С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет53/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   587
Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
24 
- басқа адамның ішкі `лемі ж`не оның `рекетінің себептері туралы ұғымдар; 
- рөлдік құрылым мен ұжымдық өзара `рекеттестікті ұйымдастыру туралы білім алынады. 
Бұдан  шығатын  қорытынды,  оқушының  өзіндік  оқу  іс-`рекетіне  қатынасын  қалыптастыру  бары-
сында алынатын негізгі механизм ретінде, рефлексияның тұлғалық аспектісін атауға болады. Оқу іс-
`рекетінің  мазмұнына  қатынас,  рефлексияның  интеллектуалды  аспектісін  дамыту  н`тижесінде,  ал 
оқушының басқа оқушыларға қатынасы – рефлексияның коммуникативті ж`не кооперативті аспекті-
лері н`тижесінде қалыптасады. 
Рефлексия – таным көздерінің бірі болып табылады. Педагог рефлексия жасау арқылы өз `рекетін 
түсінуге  ж`не  оның  тиімді,  тиімсіздігін  бағалап,  ары  қарай  к`сіби  шыңдалудың  бағытын  анықтауға 
мүмкіндік алады.   
Д.Ахметова  мен  Л.Гурье  бойынша,  рефлексия  оқытушының  педагогикалық  `рекетінің  табысты-
лығы мен тиімділігіне өзіндік диагностика жасау технологиясы, белгілі бір педагогикалық құбылыс 
пен өмірлік жағдаятты оңтайлы сезіну құралы болып табылады. 
Ғалымдар педагогтың өз іс-`рекеттеріне рефлексия жасауының негізгі шарттарын: 
- педагогтың өз жұмысын ынтамен істеуі; 
- өзінің ішкі ойын «қоса білуі»; 
- өз іс-`рекеттерін талдауға психологиялық даярлығы; 
- педагогикалық іс-`рекетінің н`тижелеріне жауапкершіліктің болуы; 
- к`сіби шебер болуға ұмтылуы; 
- ішкі `лемінің (қырағылық, қарапайымдылық, т.б.) белгілі бір деңгейде дамуы; 
-  сырттан  алынған  вербальды  ж`не  вербальды  емес  ақпараттарды  білуі  ж`не  м`нін  түсінуі,–деп  
жіктеген [4]. 
Сондықтан  да  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдері  оқушылардың  оқу  рефлексиясын  дамыту 
жұмыстарын  жүйелі  жүргізу  үшін,  өз  іс-`рекеттеріне  рефлексия  жасай  алудың  мазмұнын  меңгеруі 
керек. Яғни, өзінің өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі белсендендіру,  
өзін-өзі  ұйымдастыру,  өзін-өзі  бағалау  сынды  педагогикалық  іс-`рекеттеріне  талдау  жасай  отырып, 
жүзеге асыруы қажет. 
Сонымен  қатар,  ғалымдар  (Д.  Ахметова  мен  Л.  Гурье)  педагогтың  оқу  үдерісіндегі  рефлексия 
кезеңдерін алгоритм түрінде төмендегіше топтаған: 
1.  Педагогтың  санасына  жағдаятты,  аудиторияның,  жекеленген  адамдардың,  педагогикалық  үде-
ріске немесе коммуникацияға қатынасушылардың реакциясын бағалауға мүмкіндік беретін минуттық 
«тоқта» белгісі. 
2.  «Мен  не  істеп  жатырмын?,  Осы  с`тте  не  болып  жатыр?  Қалай  істеу  керек?»  деген  ойлардың 
жұмысын «іске қосу». 
3.  Өзінің  зияттылық,  эмоциялық  жағдайына  ж`не  қарым-қатынас  бойынша  серіктестерінің 
жағдайына баға беру. 
4. Инсайт (аяқ астынан шешім қабылдау, «қалай екенін...білемін, `зірше білмеймін, бірақ ойланып 
тұрмын...» деген сияқты күтпеген шығармашылық ойлардың туындауы). 
5. Шешім қабылдау (педагогикалық үдерісте - сөйлеу м`нері мен қарқынының, пікір сипатының, 
жұмыс формасының, жүріс-тұрыстың, бет `лпетінің өзгеруі). 
6. Педагогикалық импровизация [4]. 
Ал, А.В. Хуторскийдің пікірінше, педагог оқушылардың сабақтағы рефлексиясын ұйымдастыруда 
келесі қадамдарды қамтуы қажет: 
1.  П`ндік  (рефлексивтіге  дейін)  іс-`рекетті  тоқтату.  Оқу  п`ні  бойынша  орындалатын  іс-`рекет 
аяқталуы немесе тоқтатылуы қажет. 
2.  Орындалған  `рекеттердің  бірізділігін  қалпына  келтіру.  Оқушының  орындаған  `рекеті,  оның 
ойынша маңызды орындалған `рекеті ауызша немесе жазбаша түрде сипатталады. 
3.  dрекеттердің  тиімділігі,  н`тижелілігі,  қойылған  міндеттерге  с`йкестілігі  тұрғысында,  олардың 
құрастырылған бірізділігін мағыналау. 
4.  Рефлексияның  н`тижелерін  айқындау  ж`не  құрастыру.  Мұндай  н`тижелердің  бірнеше  түрі 
ажыратылуы мүмкін: 
- жалпы күй – эмоционалды сезіну, психологиялық көңіл-күй; 
- іс-`рекеттің п`ндік н`тижесі – идеялар, болжамдар, заңдылықтар, сұрақтарға жауаптар ж`не т.б. 
- іс-`рекет барысында қолданылған немесе құрылған т`сілдер; 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет