да осы `діспен құрастырылған. Қазіргі кезде осы `діспен Қазақстанның
тақырыптық карталары, 1:100 000, 1:500 000, 1:1 000 000 масштабындағы топографиялық негіздегі
карталар жасалуда. Бұл Қазақстанда осы саланың даму үстінде екендігін д`лелдейді. Жекелеген
аумақтарға атластар, тақырыптық карталар жасау, ГАЖ құру – бұл географиялық білімнің жүйе-
лілігін көрсетеді. Сондықтан да, білім беруде ж`не ғылыми зерттеулерде ГАЖ-технологияларын
тиімді пайдалану – біздің д`уіріміздегі ақпараттық қоғамның жетістігі ретінде бағаланады.
Зерттеу барысында алынған н`тижелерді, ГАЖ-дың функциялық қызметін жалпы түрде былайша
жүйелеуге болады: «ГАЖ – қоршаған орта мен қоғамның аумақтық ұйымдасуын талдау, үлгілеу,
болжам жасау ж`не басқаруға қатысты ғылыми ж`не қолданбалы міндеттерді тиімді шешу мақса-
тында кеңістіктік деректерді жинақтау, өңдеу, бейнелеу ж`не тарату, деректерді ж`не аумақ туралы
білім қорын жүйелеуді қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен». Бұл анықтама ГАЖ
қасиеттері мен функцияларын неғұрлым толық қамтиды.
Осы аталғандар негізінде географиялық ақпараттық жүйелерді бір жағынан ақпараттық білім-
дердің жүйесі ретінде, екінші жағынан ғылыми зерттеудің құралы түрінде, үшіншіден ГАЖ-индус-
трияның технологиясы мен өнімі ретінде қарастыруға болады. Қорыта келгенде, ғылыми-техникалық
ілгерілеу жағдайында ГАЖ ғылым мен өндірістің кірігуінің өнімі болып табылады.
1 Пролеткин И.В. От ГИС-технологий к ГИС-мировоззрению //ГИС обозрение. – № 3-4 – 2000. – С. 2-4.
2 Шокпарова Д.К. Ландшафтық қарталарды құрастырудағы ГАЖ технологиясын іс жүзінде қолдану.
ҚазҰУ хабаршысы. География сериясы. №1 (36) 2013. 33-40 б.б.
3 ГИС в науке и образовании. URL: loi.sscc.ru/gis/razlgis/ecomm/Education/educ.htm
4 Капралов Е.Г., Кошкарев А.В., Тикунов В.С.и др. Основы геоинформатики: В 2 кн. Кн. 2: Учеб. пособие для
студ. вузов /Под ред. В.С.Тикунова. - М.: Издательский центр «Академия», 2004. – 480 с.
5 Гармиз И.В., Кошкарев А.В., Тикунов В.С., Трофимов А.М. Теоретические и методологические аспекты
развития географических информационных систем // География и природ. ресурсы. – 1991. – № 1. С.3-7.
Достарыңызбен бөлісу: